Право/7.Экологическое, земельное и аграрное право
з.ғ.м.
Мұсаева А.Я., з.ғ.м. Құрманбаева Д.П.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Қазақстан
Дипломатиялық
корпустың құрамы және
құқықтық табиғаты
Тәуелсiздiктiң он жылы Қазақстан Республикасының жеке мемлекет ретiнде құрылуында жеке тарихи мәнге ие болды. Тәуелсiз Қазақстанның сыртқы саясаты тұрактану деңгейiнен сәттi өтiп, ұлттық қауiпсiздiк пен қазақстандық мемлекеттiктiң тұрақтануын қамтамасыз етуде зор әсерiн тигiздi. Соның нәтижесiнде әлемдiк қауымдастыққа қосылу, елдiк iшкi өрлеуiне сырттай жағдай жасау, жоғарғы бiлiктiлiкке ие дипломат кадрларды дайындау сияқты мәселелер шешiлдi. Қазiргi кезде Қазақстан қиын геоолитикалық мүмкiндiктерiн сезiнетiн, өз еркiндiгiмен және бейбiтшiл сыртқы саясат бағытымен әлемге мәлiм.
Қазақстан Республикасы ядролық
қарудан бас тарту, Евразиялық Одақты құру,
ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылу, Азия
елiнде өзара қарым-қатынаста болып, сенiм бiлдiру
мәжiлiсiн шақыру сияқты мәселелердi ту ретiнде
ұстағандықтан, оның беделi халықаралық
деңгейде арта түстi. Мерейтойларды атап ату қарсаңында
аңықталғаны әлемдiк қауымдастық
Қазақстан Республикасына саяси көзi ашық мемлекет
ретiнде қарап отыр. Осы уақытқа Қазақстан
әлемнiң 121 мемлекетiмен дипломатиялық қарым-қатынас
орнықтырғандықтан, бұл тақырып бiзге дипломатия
жөнiнде маңызды болып көрiнедi. Шетелде отыз екi қазақстандық елшiлiк, бiр
тұрақты өкiлеттiк, екi дипломатиялық миссиялар,
ұш бас консульствалар, он консульство және бiр
төлқұжақтық – визалық қызмет
толық ауқымда қызмет етiп жатыр. Республиканың
өзiнде алпыс екi дипломатиялық миссиялармен халқаралық
ұйымдардың өкiлеттерi жұмыс iстеп жатыр, бұл ТМД
елдерiнiнiң арасында жоғарғы көрсеткiшке ие. Сонымен
қатар Қазақстан Республикасы аса беделдi халықаралық
ұйымдарға мүше болып отыр.
Тәуелсiздiк жылы барысында мемлекет
аралық және ұкiметаралық деңгейде
Қазақстанмен мың
үш жүзден аса халықаралық шарттарға қол
қойылды. Әлемдiк қауымдастықтың мемлекетiмiзге
назар аударуының айғағы ретiнде ҚР-да
ұсынылған дипломатиялық корпустың кеңеюi болып табылады. Өткен он
жылдыққа көз салсақ, Қазақстан Республикасы
одақтастарының көбейгендiгiн көремiз. Әрбiр елмен
қарым-қатынаста болу, елiмiздiң мемлекеттiк мүддесiн
қорғау жолында зор ауқымды жұмыстар жүргiзiлдi. Қазақстан республикасының
өз бағытымен жүргiзiлiп келе жатқан сыртқы
саясаты оның тұрақты халықаралық жағдайын
қамтамасыз етiп, әлемдiк қауымдастықтық бiздiң
мемлекетке деген қызығушылығын реттеп отырады.
Қазақстандық мемлекеттiктi
нығайтуда, халықтардың өзара бiрлiгi мен достастығын арттыруда, екiара
пайдалы экономикалық байланыста тағайындауда Қазақстан
Республикасындағы дипломатиялық корпус баға жетпес
көмегiн тигiзетiндiгiне сенiмiмiз мол.
Әлем XXI ғасыр – ғаламдық
дәуiрге көштi. Бұл процессте көптеген жана, әлi
зерттелмеген құбылыстар бар, бұл мемлекеттiң саясаты
мен болмысына әсер етiп
қоймай, адамдардың әлемтауына да әсерiн тiгiзедi. Сол
немесе басқа мемлекеттер жана ғаламдық бет алыстарға
бейiмделе ала ма, соған оларды болашағыда байланысты болады. Осыған сәйкес, қазiргi
уақытта әртүрлi мемлекеттер ғаламдану жүйесiнде
өз орнын табу үстiнде. Қазақстан да сол бағытта.
90-шы жылдардың басында көптеген саясатшылыр мен сарапшылар жас
мемлекеттiң тәуелсiз болашағы болады деген ойға
күмәнмен қараған болатын. Бiрақ олар
қателесiптi.
Бүгiнгi күнi
тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында бiздiң
мемлекетiмiздiң дипломатиялық табыстарың мақтан етемiз.
