Право /13.Международное право

м.ю.н. Курманбаева Д.П., м.ю.н. Мусаева А.Я. магистрант Бейсбаев А.М.

Таразский государственный университет имени М.Х.Дулати, Казахстан, город Тараз

ТМД мемлекеттерінің әскери саладағы ынтымақтастығы

 

КСРО ыдырағаннан кейін және социалистік лагерь жойылғаннан кейін “қырғи-қабақ соғысы” кезіндегі геостратегиялық тепе-теңдік бұзылды. Бұрынғы қауіпсіздік жүйесі қирады. XXІ ғасырдағы Еуразиялық қауіпсіздік үлгісін құрудағы жаңа жүйесі мен механизмі айналасында қызу тартыстар болды. Бізге мәлім, жалпы евразиялық қауіпсіздік жүйесін АҚШ, Ресей және ТМД кейбір мемлекеттерінің мүдделерін ескермей құру мүмкін емес. Батыста әскери өндірістік саласындағы мемлекетаралық қатынас жылдан жылға күшеюде. Қазіргі таңда НАТО-ның ішінде мынадай пікір бар, тіпті АҚШ өзінің дамыған экономикасы және әскери рынок потенциалына қарамастан өзі жалғыз қару-жарақ және техника өндірісін толықтай өндіре алатын тәуелсіз әскери өндірісті қамтамасыз етуге жағдайы жоқ. Ресейдің әскери өндірісті интернационализацияланған ағымда өз мүддесін қолдану шектелген, әсіресе Варшава Келісім Ұйымы, КСРО-ң ыдырауы, ТМД мемлекеттерінің қорғаныс өндірістерімен арадағы кооперациялық қатынас үзіліп, әлсіреген кезде тіпті жоққа шақ. Кеңес Одағының қорғаныс өндірісінің 80 пайызы осы Ресейде қалғанымен, және қару жарақ, әскери техниканың негізгі жинақтау жұмысы соның территориясында жасалынса да Ресей Федерациясы қазіргі таңда толықтай өзі жалғыз қару жарақтың 18-20 пайызын ғана шығара алады. Бірақ әлі күнге дейін ТМД мемлекеттері арасында кеңестік қорғаныс кешенінің бөлшектенуінің теріс салдарын жұмсартудағы қандай да бір шаралар нәтижесіздеу болуда. Ресей, Украина және ТМД-ң кейбір мемлекеттерімен кооперациялық байланыс орнатылған. 1996 жылы Молдавияның әскери өнім шығаратын өнеркәсібіне Ресей тапсырыс берді. Осы кезде ТМД-ғы әскери-экономикалық интеграцияға кедергі жасау үшін сыртқы талпыныстар күшеюде. Осындай ниетпен 1996 жылы жазда АҚШ әкімшілігі Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Түркмения, Өзбекстандағы Американың қару-жарақ және әскери техниканы жеткізуге деген эмбаргоны алып тастайды. Түркия мен Әзірбайжан арасындағы әскери одақтың құрылуы Ресейді алаңдатпай қоймайды, бұл тек одақ қана емес сонымен қатар бірлескен әскери өндірістікті қарастырады. Кеңес Одағының әскери-экономикалық және әскери-техникалық потенциалының бөлігі осы Әзірбайжан территориясында қалған, енді кейбір жағдайларда Ресейге қарсы қолданылуы мүмкін. Ал Түркия мен Әзірбайжан арасындағы осы келісім Ресеймен арасындағы әскери-экономикалық ынтымақтастық мүмкіншілігін шектеп жіберді. Қазіргі таңда ТМД-ғы интеграция екі бағытта дамуда: Достастықтың барлық мемлекеттерінің көлемінде Штабтың қолдауымен ТМД мемлекеттерінің әскери координациясы бойынша (ШКВС) және біраз тар құрамдағы – Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойған мемлекеттері арасында. Дүниежүзілік саяси картада жаңа мемлекеттердің пайда болуы және Достастық негізінде бірігуі, олардың тәуелсіздігін жеткілікті түрде қорғай алмады. Жаңа ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға деген қажеттілік туды. Бүкіл ТМД аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күрделі де қиын әрі ұзақ ізденістер басталды, ондай жүйе Достатық мүшелерінің бір-біріне күш қолданбауын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге дербес мемлекеттілігі әлі қалыптасып үлгермеген елдерді сыртқы агрессиялық қатерден де сақтандыратын превентивті шара. Достастықтың алғашқы қалыптасу кезеңінде бұрынғы республикалардың бір-біріне деген өзара талаптарынан және мемлекетаралық қатынастардың реттелмегендігінен ішкі қақтығыстардың бетін алу мәселе болса, қазір бүкіл ТМД кеңістігінде жағдайды ушықтыруды көздеген сыртқы қателерге ұжымдасқан түрде қарсы тұру мәселесі шұғыл алға шығып отыр. Бұл әсіресе ТМД Оңтүстік аймағына тікелей қатысты, оған шырқы бұзылған геосаяси ошақтардан, мәселен, Ауғанстан немес діни экстримизмнің агрессивті топтарынан ұдайы қысым көрсетілуде. Ауғанстандағы күрделі әрі түбі не болары белгісіз беймәлім жағдайларды ескерсек әр түрлі топтардың билікке таласы әлі жалғасып тұрғанда, енді ешқандай жаңа қатер болмайды деп кепілдік беру қиын. Байқалып отырған және ықтимал қақтығыстарды шектеп, тұйықтау жолындағы бірінші нақты ұйымдық қадам 1992 жылдың 15 мамырында жасалды. Ташкентте Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қол қойған ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт (ҰҚК) дүниге келді. Осылайша 1992 жылы 15 мамырда ТМД мемлекеттері ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойды. Келісімнің қатысушылары бірінші бап бойынша мемлекетаралық қатынастарда қауіп және күш қолданудан өздерін алшақ ұстайтындықтары туралы міндетті мақұлдады. Олар өз араларындағы және басқа мемлекеттермен арадағы келіспеушіліктерді тек бейбіт жолмен шешуді міндеттенді. Мүше-мемлекеттер басқа мүше-мемлекеттерге бағытталған қандай да бір әскери одаққа және мемлекетаралық топтарда қатыспайтын болды. Ал келісімнің төртінші бабы бойынша “Егер де мүше мемлекеттердің біреуі қандай да бір мемлекеттер тарапынан агрессияға ұшыраса, бұл осы келісімнің барлық мүше-мемлекеттеріне жасалған агрессия ретінде қарастырылады.” Ең алдымен тұрақтылық болмасы экономикалық реформаларды жемісті түрде жүзеге асуы екі талай. Қазақстан қол жеткізілген уағдаластықтарды бұлжытпай іске асыруды жақтай отырып, ТМД-ға қатысушы елдердің интеграциясын тереңдету бағытын дәйекті түрде жүргізіп келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.А. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003.

2.Назарбаева Д.Н. Взаимодействие стран – членов СНГ и проблемы интеграции. Алматы, 1998.

3.Назарбаева Д.Н. Содружесво Евразия. Москва, 2003