Право/8.Конституционное право

з.ғ.м. Мұсаева А.Я., з.ғ.м. Құрманбаева Д.П.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы

 

Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет құруды мақсат қылып қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негiзi шарты барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негiзде бiрiктiру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция “халық” деген ұғымды қолданады. Саяси құқықтың мағынада халық деген – мемлекет көлемiнде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға: Президенттiң Қазақстан Республикасының сайлау туралы Жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бiрлестiктер Республика Парламентiнiң мәжiлiсiне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерiктi олардың жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгiт жүргiзуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың бiреуiне қандай да болсын жеңiлдiк немесе артықшылық берiлмейді. Азаматтар өз қалауымен саяси партиялардың бiреуiн қолдай алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға ерiктi. Мұның өзi халықтың ой-пiкiрiн айқындауға мүмкiндiк бередi. Демократияның бiр көрiнiсi – азаматтардың қоғамдық бiрлестiктерiне мемлекет органдарының заңсыз қолсұғуына тыйым салу. Қоғамдық бiрлiстiктердi азаматтар түрлi мақсатпен: өздерiнiң саяси, әлеуметтiк, рухани, мәдени, дiни, қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн құрады. Заң тұрғысында, нақтылық тұрғысынан да Қазақстан халқы референдумда Республика Конституциясын қабылдап отырып, мемлекеттiк билiктiң құрылтайшысы ретiнде әрекет еттi. Қазақстан мемлекетiнiң демократиялығы халықтық жоғары саяси - құқықтық мәртебесiнен ғана емес, адам мен азаматтың құқықтық жағдайынында көрiнедi. Конституцияда бекiтiлген кең ауқымды демократиялық құқықтар мен бостандықтар азаматтарға сөз, ар-намыс еркiндiгiн пайдалануға, мемлекеттiк органдардың iстерiн басқаруға қатысуға, қоғамдық бiрлестiктер құруға және тағы басқаларына заңдық мүмкiндiктер бередi. Құқықтар мен бостандықтар тек азаматтардың әр түрлi жеке мүдделерi мен сұраныстырын қанағаттандыру үшiн ғана берiлмейдi. Әр түрлi әлеуметтiк, ұлттық, конфессиональдық, кәсiптiк және басқа топтарға жататын азаматтар демократиялық құқықтары мен бостандықтарын пайдалана отырып, өздерiнiң корпоративтiк мүдделерiнде бiлдiре және қанағаттандыра алады. Конституция демократиялық құқықтар мен бостандықтардың iске асырылуы үшiн ұйымдық, саяси және заңдық кепiлдiктердi де қарастырған. Қазақстан мемлекетiнiң демократиялығы мынадан да көрiнедi: Конституция азаматтардың өкiлеттi органдарға жалпы алғанда халықтың мүдделерiн, әлеуметтiк және ұлттық азшылықтың мүдделерiн, жеке азаматтардың заңды мүдделерiн бiлдiретiн және сол мүдделердi қорғауға тiлектес әрi соған қабiлеттi өз өкiлдерiн ұсынуға және сайлауға мүмкiндiк туғызатын демократиялық нормаларды белгiлейдi. Қазақстан мемлекетiнiң демократиялығы референдум өткiзудiң демократиялық тәсiлдерiнен көрiнедi. Референдум мынадай принциптерге негiзделедi: 1) азаматтардың референдумға қатысуға және одан өзiнiң еркiн бiлдiруге ықтиярлылығы; 2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру жағдай   баршаның тең және тiкелей қатысуға құқықтылығы; 3) жариялылығы.

Қазақстан Республикасының демократизмi азаматтардың, олардың бiрлестiктерiнiң, мемлекеттiк органдардың басқарушылық шешiмдерiнiң мазмұнына және оларды жүзеге асыру процесiне өз мүдделерiн көздеп ықпал етуге мүмкiндiгi болуынан да көрiнедi. Ол үшiн Конституцияда белгiлi бiр шарттар көзделген. Солардың iшiндегi ең маңыздысы – демократиялық саяси режим болып табылады.

