Иманова П.Ж., Машабаев А.Ж.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан
Әйелдер қылмыстылығының себептері мен шарттары
Әйелдер қылмыстылығы дегеніміз белгілі
бір уақыт аралығында, белгілі бір ортада әйелдердің
жеке өздері, өзара топ құрып, топқа қатысуы
арқылы істеген барлық қылмыстардың жиынтығы. Ал
қылмыс жиынтығынан оның өсімін, ұйымдасуын (топ түрінде
ме жеке ме), қоғамға қауіптілігін, оның кім
жасағанын, жасау себебін, жағдайын, әсер ету факторын анықтауға
болады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодекстің 9б. 2. анықталғандай, "осы Кодексте айыппұл салу,
түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас
бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау
қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға
қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік)
қылмыс деп танылады. Осы әрекеттердің жиынтығы жалпы
құбылыс қылмыстылықты береді. Әйердер істеген
қылмыстың
бірінші белгісі оның қоғамға қауіптілік -
қылмыстың заңмен қорғалған
қоғамдық қарым-қатынасқа төнетін
нақты қауіптілік немесе қылмыстың зиянын тигізетін
объективті ақиқат.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық
процестерге талдау жасау арқылы, біз әйелдердің қылмыс
жасау себептері қазіргі уақытта мынадай жағдайлардан екенін
байқадық: 1) қоғамдық өндіріске
олардың белсенді қатысуы; 2)әлеуметтік бақылаудың
болмауы; 3) адамдардың бір-бірінің арасындағы
қастастық, өмір сүрудің қиындауы; 4)
қоғамға ішінде нашақорлық, жезөкшелік,
қайыршылық жағдайларының күрт өсуі.
Қазір әйелдер саны бұрынғыдан
көп, сондықтан барлық қоғамдық орындарда
жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау,
халыққа білім беру, мәдениет және өнер,
ғылым, сауда, басқару аппараты, мемлекеттік сақтандыру
және басқа да салаларда жұмыскерлер мен
қызметкерлердің тең жартысы әйелдер. Жарты милионнан
көп әйел кәсіпорын, мекеме, ұйымдарға жетекшілік
жасайды (шағын және орта), миллионға жуығы цех,
бөлім және бөлімшені басқарады.
Көптеген әйелдер өте бағалы
материалдармен жұмыс істеуге қолы жетіп отыр. Бүгінгі
таңда көптеген отбасында, әсіресе сауда орындарында
жұмыс істейтін әйелдер күйеуі болса да отбасының
ең негізгі асыраушысы болып есептеледі. Біздің елімізде
өндірістегі ауыр жұмыстың жартысын әйел адамдар
атқарып жүр. Көптеген әйел құрлысшы
кәсібін таңдаған, ол 30 %-ды құрайды.
Қазіргі күнде өндірістің көптеген салаларында
әйел еңбегін пайдалануға тыйым салынатын заң жоқ
болып отыр. Олар еркекпен бірдей жұмыс істейді, жұмыс істеу
уақыты, алатын жалақысы да бірдей. Дегенмен әйел адам
еркектерге қарағанда әлсіз бөлігі
болғандықтан; көптеген әйелдер бұндай
ауыртпалықты көтере де алмайды. Бұл сондай беделді
жұмыс болмағандықтан, оны оңай тастап кете алады
және нәтижесінде ұрлық жасайды. Зерттеулерге
қарағанда әйелдердің көбісі бұрын ауыр,
сондай мәртебесі жоқ жұмыстарда істегендер және
қылмыскер әйелдердің ішінде әрбір бесіншінің
кәсібі, белгілі бір мамандығы болмаған. Өндірісте
әйелдер меншікке қарсы қылмыстарды істеуге өздері
өте қымбат бағаға сатып ала алмайтындықтарынан
барады.
Ауылда тұратын әйелдің жағдайын
алатын болсақ, оның қолмен істейтін ауыр жұмысы
көп, емдеу орындары, тіпті үйінде де ешқандай жағдайы
жоқ. Көптеген ауылдар қалалы жерден өте
қашықта орналасқан. Ауыл әйелдері қалаға
қашып, қала кезбелер санын көбейтеді. Сөйтіп
ұрлықшы, жезөкше санын арттырады.
