Нүркенова Г.Қ., Сейіт Г.А.
ЖММ "Болашақ" Академиясы,
Қазақстан
Түс
көрудің – адам өміріндегі алатын орны
«Түс дегеніміз- ояуда
көретін нәрселердің пердесі»
деп Ж.Аймаутов айтып өткендей, түс адамзатқа
ғана тән құбылыс [1, 29].
Түс- адамзат санасындағы еріксіз
түрдегі жүзеге асатын психологиялық процесс.
Түстің анықтамасы психологиялық сөздікте
«Түс көру- жеке адамға тән табиғи психологиялық құбылыс.
Түстің мағынасы мен эмоциональдық бояуы түс
көрушінің тұлғалық ерекшелігіне, сол
сәттегі жағдайына тікелей байланысты» деп көрсетілген. түс
дегеніміз – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен
бұрын болып кеткен, я болашақта болатын
оқиғалардың сол күні бірқатар нышандар
арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда,
ұйықтап жатқанда көрінген тылсым белгілер.
Ал, мұсылмандық күнтізбе
анықтамасында былай делінген: «Жер бетіндегі әрбір адам мұны
білуі шарт. Түс көру екі түрлі болады. Бірі- Алла
тағаланың көрсететін түсі, Екіншісі- шайтанның
көрсететін түсі.Түс- Құдайдың адамға
жіберетін сыйы. Алла тағаланың құдіретімен енетін
түс адамға бір жақсылықтан немесе келер қауіптен сақтануға
хабар берсе,Шайтаннан келетін түс шым -шытырық, пайдасыз
түстер[1 ,30].
Адам өмірінің 4/1 бөлігін
ұйқыға және оның 6 жыл уақытын түс
көруге жұмсайды.Яғни адам түсті әр 90 минут сайын
көреді екен. Ал ең ұзақ түс таңғы
мезгілде ары кетсе 30 -45 минутқа созылады. Ерекше бір оқиғаларды
есепке алмағанда, барлық адам түс көруге
шалдыққан. Алайда, оянғаннан кейін адамдар түстің
көп бөлігін есте сақтай қоймайды. Түс
көрген сәтте мидың есте сақтау қабілеті
тоқтаса керек. Ал түсті мүлдем еске түсіре алмайтындар,
ол толығымен жұмыс істемейді. Адамның түсі есте
қалған жайттарға жанаса отырып пайда болатындықтан есте
сақтау оңай емес. Сонымен қатар адам бір уақытта
қорылдап жатып түс көрмейді.
Психологтардың ойынша,
өңінде ойлаған қиял-ғажайыптар түс
үдерісінде көрініс табады.
Ал Платонның айтуынша, түс
ағзалардың арасында іште, яғни ішекте пайда болады.
Оның есептеуінше, бауыр түстің биологиялық
қайнар көзі болып табылады.
Элиас Хоуи (1819-1867) өзінің
ойлап тапқан тігін машинасын түсінде көргендігін
айтқан. Ол түсінде өзін тігін машинасына ұқсас
қару-жарақпен қаруланған адам жегіштердің
қуғынына ұшырағандығын айтып береді [2].
Негізінде түс- адамның күндізгі
өмірінің табиғи тәмәмдалуы, жан мен
тәннің келесі күнгі жаңаруына дайындығы десек те
болады. Түстің табиғи болмысын сана астарындағы
психологиялық үдеріс екендігін жантану ғылымы
тұрғысынан зерттеген Ж.Аймауытов былай түсіндіреді: «Адамның
есі бүтін болмайтын күйлері болады. Сондай күйлердің
бірі- түс көру. Ұйқы дегеніміз- мерзімді демалыс, тыныс
алыс. Ұйықтаған адамда сана не мүлдем болмайды, не кем
болады...Шырт ұйқыда жатқанда адам түк сезбейді.Бірер
ұйықтап алған соң,ұйқы сергек бола
бастайды, ұйқылы -ояу деген күйге келеді. Сондай кезде
санамыз кіресілі шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс
дегеніміз ояуда көретін нәрселердің пернесі болады.
Түсімізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз».
Шығыстың орта ғасырдағы
атақты ойшылы Әл Фараби да адам баласының түс
көруі себебін күндізгі саналы түрдегі ойлау процесі
тоқтаған кезде жүзеге асатын табиғи құбылыс
деп қарайды [1, 30].
