Тагаева С.А., Жаппарова Т.Е.

Тараз инновациялық- гуманитарлық университеті, Қазақстан

Дарындылық психологиясының теориялық

қағидалары

 

Қазіргі кездегі  әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар, ата-аналар және мұғалімдер алдында  жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басы сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды.

Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші -тарихқа және біреулер - қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі.

Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек -оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының теңелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді.

Дарындылықтың түрлерінің дифференциясы классификацияға негізделген критерий бойынша анықталады.  Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні бөлуге болады.

Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адамның психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және олардың қандай да бір іс-әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады.  Дарындылықтың сандық мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің  деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты жүргізілген әр түрлі зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік-экономикалық қатынастар, қаржылық қамсыздандыру, әлеуметтік - күнделікті шарттар т.б.) әр түрлі. Осыған байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік -экономикалық шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар адамның өмір деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам дамуы үшін қолайлы болып келеді.

Дарындылықтың дамуында  жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде:

   жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;

   бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;

   ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.

Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл фактор - бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі. Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып келеді:

   теріс

   ашуландырушы (игнорирующее)

   дұрыс-оң

  гиперсоциализация (ата-аналар    дарындылықты,    өз-өзін    таныту мүмкіндігін, өз баласының қабілеті арқылы   жасауы немесе өздерінің орындалмаған потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру).

Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айналадағыны танып білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.

Қазіргі жағдайда дарынды   балалармен жұмыс жасаудың түрі -балалар шығармашылық үйлерін құру болып табылады.

Дарындылық мәселесі әрі қарай зерттеуді қажет етеді.  Бұл көпжақты,  көп құрылымды,  көп сипатты мазмұнды да,  мәнді де,  құрылымы мен даму бағыт-бағдары әлі де көптеген ізденістерді қажет ететін,  шеті табылмаған жұмбақты құбылыс пен процестің бірі болып табылады.

Әдебиеттер:

1.     Елубаев А.О. Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі – Дарын, 2009. №5

2.     Акменбетов Қ.Ж. Дарындылықтың теориялық негіздері // Педагогика мәселелері, 2009. №2

3.     Бекжанова М.Б. Дарынды балалармен жұмыс – заман талабы // Қазақстан орта мектебі, 2009. №5/6

4.     Шырынбаева Г.К. Оқушы дарындылығын анықтау теориясына негізделген мұғалім қызметі // Қазақ тілі: әдістеме, 2010. №3,