Психология/Педагогическая
психология
1-курс магистранты Нарал С.М.
Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
СЫНИ ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Қазіргі жаhандану заманында бәсекеге
қабілетті, ұшқыр ойлы, сыни талдау мен тұжырым жасай
алатын, ақыл-ой өрісі кең жекедара тұлғаны
қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі. Осы
мақсатта бастауыш мектепте жаңа техноло-гияларды, соның
ішінде сыни ойлау технологиясын тиімді қолдану арқылы
оқушылардың дарындылығын арттыру маңызды міндет болып
табылады.
Қазіргі кезде
мектептерде оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа модельдерін
жасау, оқыту технологияларының жекелеген элементтерін сабақта
қолдану бағытында тың қадамдар жасалынуда. Мектеп
мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет – ол
оқушыға тиянақты білім берумен қатар, олардың
дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін да дамыту, білікті
ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін мұғалімдер,
әрине, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз
тәжірибелерінде қолдануы керек. Жеке тұлғаны талантты,
жаңалыққа жаны құмар етіп шығару үшін
мұғалім оқытудың жаңаша әдістерін
қолдану арқылы оқушының сабаққа деген
белсенділігін, танымдық ізденісін, ғылым мен білімгн, пәнге
деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттырады.
Осы ғылыми
мақалада біз зерттеу жұмысымыздың теориялық
бөліміне сәйкес сыни ойлау
технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының
дарындылығын арттыру жолдарына байланысты теориялық
зерттеудің кейбір нәтижелерімен таныстырамыз.
Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық
әдебиеттерді талдау нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі
барысында оқушылардың тұлғалық жекедара қасиеттері
мен шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
мақсатында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың
тиімділігі мен қажеттілігін түсіндім.
Сыни тұрғысынан ойлау
дегеніміз – оқушының ой қозғай отырып, өз ойы мен
өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап,
салыстырып, зерттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі тауып,
дәлелдеп, өдігінше тұжырым жасауға, өз бетімен
және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге қабілеттілік.
Бұл оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін
сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын
тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу
жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын
бағдарлама. Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын
дәлелдеуші. Мұғалім - оқу әрекетіне
бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Ойлау мен сөйлеу процестерін
жан-жақты зерттеген әйгілі психолог ғалымдар - Ж.Пиаже мен Л.С.Выготскийдің
теорияларын басшылыққа ала отырып, құрылған сын
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әр түрлі
ғалымдардың бірлескен еңбегі. Осы тәжірибені
жүйеге келтірген шетелдік ғалымдар - Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл [1].
Біздің елімізге 2000
жылдардың басында Джордж Соростың ашық қоғам
институты “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген
бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп
тәжірибелеріне ене бастады. Мақсаты: әр түрлі сабақтар
бырысында барлық жастағы оқушыларға кез-келген
мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі
ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға; саналы түрде
шешім қабылдауға үйрету.
“Сын тұрғысынан ойлау”
ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге
қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға
қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы
көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу,
оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сонымен қатар,
олар «сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап
оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен
аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап
көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі,
бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен
маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды
ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата
алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының
дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің
дайын күйінде берілмеуі. Әйгілі Г. Галилей айтқан:
«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,
оның жаңалық ашуына көмектескен жөн» деген
өсиеті қазіргі білім берудің негізгі тенденциясына
сәйкес келеді.
Сын тұрғысынан ойлау
деген – әрбір оқушының кез-келген жағдайда
мәселені жан-жақты зерттеп түсініп, оның мәні,
шығу себептері, салдарлары мен шешу жолдарына байланысты өздігінен
ой қорытып, өз ойын ортада сөзбен еркін жеткізе алуы,
басқалардың пікірлеріне сыни баға бере алу, өз
пікірінің дәлелділігіне өзгелердің көзін жеткізе
алу қабілеті. Жалпы сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке
ойлау болып табылады.
Біздің пікіріміше, бастауыш
сынып оқушыларының дарындылығын дамыту олардың сыни
тұрғыдан ойлау қабілетін дамытумен тікелей байланысты. Себебі
қазіргі заманда тек ақыл-ойы кең, білімі терең
тұлғаларды ғана емес, сонымен қатар өз ойын еркін
және дәлелді жеткізе алатын, өздігінен жаңа білім таба алатын
тұлғаларды дамыту маңызды.