Ауыр жұмыс әйел табиғатына кері
әсерін тигізіп, оның әйелдік, нәзіктік,
сезімталдыққасиеттерінен айырып дөрекі, бұлшық
еттері шығыңқы, не болса да күшпен жеңгіш, сондай
қатал қылып өзгертеді. Бұл әрі оның
қылмыс жасауына да себеп болады [1, 93].
Біздің көз алдымызда әйел еркекке
айналып бара жатыр. Бұл өзгеріс қоғам үшін,
оның рухани мәдениетіне, адамдар мен қарым-қатынасына
кері әсерін тигізуі мүмкін. Ең жаманы өсіп келе
жатқан ұрпаққа да дұрыс тәрбие берілмейді.
Қазіргі біздің жағдайда әйел жағдайы
түзелмей, одан сайын қиындап бара жатыр өлмеу үшін
күнделікті табыс табу әлеуметтік мақсаттарды орындауда екінші
орында тұрады. Күні бойы кәсіпорындағы жұмыстан
босамау, оның аналық міндеттерін өтемеу үлкен келеңсіздікке
әкеп тіреуі мүмкін. Ол үнемі
шамадан артық жұмыс істейді, үнемі өзінің шаршағандығын
сезінеді, жүйесіне әсер етеді және көп жұмысты
бітіре алмаймын ба деген қорқыныш пайда болады. Осыдан кейбір
әйелдер жұмыстан да, отбасынан да айрылып қоғамға
қарсы істер жасай бастайды. Бәрінен айрылған әйел
қылмысқа ойланбастан барады.
Ата-анасынан еркіндік алған қыз әр
түрлі қоғамға қарсы қылмыстар жасайды,
ұрлайды, тұтынушыларды алдайды, жезөкше де болып кетеді. Егер
әйел күйеуінен тек материалдың көмек алып, рухани
байланыс болмаса, күйеуі бар әйел жезөкшелікке салынып
кетеді. Әйелдердің бұрынғы сотталған адамдар мен
қарым-қатынас жасуы, әсіресе жастардың, қылмыс
жасауына әкеп соғады. Әйел адам тұрмыстың
ауыртпалық үшін көп уайымдайды. Баланы тәрбиелеу, оны
күту, тамақтандыру әйелдің мойнында. Сондықтан ол
өзінің отбасына, әсіресе балаларына қауіп төнетін
болса, оған қатты әсер етеді.
Жастардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайының болмауы, оның сәнді киім киюіне
мүмкіндік бермейді, бұл оны тағы да ұрлық
жасауға, қылмысқа әкеп тірейді. Әйел
жасаған қылмыстың 8-ден 15-ке дейінгі пайызы кәмелеттік
жасқа толмағандардың үлесіне тиеді. 70 пайызына
жуығы топпен жасалған жасөспірім қыздардың
жасаған қылмысын құрайды [2, 11].
Балалардың құқықтарын сақтау
саласындағы халықаралық стандарттар мемлекеттердің
ата-аналарға және осы балаларды тәрбиелеуші адамдарға
осы құқықты жүзеге асыруда көмек
көрсету және қажет болса, әсіресе тамақпен,
киіммен және тұрғын үймен қамтамасыз етуге
қатысты материалдық көмек пен қолдау көрсету
жөнінде қажетті шараларды қабылдау қажеттігі туралы
нормаларды қамтиды. Криминалогиялық зерттеудің нәтижесі
көсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмелетке
толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі
тартуға және басқа да қоғамға қарсы
іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған.
Нәтижесінде жеткішектердің арасында әр түрлі
жұқпалы ауырулар меңдей түскен, бұл әрине
ертенгі болашағымыз үшін аса қауыпты құбылыс.
Кейінгі бес жылдықта адам өлтіру, адам
денесін ауыр жарақаттау, тонау, ұрлық,
қарақшылық қылмыстарымен қатар кәмелеттік
жасқа толмаған қыз балалардың ұйымдасып
қорқытып алу, есірткі бизнесі және басқа да
қылмыстары көбейіп отыр.
Жоғарыда айтқандарымызды қортындылай
келе, әйел қылмыстылығына әсер ететін факторларда былай
жіктеуге болады: әлеуметтік бақылаудың болмауы;
жұмысшылар арасында тәрбиелік жұмыстардың
жүргізілмеуі; адамдардың белгілі бір кәсібі; маманы болмауы;
адамдардың бір-бірінің арасындағы қастастық;
өмір сүрудің қиындауы; нашақорлыққа
салыну және т.б.
