Д.Досжанның «Ақ орда» романындағы Елбасы бейнесі
Айтбаева Айман Ералықызы
ф.ғ.к., доцент
Алдашева Арайлым
К-14-1 оқу тобы студенті
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда
қаласы
Д.Досжанның
2005 жылы «Ел орда» баспасынан жарық көрген«Ақ орда» романы -
тарихи оқиғалар мен бүгінгі күн шындықтары тиянақты суреттелген
тың туындысы. Әрине, он бес жыл бұрын жарық көрсе
де мойындауға тиіс бір шындық бар. Жазушының тарихымызды
зерделеудегі білімділігі, білгірлігі. Кітаптың кіріспесінде жазушы
романның жазылу тарихындағы басты бағыт-бағдарды
былайша баяндайды: «Жошы ұрпағы Әбусағид билеген Еділ
бойындағы бұлғар, он сан ноғай, башқұрт,
қазақ ұлысының басын құраған
қазақ халқы өз алдына дербес хандық болып
хижраның 870 жылы, григориан календарының жыл санауынша 1465 жылы бөлініп шықты. Әз
Жәнібек пен немере інісі Керей Шу бойында, Қозыбаста
қазақтың жеке хандығы – Ақ орданың
шаңырағын көтерді. Бұл баяғы көне
Қаратау құйымшағына орын тепкен, Сығанақ
қаласын астана етіп,көк байрағын көтерген Бату
тұқымдарының Көк ордасы,я болмаса жайқала
аққан Еділ бойына орнығып, он сан ноғай мен
бұлғын терісін жамылғанорыспен іргелес Алтын орда ұлысы
да емес. Жошы әулетінен, тарих қарашаңырағынан
қоймай жүріп өз еншісін алған –
қазақтың төл мемлекеті –Ақ ордасы болатын. Биыл
қазақтың төлтума мемлекеттігіне 540 жыл толып отыр. Со
заманда дүркін-дүркін шайқалып, арада бірнеше ғасыр
бостандығы үзіліп, бастан тайған тәуелсіздік
қазаққа бес жарым ғасырдан кейін ғана, 1991 жылы
бұйырды.Өз қолы өзіне жетіп,
бүкілхалықтық референдум арқылы қазақ
халқы тұңғыш Президентін сайлап алды. Әдетте жеке
тұлғаның төңірегінде өрбісе-дағы
тұтас елдің тағдырын қозғайтын кезеңді,
жұлынды оқиғалар болады. Мысалға, шығыстағы
Қытай, терістік бағыттағы Ресеймен шекараны шегелеу
қиындығы, мұны бізден осыдан жүз, екі жүз жыл
өтсе де Назарбаев еңбегі екенін мойындаймыз. Ақ орданың
екінші мәрте дүниеге келуі, тарих аренасына қайта
шығуы, қазақ мемлекеттігінің ірге бекітуінің бас
иесі - Н.Назарбаев. Бас кейіпкер –
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ендеше бас кейіпкер
таңдаудан жаңылған жоқпыз»[1.,7]. Екінші рет
бұйырған тәуелсіздік оқиғаларын жеке
тұлғаның төңірегіне жинап әкеп, ел
тағдырын қозғайтын оқиғалар шоғырын бас
кейіпкердің ой ағыны арқылы өрбітеді. Роман фабуласы
тәуелсіздік алғалы бергі ел өміріндегі айтулы
оқиғалар легі, бас кейіпкердің мінезі, жан толғанысы,
ұлы уайымы және қосалқы кейіпкерлер өміріндегі
өзгерістер мен
қым-қуыт тай-таластардан тұрады.Шығарма
оқи келе қарымды қаламгердің сәуегейлігі деп те
айтуға болатын сияқты, бүгінде бүкіл түркі
жұрты болып қазақ хандығының 550
жылдығының зор көлемде тойланатындығын ұлы дала
ұланы сезгендей.
Роман прологында
автор: «Халық санасындағы таза қазақ
мемлекеттігінің бастау
бұлағында тұрған Ақ орданың атын
дүркін-дүркін еске алып, жүректің төріне
шығарып, келешекте 550 жылдығын, я болмаса 600 жылдығын атап
өтетін күнге де жетерміз! Біз жетпесек
ұрпағымызжетеді,иншалла!. Ұлтымыздың тарих
көрпесін жамылып жатқан кезеңді оқиғаларын атап
өту дәстүрін қайталамасақ та осынау
қазақ хандығы – Ақ орданың жеке дара
бөлініп шығу мерзімін алдағы уақытта ел-елдің
санасына мықтап сіңіре бергеніміз мәлім»[1.,8]. Осылайша ұлтым-ай деп
ұлтының рухын рухтаған, тарихын
ұлықтаған
ұлынан халқы айналмай ма?! Әсілі, кім-кімге таныс,
көз алдыңда, қоян-қолтық өтіп жатқан
кесекті оқиғаларды көркем шығарманың
арқауына айналдырып, кең ауқымда баяндап бірбүтін,
түрлі-түрлі тіршілік нысандарын тығыз тұтастықта
өрбітіп, негізгі түп тұғырға, айқын
нысанаға бойлататын айшықты туындыға қол жеткізу
қаламгер атаулыға тіпті де оңай болмаған. Бұл
зерделі зейіннің, азабы да, аңсары да мол тиянақты
еңбек пен түбегейлі ізденістердің табиғатынан туындаса
керек.