Саяси режим дегенiмiз – қоғамдағы саяси билiктi жүзеге асыру әдiстерiнiң, тәсiлдерiнiң, түрлерiнiң жүйесi. Саяси режим мемлекеттiң мәнiн, түрiн, оның қоғаммен, жеке адаммен арасындағы реттелген, ең әуелi Конституциялық құқық нормалары арқылы реттелген қарым-қатынасын бiлдiредi. Саяси режим– Конституциялық нормалардың нақты iс жүзiнде қызмет ету дәрежесiн айқындап көрсетедi. Қазақстан Республика Конституциясы демократиялық саяси режим болуын көзделедi, бiрiншiден, демократиялық саяси режим өкiлеттi және тiкелей демократия институттарының орнатылуынан көрiнедi. Екiншiдiн, демократиялық саяси режим кең көлiмде азаматтық құқықтар мен бостандықтардың баянды етiлуiнен көрiнедi. Үшiншiден, Конституция тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына кең жол ашады. Тоталитарлық режимнiң қуатты құралы болған саяси цензура келмеске кеттi. Цензураның болмауы – демократиялық саяси, режимнiң өмiр сүруiнiң айқын көрiнiсi. Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк органдардың жұмысындағы кемшiлiктердi, лауазымды тұлғалардың заңды бұзу фактiлерiн жариялап отыруға көмектесiп заңдылықты нығайтады. Төртiншiден, Қазақстан Республикасының Конституциясында танылған саяси плюрализм, саяси қозғалыстардың саналуандылығы, әр түрлi ұйымдардың олардың iшiнде мемлекеттiк органдардың, iс-қимылын сынайтын оппозициялық ұйымдардың да қалыптасуына мүмкiндiк туғызады. Мемлекет демократизмнiң негiзi, бiр көрiнiсi ұлттық және халықтық егемендiктiң орнықтырылуы болып табылады. Ұлттық тәуелсiздiк, ұлттың өз тағдырына өзi ие болып, мемлекеттiк, экномикалық және рухани санада өзiн-өзi билiк ету мүмкiндiгiнен көрiнедi.[1] Қазақстан Республикасының зайырлы сипатының бiрқатар көрiнiстерi бар. Олар Конституцияда, сондай- ақ Қазақстан Республикасының «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы 1992 жылғы 15 қаңтардағы заңында көрсетiлген. Дiни бiрлестiктер мемлекеттен бөлiнген. Барлық дiндер мен дiни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Дiндердiң немесе дiни бiрлестiктердiң ешқайсысында бiр-бiрiне қатысты артықшылықтарды пайдаланбайды. Дiни бiрлестiктер қайсы бір мемлекеттiк қызметтi атқармайды, егер заңдарға қайшы келмесе, мемлекет дiни бiрлестiктердiң қызметiне араласпайды. Мемлекет дiни бiрлестiктердi қаржыландырмайды. Дiни бiрлестiктер мемлекеттiк үкiмет органдарын сайлауға қатыспайды. Саяси партиялар және дiни негiздегi өзге де құрамалар құруға сондай-ақ саяси партиялардың қызметiне қатысуға немесе оларға қаржылай көмек көрсетуге жол берiлмейдi. Дiни бiрлестiктерге қызмет етушiлер Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде тек өз атынан саяси өмiрге басқа азаматтармен бiрдей қатыса алады.

Республикада мемлекеттiк бiлiммен тәрбие беру жүйесi дiни бiрлестiктерден бөлiнген және зайырлық сипатта болады. Дiни пәндерден сабақ жүргiзу мемлекеттiк емес оқу және тәрбиелiк орындарда ерiктiлiк жағдайында енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан мемлекетiнiң зайырлы сипаты дiни бiрлестiктермен байланысты болмайды дегендi бiлдiрмейдi. Олар дiнге сенушiлердiң дүние танымын қалыптастыруда елеулi қызмет атқарады. Сондықтан дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi мемлекеттiк органдар құрылады. Олар Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттiк өкiлетті органдарына дiни жағдайлардың мән-жайы, дiни сенiм бостандығы жөнiндегi заңдардың сақталуы туралы ақпарат бередi, дiни ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнiң, дiн танушылардың, заңгерлердiң және адам құқығы мен бостандығы санасындағы басқа да мамандардың қатысуымен дiни сараптама өткiзудi қамтамасыз етедi.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.                  Ғ.Сапарғалиев. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері.

2.      Адилбаев Ж.Ж., Нечаева Е.Л. Дипломатический корпус в Республике Казахстан: прошлое и будущее.  “Дипломатический курьер” журналында жарияланған. № 4. 2004.

3.      Барулин И.Х. Статус дипломатической почты и дипломатического курьера. Кеңестiк халықаралық қатынастар жылдық жиынтығы.-М., 1983.