Әл
– Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық
құқық және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының доценті
з.ғ.к. Мукалдиева Г.Б.
2-
курс магистранты Сұлтанов Руслан
Кәсіпкерлік құқықтың ерекшеліктері
анықтаудың құқықтық
мәселелері
Қазіргі
таңда, қазақстанның нарықтық
экономикадасында кәсіпкерлік құқық негізгі
құқық салаларының бірі. Алайда
құқықтық жүйеде кәсіпкерлік
құқықтың орнын анықтау, ғалым –
заңгерлер үшін әрқашан даулы мәселе болып отыр.
Жалпы, осы
мәселені шешуде, кәсіпкерлік құқықтың
құқық жүйесіндегі орнын анықтауда үш
негізгі қөзқарас пайда болғанын атап өткен
жөн. Олар: азаматтық құқықтың бір
бөлімі, кешенді құқық саласы, жеке
құқық саласы.
Басты даулар шаруашылық
құқық пен цивилистикалық
құқық ғалым өкілдерінің арасында орын алып отыр. Бірінші
көзқарас бойынша, шаруашылық қызметті реттейтін
шаруашылық құқық қатынастарының
жиынтығы (жеке және заңды тұлғалар
арасындағы тең құқықты қатынастар)
және осы қызметті басқару мәселлеріне
қатыстықатынастарда қамтылады. Цивилистикалық
бағытты жақтайтындардың көзқарастарына
сәйкес, шаруашылық қатынастар бір ғана жеке құқық
саласымен емес, әртүрлі құқық салаларымен
реттеледі (азаматтық, әкімшілік, қаржылық және
т.б) атап көрсетеді.
Кәсіпкерлік
құқық жеке құқық саласына
бөлінуі мүмкін емес деген көзқарас неғұрлым
дәйекті болып келеді. Е.А.Сухановтың еңбектерінде: «...жеке құқықтық
және жария
құқықтық қатынастарды қамтитын
кәсіпкерлік құқық арнайы жеке
құқық саласы болып танылмайды, сондай – ақ
кәсіпкерлік қызметті құқықтық
реттеуге арналған, кешенді сипатқа ие оқу пәні ретінде
көрсетуге мүмкіндік беретінін айтады»[1] деген пікір біздіңше
құптарлық көзқарас.
Кәсіпкерлік
құқық тұжырымдамасын жақтаушылары
кәсіпкерлік құқық және экономика саласында
заңнама тек жеке немесе жария ғана емес деген пікірді
ұстанады, себебі бұл өмірлік қоғам салалары
өз табиғаты бойынша заңнаманың тек қана жеке
немесе жария түрін қалыптастыру мүмкіндігін болжамайды.
Сонымен қатар,
жеке құқық саласы ретінде тану және оның
құқық, ғылым немесе оқу пәнін ажырату
мәселелері де маңызды болып табылады. Алайда бұл
ғалым-заңгерлердің өздерінің шешімін таппай
жүрген ішкі мәселелері болып саналады. Қоғам үшін
негізгі мәселе кәсіпкерліктің
құқықтық реттеу мәселесі маңызды.
Кәсіпкерлік
құқық тұжырымдамасы көп жылдар бойы
құқықтың кешенді саласы ретінде дамып
қалыптасып келеді («бизнестік құқық»
тұжырымдамасы немесе business law).
Осы тұста
В.К.Райхердің 60 жылдан аса уақыт бұрын жасаған мынадай
тұжырымдамалары өз мағынасын жоғалтпайды:
«...құқықтың кешенді салалары үш
түрлі шартқа сәйкес келуі қажет: 1)
құқықтық нормалар жиынтығы айқын,
ерекше қоғамдық қатынастар реттелетін
құқық пәніне сәйкес келуі керек; 2)
мұндай жиынтықпен реттелетін
қоғамдық қатынастар шеңбері
қоғамдағы ірі өзекті мәселе ретінде маңызды
болуы керек; 3) мұндай жиынтықты қалыптастыратын нормативтік
– құқықтық материал кең көлеммен
қамтылуы керек»[2].
Кейбір нақты
айырмашылықтар болғанымен, құқық саласы
ретінде кәсіпкерлік құқықтың жеке
құқы саласы ретінде қалыптастуы туралы дәйекті
анықтаманы В.К.Мамутов пен В.С.Мартемьяновтың жұмыстарында
көрсетілген.
