Педагогические науки/ социальная педагогика

Тагаева С.А., Есентаева Н.

Тараз инновациялық- гуманитарлық университеті, Казахстан.

Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты

оқшаулану себептері

 

Адам қалыпты өмір сүруі үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білімді меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.

Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу істерінде іс- шараларға көбірек көңіл бөлінеді. Оқушылар арасындағы олардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.

Ата-ананың балаға өз құрбыларымен қарым-қатынас процесінде жүргізетін шектен тыс бақылауы, қамқорлығы (гипеопека) - балаларда үлкендерге деген тәуелділікті, жаңа жағдайлар мен проблемалар алдында қорқыныш сезімін туғызады.

Мектеп қабырғасында көрінетін баланың ұжымнан оқшаулану жағдайлары бірнеше себептің негізінде болады. Дегенмен балалардың өз арасында туындаған оқшаулану жағдайларын сынып мұғалімі аңғарысымен-ақ оны тиімді және дұрыс басқаруды, оны басқаруға қойылатын талаптарды тиімді жүзеге асырып отыру қажет.

- изоляцияланатын адаммен жұмыс істейтін адамдар, топтан оқшаулап тастаған оқушылар изоляцияланудың педагогикалық, құқықтық және этикалық ережелерімен танысуы қажет.

- оқушыны ұжымнан оқшауламас бұрын, оған алдын-ала ескерту жағдайлары, өз кемшіліктерін жоюға мүмкіншіліктер берілу қажет.

- балалар арасында туындаған мұндай жағдайда  оқшауланған баланың ата-анасымен тез арада байланыс жасау қажет.

- сыныпта болып жатқан жағдайларды мұғалім үнемі бақылап, қадағалап отыруы керек.

- қажет жағдайларда бала мұғаліммен кеңесе алатындай жағдайды ойластыру керек. Ұжымда оқшауланған баланы аңғарған мұғалім оны алғашқы күндері жиі бақылау арқылы ондағы эмоциялық күйлерді үнемі қадағалайды.

- мұғалім оқушылар арасында оқшаулап тастаған бала жайында алдын- ала талқылап алған жөн. Олармен оқушылардың ойлары бойынша баланы ұжымнан оқшаулау арқылы оның қай жақтары жөнделетіндігін алдын-ала көрсете алатындай болу қажет.

Өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау барысында қиыншылық туындаудың негізгі себептерін былайша түсіндіруге болады. Олардың ішіндегі бастылары:

1. Өз құрбыларымен өзара қарым-қатынаста бала инициативасы мен белсенділігі әлсіз болады.

2. Басқа өз құрбы балаларға инициативалық үндеуі құнсыз болады.

3. Тұлға аралық қарым-қатынастағы проблемаларды өз бетінше шеше алмайды.

4. Өз құрдастарының арасында беделі төмен болады.

5. Вербальді қарым-қатынас деңгейінің төмендігі көрініп тұрады.

Жалпы алғанда мұндай балаларды көнгіш, тыныш және бағынуға бейім деп сипаттама беруге болады. Жеті жасқа толғанда баланың әлеуметтік және жекелік қиыншылықтары күрт өседі. Оларда ұялшақтық, қорқақтық, жалғыздыққа ұмтылу, жасқаншақтық сезімдері пайда болады.

Жеткіншек жаста әлеуметтік оқшаулану деңгейі өседі. Олардың өзіне деген бағасы төмендеп, өзіне сенімсіздікпен қарайды. Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай – оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер.

Оқушылар арасындағы баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орны мен топтан тыс қалуына әсер ететін  бір фактор -конфликтер. Оның ішіндегі конфликтілердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы.

Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен де байланысты. Балалар ұжымынан оқшауланған оқушылармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған конфликтіні шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашудан басталады.

Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынаста проблемасы бар балаларға психологиялық көмек көрсету істеріне, конфликттердің алдын-алу әрекеттеріне мектептегі жақсы оқу тәрбие беру ұйымының болуы, тәртіптің болуы, оқушылардың қарым-қатынасқа түсуінің қиын жағдайларында мұғалімнің белсенді көмек беруі негізгі роль атқарады. Бұдан басқа, оқушылардың конфликтерді шешу және басқара білуіне дағдылану үшін мектептерде оқушыларға арнайы оқытатын бағдарламаларды қолдануға болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Морозов А.В. Социальная психология М., 2003 

2. Сəбет – Бап – Баба. Жалпы психологиясы, 2003.

3. Столяренко И.С. Психология управления и делового общения. Спб П 2001.

4. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилов «Конфликтология». Изд. Юнити. Москва 2001.

5. Е.М.Бабосов «Конфликтология» учебное пособие. Минск 2001.