Шынында да, Қазақстан белгiсiздiкке аяқ басып абыроймен көптеген
қиындықтарды жеңiп, төнген қатерлерге тиемдi
түрде тойтарыс бере алды. Мұндай қатерлер iште де, сыртта да
аз болған жоқ. Экономика саласындағы шикiзат жағы
өзiнiң кемшiлiгiн танытып – салттық шаруашылық
байланысынан айрылып көптеген өнеркәсiптер тоқтап
қалды. Елде жұмыссыздық көбейiп, қоғамда
әлеуметтiк әбiгершiлiк пайда болды. Гиперинфляция жас
мемлекеттiң барлық экономикасын шалып түсiрдi. Адамдар
халық тұтынуындағы тауарларға қол жеткiзе алмай
қалды. Мемлекеттiң
және қоғамның iшкi тұрақтылығын
шайқату мақсатында халыққа мызғымас және
бiртұтас деп үгiттелген Қазақстанның
көп ұлттылығын (полиэтниқалығын) эррозияға
ұшыратуға экстремистiк күштер және шет елден
әрекет еткендер бар күшiн салды.
Сыртқы саясат саласындағы Қазақстанның
ұстанымы алғашқыда әлсiз болды.
Жас мемлекеттiң ҚСРО-дан мұрагерлiкке қалған ядролық
мүмкiндiгi мен Қытай, Ресей сияқты ұлкен елдермен
реттелмеген шекараға ие болып
халық- аралық iстердi жүргiзу тәжiрибесi болмады.
Қазақстандық басшылар экстремистiк, террошылдық iс -
әрекеттердiң ел арасында тарауы мүмкiн екендiгiне мазасыздана
қарады. Осы жағдайда Қазақстанның әлемдiк
қауымдастықпен, ең бастысы бiздiң мемлекет үшiн
өмiрлiк мүддеге ие
шарттық-құқықтық негiздiң құрылуына
бағытталған шешiмдi шараларды жүзеге асыру қажет болды.
Жиырма жыл көлемiнде Қазақстан президентi Н.Ә.Назарбаев
әлеуметтiк – экономикалық саласында да дипломатия аумағында
да көп күрделi еңбек еттi. Қазiргi
уақытта осы талпыныстар зор табыспен аяқталды деп айтуға
болады. Қазақстан бұрынғы Кеңес үкiметi
кезiндегi мемлекеттердiң арасында негiзгi экономикалық
көрсеткiштерi бойынша алғашқы орында, бiздiң
мемлекетiмiздiң халықаралық ұстанымы да нығайды.
Бiз әлемдiк қауымдастықтың бөлiнбес бөлiгi
болдық, Қазақстанның тәуелсiздiгi мен егемендiгi
қазiргi заманғы халықаралық қатынастағы
даусыз факторы болып табылады.
Бiздiң мемлекетiмiздiң
дипломатиялық жетiстiктерiн айта отырып, Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтiң ядролық қарудын бас тартуы,
Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекетке айналуы
туралы тарихи шешiмiн де айта кету керек.
Бес елдiң тағдырын шешетiн
бұл талғамға жауап ретiнде БҰҰ-ы қауiпсiздiк
кеңесiнiң тұрақты мүшелерi бiздiң
мемлекетке қауiпсiздiк кепiлiн бiлдiрдi. Қазақстандық
дипломатияның алтын қорында Ресей және Қытай елдерiмен
достастық, ыңтымақтастық туралы шарттар, Қытай
Халық Республикасымен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен
және Түркiменстанмен шекараны зандық рәсiмдеу туралы
келiсiмдер, АҚШ елiмен демократиялық және стратегиялық
серiктес болу жөнiндегi декларация, Европалық Одақпен
ынтымақтастық және серiктестiк туралы келiсiм,
бұрынғы Кеңес үкiметi кезiндегi мемлекеттермен интеграцияны
күшейту мен ТМД мемлекетерiмен ынтымақтастықты терендету
туралы шарттар бар.
Әлемдiк қауымдастыққа
Қазақстан Республикасының жаңа дүниежүзiлiк
тәртiп құру проблемасы жөнiнде ұстанымы
белгiлi. Көпполярлы
дүниенiң тұжырымдамасын ұстанғандығымыз жайында
БҰҰ Бас Ассамблеясының 58-шi сессиясында айттық.
Көпполярлылық бiздiң түсiнiгiмiзше барлық
мемлекеттер мен елдiменкендердiң теңдiк, демократия және
конструктiвтi әрiптестiк негiзiнде тығыз ынтымақтысуы.
Бiз тағы бiр қызық тенденция –
халықаралық қатынастардың үнемдемуiне
куәгер болдық. Экономикалық мүдделер екi жақты
және көп жақты келлiсөз барысында басым болды.
Сыртқы нарық үшiн күрес, тиiмдi келiсiм шарттарды алу
үшiн өткiр бәсекелестiк халықаралық
ынтымықтастықтың негiзгi мазмұнын бiлдiредi.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Авилов В.И. Дипломатические беседы. М.,1973
2. Авилов В.И. Некоторые проблемы общегражданского и дипломатического этикета. –М.,1979.
3. Адилбаев Ж.Ж., Нечаева Е.Л. Дипломатический корпус в Республике Казахстан: прошлое и будущее. “Дипломатический курьер” журналында жарияланған. № 4. 2004.
4. Барулин И.Х. Статус дипломатической почты и дипломатического курьера. Кеңестiк халықаралық қатынастар жылдық жиынтығы.-М., 1983.