Осылайша Мартемьянов
«...кәсіпкерлік қатынастарды және олармен тығыз
байланысты өзге де, соның ішінде коммерциялық емес
қатынастарды, сондай – ақ мемлекеттің және
қоғамның мүдделерін қамтамасыз ету
мақсатында туындайтын қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттейтін құқық
нормаларының жиынтығын»[3] құрайтын
құқық,
кәсіпкерлік құқықты
құқықтың саласы ретінде көрсетеді.
Кәсіпкерлік
қызметті құқықтық реттеудің
қарастырылған бөлігінде В.К.Мамутовтың
кәсіпкерлік құқықтық қатынастарды тек
азаматтық-құықтықпен реттеу жеткіліктігі емес
екендігі туралы ойымен келісуге
болмайды.
Сонымен қатар
біздің кейбір цивилисттеріміздің түсініктері шынайы
жағдайға үйлеспейтіндін атап өткен жөн, себебі
олар «... «нарықтық экономикада» азаматтық кодекс болса
ғана жеткілікті» дейді және бұны жеке нарықтық
нормалар жай тауарлық өнімнің қажеттіліктеріне
ғана жауап береді деген тұжырыммен түсіндіреді[4].
«Нарықтық
экономика» - жан-жақты құбылыс, бірақ кәсіпкерлік
қызметтің жүзеге асу үрдісінде қалыптасатын
қарым-қатынастың әртүрлі салалары бойынша
араластыруға болмайды.
Кәсіпкерлік-құқықтық, шаруашылық
құқықтық және
азаматтық-құқықтық қатынастар –
тең құқықты субъектілер арасында теңдей
қалыптасатын негізгі, экономикалық қатынастардың
мәнін, әкімшілік басмқару қатынастармен
теңестіруге және араластыруға болмайды.
Кәсіпкерлік
заңнаманың үйлесімі
жеке-құқықтық және
жариялы-құқықтық мүдделердің
өзара әрекеті мен байланысында көрініс табады. Қазіргі
таңда заңнаманың қандай да бір саласын тек жеке
құқыққа немесе тек жариялы
құқыққа жатқызу өте қиын екенін атап өткен жөн.
Жеке-құқықтық және
жариялы-құқықтық реттеу салаларының
жақындасуы көбінесе кәсіпкерлік салада туындайтын даулы
мәселелерді жариялы-құқықтық
құралдардын пайдалана отырып, шешу барысында сот
рөлінің айтарлықтай өсуіне белсенділік байқалады.
Кәсіпкерлік
құқықты азаматтық
құқықтың бір саласы ретінде қарастыру
тұжырымдамасын ұстанған И.В.Амирханова «жалпы
азаматтық, шаруашылық және кәсіпкерлік айналымның
әрекеттесу анықтамасын «тек – түр – түрше» формуласында
қарастыруға болады»[5] деп атап көрсетті.
«...
«Кәсіпкерлік құқық» пәнін оқыту
кезінде ол арнайы оқыту пәні ретінде кешенді сала ретінде
зерттеледі. Яғни, оқыту курсы шеңберінде басқа
пәндермен қамтылмаған кәсіпкерліктің
құқықтық тәртібін кешенді зерттеу
жүргізіледі»[5] деген И.В.Амирханованың ұстанымымен біз
келісеміз.
«...Кәсіпкерлік
қызмет аясындағы қоғамдық қатынастар,
онымен тығыз байланысты коммерциялық емес қатынастар, сондай
– ақ шаруашылық қызметті реттейтін
құқық нормаларының жиынтығы болып
табылады»[7] деп айқындаған
И.В.Дойников та И.В.Амирханованың көзқарасты
ұстанады.
Бұл
мәселелер маңызды және мамандар арасында даулы мәселе
екені сөзсіз. Нарықтық қатынастарды дамытатын
қоғамдық қатнастар жүйесі, саласы, сипаты бойынша
маңызды болғандықтан, бұл мәселлерді зерттеу
өз өзектілігін жоймайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Гражданское право: Учебник / Под ред. Е.А.Суханова. Т. 1. М.,1998. С.19
2. Райхер В.К. Общественно-исторические типы страхования. М., 1947. С. 189-190
3. Мартемьянов В.С. Хозяйственное право: Учебник. Т.1. М., 1994. С. 1
4. Мамутов В.К Сближение современных систем правового регулирования
хозяйственной деятельности// Государство и
право. 1990. №1. С. 23.
5. Амирханова И.В., Романкова В.А. Правовое обеспечение индивидуального
предпринимательства: проблемы теории и парктики. Алматы,2003. С. 8.
6. Дойников И.В. Предпринимательское (хозяйственное) право. М., 1997. С. 17.