аға оқытушысы Джаксынкаева Ж.Т.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті, Қазақстан
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ҚОРЫНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жасына
дейінгі балаларға білім беру - өскелең
ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі
қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты,
еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің
бетбұрысына байланысты жаңа ұрпақтың
психологиялық та айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны
неғұрлым өмір талабына қарай өрістеу міндеттері
қойылады. Осы кезде баланың әлеуметтік-психологиялық
қасиеттерінің қалыптасуына қоршаған ортаның,
ересектермен, құрдастармен қарым-қатынасы үлкен
әсер етеді. Сонымен бірге өз-өзін бағалау қабілеті,
өзін-өзі реттеу, өзін-өзі басқару
қалыптасады.
Мектеп жасына
дейінгі жаста сапалы жаңа этап сөйлеуді игеру пайда болады.
Туған тілін белсенді игерудің себебі мектеп жасына дейінгі балалардың білгісі, айиқысы,
өзіне және басқа адамдарға әрекет еткісі
келетін қажеттілігі болып
табылады. Сөйлеу іс-әрекеттің барлық түрінде,
танымдық негізінде қосылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың алдындағы тапсырманың
өзгеруі, іс-әрекеттің жаңа түрінің пайда
болуы, үлкендермен және құрдастарымен
қарым-қатынастың қиындауы өмірлік байланыс
және қарым-қатынас аумағының кеңеюі,
баланың интенсивті дамуына алып келеді, біріншіден, сөйлеудің
барлық жағы (сөздік, дыбыстық мәдениет,
грамматикалық құрылым), екіншіден, оның формасы
(контесттік және түсіндірмелі) және функциясы
(коммуникативті, жоспарлы, реттеуші) дамиды/1/.
Сөйлеудің
барлық жағының дамуы, тілді игерудегі орталық негізін
құрайтын оның дыбыстық мәдениетін меңгерусіз мүмкін емес.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті мектеп жасына дейінгі
балалардың грамматикалық формасына қатысының
қиыншылығын келтіру мүмкіндігін көтереді, тілдің
морфологиялық жүйесін игеруін қамтамасыз етеді. Мектеп жасына
дейінгі шақта фонетикалық даму процесі жүреді. Бала дыбысты
дұрыс естіп, сөйлей алады. Бұл жастағы балаларда
сөздің дифференциалды жіңішке үлгісі және
бөлек дыбыстар қалыптасады.
Мектеп жасына
дейінгі баланың сөздігінің дамуында белгілі бір сапалық
және сандық өзгерістер бақыланады. Бала сөзді тез
жаттап алады, бірақ оның мағынасын келтіретін белгіні жай
игереді.
Мектеп жасына дейінгі
жаста сөздің грамматикалық тізбегі дамитын жаңа этап
пайда болады. Бұл кезең тілдің морфологиялық
жүйесіне негізделген. Баланың 5-6 жасында лексиканың
нақтылығы және оны
қолдану тәсілі
қарапайым жүрді. Олар сөздерді айтылуы бойынша
біріктіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың келесі маңызды
бағыты контексттік-түсіндірмелі жаңа формасының пайда
болуы болып табылады. А.М.Левшиннің зерттеуі бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың
сөйлеуінің әр түрлі формасының спецификациясын
көрсетті/2/.
Мектеп жасына
дейінгі жаста өзін-өзі реттеу функциясы туындайды. Баланың
сөйлеуі жоспарлау функциясын орындайтын оның іс-әрекетіне
көбірек қосыла бастайды және мектеп жасына дейінгі
баланың іс-әрекетінің екі кезеңге бөлінуіне алып
келеді: шешімді қабылдау және оның практикалық
орындалуын жоспарлау. Басында мектеп
жасына дейінгі балалар сөйлемнің толық мағынасына
мән береді/3/.
Мектеп жасына
дейінгі жастағы
сөйлеудің дамуының ерекшеліктері:
·
Сөйлесу нақты ситуациядан бөлініп
аланады, қарым-қатынастың әмбебап қасиетіне
айналып отырып жағдаяттығын жоғалтады;
·
Сөйлеудің байланыс формасы пайда болады
және нақтылығы өседі;
·
Сөзбен әрекеттесу процесінде бала ана
тілінің заңдылығын игереді;
·
Бала өзінің ойын байланысты, логикалық
игеруге үйренеді, талқылау интеллектуалдық тапсырмаларды шешу
тәсіліне айналады, ал сөйлеу интеллектуалдық таным
процесінің, сананың қасиеті және ойлау
құралы бола бастайды;
·
Үлкендердің инструкциясына
бағынатын әдеби
шығармаларды түсінуде көрсететін сөйлеудің
реттеуші функциясы дамиды;
·
Практикалық және интеллектуалдық
тапсырманы шешуге көмектесетін сөйлеудің жоспарлы функциясы
қалыптасады;
·
Сөйлеудің дыбыстық функциясы,
сөздік абстрактілік бірлік, реттеуде бөлу, сөзді объективті
сана жасайтын және жазбаша сөйлеуді тудыратын мүмкіндіктері
туындайды;
·
Тілдік іс-әрекеттің түсіну формасы
қалыптасады;
·
Сөйлеу еркін іс-әрекеттің маңызды
түрі бола бастайды, оған деген саналы қарым-қатынасы
қалыптасады;
·
Сөйлеу: тыңдау, әңгімелесу,
талқылау сияқты өзіндік формасы бар маңызды
іс-әрекетке айнала бастайды;
Фонетикалық
даму процесі жүреді, бала дұрыс тыңдап, дыбысты дұрыс
айтады /4/.
Мектеп жасына
дейінгі балаларда сөйлеуге деген
саналық қарым-қатынасы жоғарылайды. Сонымен бірге
сөйлеу интеллектуалдық іс-әрекетке айналады.
Әдебиеттер:
1.
Кравцова Е.Е. Психологическая готовности детей к обучению
в школе. М., 1991.
2.
Особенности психического развития детей 6-7 летнего
возраста / Под ред. Д.Б. Эльконина, А.Л.Венгера. М., 1988.
3.
Гуткина Н.И. Психологическая готовность к школе. М., 1993
4.
Выготский Л.С. Жоғары психикалық
функциялардың дамуының тарихы. М., 1984. 453 б.