Қазақстан
үшін жаңа болып табылатын нарықтық экономиканың
әсерінен пайда болған экономикалық және
әлеуметтік саясаттағы түбегейлі өзгерістер;
қоғам мен оның әлеуметтік топтарының бір ізгілік
құндылықтардан бас тартып, бұрын танылмаған
басқасына өтуі және мүлдем жаңа ізгілік
бағыттарын жасау; жаңа және ескі заңдар арасында
қайшылықтардың туындауы; бір жағынан, заңдар,тәжірибе
және, екінші жағынан, еліміздің жас
ұрпағының, тіпті ең кіші жас топтарындағы
балалардың сұраныстары арасындағы қайшылықтар. Мұның
бәрі, әрине, жас ұрпақтың тәрбиесіне
әсер етті және көпшілігінде бұл жағымды
әсер емес.
Біріншіден,
қоғамның және мемлекеттік органдардың балалар мен
кәмелетке толмағандардың құқығы мен
заңды мүдделерін қорғауға арналған
мемлекеттік саясатпен байланысты міндеттерінің маңыздылығы.
Екіншіден, жасалатын қылмыстың ниеті мен оның
генезисінің ерекшелігі оның өмірімен тәрбиесінен
туындайды (адам болып қалыптасқан кезеңі, интенсивті
әлеуметтік бағыты, ортасы, әлеуметтік функциясының
мазмұны, шектелген қабілеттері т.б.) өзіндік ерекшелігі,
әлеуметтік-топтық және басқа мінезделеді [3, 91].
Үшіншіден, қылмыстық құрылымы мен деңгей
ерекшелігімен, оның себеп-салдары мен динамикасына,
әйелдердің жоғары белсенділігіне байланысты.
Ал
қылмыстық іс-әрекеттің алдын ала профилактикалық
шаралар өткізген, керісінше алғаш рет қылмыс жасалған
әйел адамның жаман жолға түсуіне жол берілмейді. Осының
бәрі әйелдердің қылмысына жан-жақты сараптама
жасауға, оны болдырмауға алдын-ала шаралар жасауға
қажеттілік туындайды, яғни, бұл сараптаманың ерекшелігі
арнайы тұрғыдан қылмыстың басқа түрінен
бөліп зерттеу емес, оның ерекшеліктерін айқындай білуде. Сондықтан
да криминологтардың әйелдердің қылмысы туралы алатын
орны, жастар мен ересек адамдардың қатынасы (оның жас
ерекшелігі, ересек қылмыскердің жастарға тигізетін
әсері) бәрі қамтылуы тиіс.
Қылмысты ашуда алдымен оның нақты
жағдайын білу керек қылмыстың таралуы, уақытпен
оның өзгеріп отыратындығы. Қылмыстылық статистика
бұл жағдайда маңызды ақпарат көздері болады,
яғни ақпарат көздері арқылы қарастырып отырған
қылмыстылықты салыстыру, сәйкестендіруге болады. Алдымен
қылмыстылықты тану және оны бағалау керек, осыдан барып
оның салдарына талдау жасалады, яғни қылмыс
құрбаны қанша, келтірілген зиян көлемі, белгілі бір
тұрғындардың бетімен кетуі (есірткінің таралуы,
жезөкшелік, бетімен кетушілік, бұл жағдайлар көбінесе
қылмыскер отбасынан шығып жатады), Қылмыстылықпен
күрестің төмендеуі т.б .
Әйелдердің жасаған қылмысы ер
адамдар жасаған қылмыстын өзінің кең
көлемділігімен, қылмыс түрлерімен, оның
нәтижесіндегі салдарымен және өзіндік тәсілімен
ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер әйел адамдардың
әлеуметтік қызметі, биологиялық, психологиялық
өзгешелігіне байланысты.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Зайналова Е. Женская
преступность // Мысль. - 2007. - №12. - С. 91-114.
2. Габиани
А.А. Преступность среди женщин. Тбилиси, 1986. -156с.
3.
Аванесов Г.А. Криминология, прогнозирование. -Горький, 1975. – 323с.