Елдігіміздің
еңсесінің көтерілуі, оның Тәуелсіздік
алғаннан бергі уақыттағы беделінің
халықаралық деңгейден танылуы баспасөз арқылы
баршаға таныс. Әйтсе де, жеке тұлғаның оның
ішінде Елбасының өзіне тән қасиеттерімен дараланатын
тұстарын осындай күрделі туынды арқылы көрсету
оңайға түсе қоймасы да аян. Оның
қаншалықты шындыққа жақын келетін тұстарын
іздейтініміз және бар. Қарымды қаламгер Д.Досжан
оқырман көкейінде қонатын осындай сауалдарға жауап
іздеп, оны қалт жібермегенін байқауға болады.
Бас
қаһарманның жүргізген сарабдал саясаты мен жанға
тыным бермеген жаңа үрдістердің, батыл шешімдердің
жүргізіліп жатқандығын, тиянақты орнығуын автор мол деректермен,
жүйе-жүйесімен баяндайды. Дәуіріміздің кемеңгер
жазушысы Ә.Кекілбай сөзімен айтар болсақ: «Біз осынау
кезеңнің оқиғаларына өз көзімізбен
куә болып, ыстық-суығын бірге көріп келе жатқан
замандас ретінде ... тұңғыш Елбасымыздың
сан-қырлы таланты мен сан-салалы қызметінің тек бір саласына
ғана – Тәуелсіздік алуымыз бен оны сақтап
қалуымызға сіңіріп келе жатқан ересен еңбегіне
ғана тоқталып отырмыз. Соның өзі-ақ соры ашылса,
енді ашыла ма деп отырған қазақ халқының керек
кезде туған кемел азаматының біздің замандастарымыз бен
келешек ұрпақтарымыз үшін орны айрықша қадірін
айқындап бере алғандай»[2.,3]. Филология ғылымдарының
кандидаты Нұрдәулет Ақыш: «Қалың
бұқара қауым қашанда өзінің көсемдері
мен елді алға сүйрейтін тұлғаларына сүйеніп,
сүйсініп отырған. Еліміздің өз бетінше дербестік алуына
орай азаттық рухы бұл мәселеде өзінің қуатты сипатын көрсете білді.
Соның нақты көрінісі –Азия картасында жаңадан пайда
болған жас мемлекет Қазақстан Республикасының
алғашқы Президенті Н.Назарбаевтың әдеби шығарма
кейіпкерінеайнала бастауы. Мұның өзі бостандыққа
ұмтылған елдің қоғамдық жалпы көңіл
күйімен астасып, жаңаша ойлаудың әсерінен туындап отыр
деп білгеніміз абзал. Іс жүзінде 1989 жылдан бастап ҚР біріншісі
басшысы болып сайланған жиырма жыл уақыт ішінде өзінің
қандай деңгейдегі басшы екендігін тек өз елінде ғана
емес, сыртқы жұрттарға, халықаралық қауымдастыққа
жан-жақты таныта білгені мәлім.Әрбір мемлекеттің
азаматы өз елбасы жайында толық мағлұмат алуға
құқылы екендігін және көптеген кісілер үшін
мұның қажеттілік екендігін сезіне білу дәуір
талабы.Уақыт өткен сайын Н.Назарбаев бейнесі жаңа фактілермен,
тартымды штрихтармен толыға бермек. Бұл тақырыптағы
шығармалардың ең көлемдісі –танымал жазушы
Д.Досжанның төрт бөлімнен тұратын «Ақ орда» атты
романы. Елбасы бейнесі анығырақ көрінген
шығармалардың бірі ретінде
атауға әбден болады»[3.,124].
«Қазақстанның
қадамы күрт өзгергенінің себебі- Қазақстан
адамының өзгергендігінде. Ұлт жолына басымды бәйгеге
тіккен адаммын»,-деп ағынан жарыла сөйлеген Н. Әбішұлы өз отанын,
ұлтын сүйген қайраткер тұлға.