Сын тұрғысынан ойлау
технологиясын жүзеге асырғанда мұғалімдер бастауыш
мектептен бастап оқушылардың ойланып, толғануына және
өз ойларын ашып айтуына рұқсат беруі өте маңызды.
Яғни осылайша олардың белсенді оқу іс-әрекеттеріне
жағдай жасап, кез-келген идеялары мен пікірлерін қабылдап, әр
оқушының пікірін зейін қойып тыңдап, ойларын
құрметтеуі қажет.
Сын тұрғысынан ойлауды
дамыту деген ұғымды кез-келген жаңа идеяны сол күйінде
қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол
идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және
нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз
мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс-әрекетіңе
лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни
проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз
мақсатына пайдалана білу деп түсіну қажет.
Жеке тұлғаны сын
тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай
қасиеттері болуы шарт:
- жоспарлауға дайын болуы;
- бейімделгіштігі
(басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
- қайсарлығы
(қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
- жете түсінуі
(өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
- ымыралы келісімді іздеуі.
Жеке тұлғаны сын
тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- сын тұрғысынан
ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік
беру;
- оқушылардың ойлауына
жағдай туғызу;
- әртүрлі идеялар мен
пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
- оқыту үрдісінде
оқушының белсенділігін қолдау;
- әрбір оқушы сын
тұрғысынан ойлауға қабілетті;
- оқушының өз
пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау [3].
Технология бойынша әр
сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты
ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің
мақсаттары:
- оқушы өзінде
қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын
тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының
белсенділігін ояту.
Жеке тұлғаның іс-әрекеті:
қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер:
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді,
ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті
сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды.
«Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша —
әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін
мақұлдау және т. б.
Бірінші кезеңде
алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады,
жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің
мақсаты:
- жаңа ақпаратпен
танысу;
- жаңа ақпараттардың
өз білімімен ара-қатынасын белгілеу.
Жеке тұлғаның іс-әрекеті:
қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер:
- мұғалім
ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып,
жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа
ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне
белгі қояды немесе жазып алады;
- қарастырылған
материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін
қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету
үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін
қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші
кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді
түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа
ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты
кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе
тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды
пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде
жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің
мақсаты:
- қабылданған
жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу;
- оқылған материалды
талдау және қорытындылау;
- тақырыпты мұнан
әрі меңгеру бағытын анықтау.
Ой толғау кезеңінде
білімге сүйене отырып, сондай-ақ сыни ойлау тұрғысынан бұрын
және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады, ой
түйіндейді:
-
қарастырған
тақырыптың мәнін толық түсіну және
өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін
жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
-
өзіне
қойған сұрақтарға мағыналы жауап
алғандарын бағалайды;
-
алған
білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже
шығарады,
-
өз бетімен
жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру;
-
әр түрлі кезеңдегі
ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер
толтырады.
- түйін сөздерге
қайта оралу;
- дұрыс және
дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу;
- рефлексивті сұрақтар
қою;
- өз психикалық
күйіне назар аудару;
- пікір алмасу;
- шығармашылық
жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т.б.[4].
Сонымен, сыни ойлау технологиясын бастауыш
сынып оқушыларына қолдану нәтижесінде жеке
тұлғаның қабілеттері мен дарындылығы жандана
түседі. Сондықтан жаңа технология ретінде ең озық
әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан
өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың
басты міндеті.
Әдебиеттер:
1. Әбжанов
С. Оқушыларды шығармашылықпен дамыта оқыту // Бастауыш
мектеп. - №2. – 2003. – 14-18 бб.
2.
Заир-Бек С., Муштавинская И. Развитие критического мышления на
уроке. Пособие для учителя. – М., 2004.
3. Критическое мышление: технология развития: Пособие для учителя / И. О. Загашев, С. И. Заир-Бек. - СПб: Альянс «Дельта», 2003.