Атақты психотерапевт Ф. Перлз: «Түс-
адамның өзіне- өзінің кім екендігін, оның
нағыз өмірлік жағдайы қандай деген сауалдарға
жауап береді» -дейді. Белгілі психолог ғалым И.М.Сеченов түс
көруді болған әсерлердің болып көрмеген
қиысулары деп сипаттаған. Ал, психолог М.Мұқанов «Түс
-дегеніміз әр түрлі көріністердің жүйесіз іске
асуы»- деп түсіндіреді. Сондықтан түс көруді
ұйқы кездегі мидың фантазиясы деуге әбден болады [1,
31].
Дәл қазіргі кезде батыс елдерінде,бір
ғана Америкада түс көру, оның адам денсаулығына
қатысты мәселелерді зерттейтін 240 арнаулы ғылыми
орталықтар жұмыс істейді екен. Керек десеңіз, адам
ұйықтап жатқан кездегі қимыл әрекеті, жатысын
зерттеп, көптеген ғылыми жаңалықтар ашқан
психотерапевт Самюэль Данкеллдің Позы спящего деген еңбегі бүкіл Еуропада ең
көп тараған атышулы кітап [1, 35].
Түс көру тәсілінің
көркемдік мүмкіндігін кеңінен пайдаланған ең
таңдаулы талант иелері қатарына Ф.М.Достаевский, Л.Н.Толстой,
А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Лермонтов, И.С.Тургенев, Н.А.Гончаров, т.б., ал
қазақ әдебиетінде М.Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ж.Аймауытов,
М.Әуезов, Ә. Кекілбаев, Ә.Нүрпейісов, З.Шашкин,
Т.Әбдіков, Ә.Тарази, Д.Исабеков, т.б. секілді қаламгерлерді
айтуға болады [1, 43].
Көрген түсті міндетті түрде талдап,
жору - қай халықта да берік сақталған салт-
дәстүр.Тіпті ол дәстүр де емес, әрбір жеке
адамдағы табиғи талап –тілектен туған түсінік.
Түстің этнографиялық сипаты, Түс
жорудың көптеген варианттары жинақталған тағы бір
танымдық мақала О. Диваевтің «Түс баяны » мен
әдебиетші ғалым Ж.Дәдебаев құрастырған «Түс аяны» атты еңбектер.
Түс және оны жорудың 161
нұсқасы берілген осы еңбектегі түс жорудың кейбір
үлгілерін келтіре кетсек.
*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе,
онда ол жақсы, өйткені түйе – ұлық жануар.
Түсінде түйеге мінген кісінің ұлы
әулелиердің өзі желеп –жебейді. Жалпы, түсте
көлікке мініп құламай жүру –жақсы.
*Түсте биікке немесе тауға шығу
–жақсы:онда түс көрген кісі өңінде үлкен
дәрежеге жетеді.
*Егер кісі түсінде таза суға
сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел
қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса,
онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде
түлкі көретін болса, онда өңінде жолы болмайды, ал егер
ол түсінде қасқыр көретін болса,онда
өңінде сапары сәтті
болады.
*Егер кісі түсінде қызыл түсті киім
кисе, онда ол өңінде ел билеген бастық болады.
*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол
өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.
*Егер кісі түсінде биліктен құласа,
онда ол өңінде табысқа жетеді [1, 38].
*Егер адам түсінде
өзін жартастың ең биік нүктесінде
тұрғандығын көрсе, онда ол адамның алдында
маңызды шешімдер тұрғандығын білдіріп, шешім
шығаруға қорықпайтынын айшықтайды.
*Басына тәж кисе - онда ол өңінде
байлыққа ие болады.
*Егер сіз түсіңізде
тістен айырылып немесе тісті жұлдыртып жатқан болсаңыз, онда
ол сіздің қазіргі уақытта дәрменсіз
жүргеніңізді немесе өмірде бірдеңе жоғалтатындығыңызды
сөз етеді. Мұндай түсті ұлдар тарапынан гөрі
әйелдер жағы көп көреді[3].
Түс көру арқылы поэтикалық тіл,
эзотериялық нышандар мен құпия –белгілер,
символдар,сезімнің бұлыңғыр сәттері,
жарым-жартылай есті-ессіз күйлері, о дүние мен бұ дүние
арасындағы не тірі емес, не өлі емес есалаң, түсініксіз
екі әлем сезімдері сәтті суреттеледі [1, 47].
Түс көрген адам түсті кез-келген
адамға жорытпауы керек.
«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,
түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз,
жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз,
жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең
бастысы - түсімізді тек жақсылыққа жори білейік!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Г. Пірәлиев. Көркем прозадағы
психологизмнің кейбір мәселелері. Монография. –Алматы:
Алаш, 2003. – 328 Б.
2 http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/22047/
3 http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/837/