Романда өз отанын шын
сүйген патриоттар ғана тегеурінді әрекеттер жасай алатынын,
ел дертіне ем іздеген емшідей жанкешті тірліктер жасау жолындағы
қарекеттері, өмір шындығы көркемдік шындықпен
астасып, қуат беретінін аңғартады. Президенттің ел басқару ісін кемелдікпен
жүргізе білетін тұрпатты да тұлғалы
әрекеттерін,табандылығын, шығармашылықпен толғай
алатын қабілет-қарымын,
мәмлегершілдігін романның өн бойында көріп,
еріксіз таңқаласыз.Романның басты-басты оқиғалары
«Атлантиданы іздеу», «Реформа», «Астана архитекторы» деген бөлімдерде
жүйелі әңгіме арқауына айналған.
«Ары,намысы
туған топырағы үшін жанын садақа ететін текті халыққа, өз басымды
ұлым деп ,Президентіміз деп төбесіне көтерген
халыққа,арғы-бергідегі алаш азаматтарының
бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты -
төтелеп айтса,Тәуелсіз мемлекет құрудың
басы-қасында болу бақытын бұйыртқан ел-жұртыма
басым жерге жеткенше қызмет етуден артық ештеменің
қажеті жоқ»(1.,317-бет),-дейді кейіпкеріміз.Өзі айтып
отырған қиын жолда
бойындағы барша қажыр-қайратын, білім-білігін аямай
жұмысауға бар.Бұл тәуекелдің дүдәмал
сөзі емес,шынның жүзіне тура қарап айтылған
жүрек тебіренісі!. Романның кең айдын,тың
биіктерге батыл қадам
басып,ұлы сеніммен
өркениет жолымен ілгерілеп,кемел игіліктерді еңсеріп бара
жатқан қаһарман халқымыздың ересен ерлігі
бейнеленетін беттерінде осы пафос серпіні тіпті өткірлене
түсіп,патриоттық рухтың жебеушісіндей желпіндіріп отырады.
Бұл сипат «Білім, ғылым
моделі» желі тартқан тақырып аясында жеткілікті
қозғалып, жүрекке
жететін,адам,қоғам қатынастарын
қозғалысқа түсіретін шынайы ізденістермен екшеленген. Тәуелсіз Қазақстанның рухани-саяси
өмірін, отаншыл сана мен оған қарсы келетін кеселді
күштердің тартысын «Ақ орда» романы арқылы
кең көлемде сергектікпен, басқа қаламдас
жазушылардан озып суреттей алды.
Көркем
шығармада Елбасының өзіне тән болмыс-бітімін,
қарым-қарекетін, ел үшін жасаған ерен еңбектерін
асыра сілтемей, проза жанрының өзіне тән қасиеттері
негізінде шынайы суреттейді. Оның тәуелсіздік алғаннан
кейінгі алғашқы жылдары ақылмен, салмақты
салиқалы ойлармен ел экономикасы, мәдениеті, саяси өмірі
үшін жасаған реформаларын жазушының көркемдік
тәсіл арқылы беруі кез-келген оқырманын таңқалдырмай
қоймайды. Өз халқының жарқын болашағы мен
кемел келешегі үшін жарғақ құлағы
жастыққа тимей, күн күлкіден, түн
ұйқыдан айырылып сан ойлардыңжетегімен талай істі
орындаған, алпауыт елдердің басшыларымен кездесіп, олардың орайынан
шығып, саясат алаңында олардың алдын орап жарқын
істердің мұрындығы бола білген Елбасын жазушы жан-жақты
көрсете білген.
Романның
эпилогында Тәуелсіздік инаугуарациясында Мұхтар
Құлмұхамедтің ұсынысымен Семейден 100
жастағы ақсақал Шәкір Әбенов арнайы келіп,
Атырауда алдынан шығып, ағып сөйлейтін Тұманбай
қарт көпшілік көзінше алақан жайып бата бергені
сөз етіледі. «Қазақта былайғы кезде оншалық елене
бермейтін, мағынасы үш мың жылдан бері өзгермей келе
жатқан екі сөз бар:бірі-үлкен, бірі-биік. Үлкен жолда
табаның таймасын.Халқыңның үлкені бол! Тұғырың биіктен
табылсын, жұртыңды биікке
шығар...»[1.,517].Елбасымыз сыртқа шықса бүтін ел
болуды, елге келгенде кісі болуды жадында ұстады. Қорыта келгенде,Елбасымыз ҚР тұңғыш
президенті туралы тұңғыш көлемді
көркем туындының жазылып, жарық көруі тіптен де кездейсоқ құбылыс емес. Бұл
– парасатты ойдың, тер төккен ізденістің нәтижесінде
сәтімен дүниеге келген көркем шығарма деп
айтуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Досжан Д. Ақ орда. –Астана:
Елорда,2005.-524бет
2.Ақыш Н. Д.Досжан
шығармашылығы жайлы. ХХ ғасырдағы қазақ
әдебиеті. 2001-2011.-640б
4.Қаупынбайұлы Т.
Өмір оты өшпейді.
Д.Досжанның «Ақ орда» романы туралы ой. Ана тілі газеті, 27 шілде,
2006