Т.ғ.к. Әбиева Г.С.,Тлегенов А.М.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
ҮЙМЕРЕТТЕР МЕН ҒИМАРАТТАРДЫҢ
КОНСТРУКЦИЯЛАРЫНДА БЕРІКТІГІ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫЛАТЫЛҒАН
БОЛАТТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Беріктігі жоғары жаңа
материалдың ерекшелігі, жұмысшы кернеудің жоғарғы
деңгейіне әкеп соғатын, жалпы және жергілікті
тұрақтылықты қамтамасыз етудегі талаптардың
өсуіне байланысты, деформацияның үлкен
ықтималдылығын, жоғары беріктіліктегі меңгерілген
болаттармен салыстырғанда, кернеудің концентраттарына деген
сезімталдылық, жобалау принциптерін жетілдіру қажеттілігіне,
құрылыста жаңа конструктивті қалыптарды және
оның элементтерін, монтажды қосындылардың жаңа
түрін ойлап табуға алып келді. 100 тоннаға дейін жүк
көтеретін крандармен жабдықталған ең ауқымды
ғимараттардың конструкцияларында жұмсақ және
беріктігі жоғарылатылған болатты беріктігі жоғары
болатқа ауыстыру экономикалық жағынан тиімсіз екендігі
көрсетілген.
Итарқалық фермаларда
қолданылатын бұрышты профильдердің орнына С440 болаттан
жасалған жұқа қабырғалы электрдәнекерлеуші
құбырларды қолдану, массасы бойынша ғана емес, сонымен
қатар жұмыс барысында да экономикалық тиімділікті
қамтамасыз етеді. С60-45 классты
болаттан жасалған құбырларды фермалардың белдеулерінде
қолдану кезінде болаттың үнемділігі 40-53% -ға,
жұмыс құнының төмендеуі орташа есеппен 6-12%-ға
дейін жетеді. Болаттан жасалған, әртүрлі беріктіліктегі
құбырлы фермалардың бұрышты профильдерге
қарағанда тиімділігі 1-ші суретте
келтірілген.
Сурет-1. Болаттың
әртүрлі класынан жасалатын, итарқалы бұрышты және
құбырлы құрастырылымды фермалараға
жұмсалатын болат шығыны.
а)
– өткіні 18 метрлік ферма; б) –
дәл сол 24 метрлік;
в)
– өткіні 30 метрлік ферма; г) –
дәл сол 36 метрлік.
1) – бұрышты, болаттың класы С46/33, С38/23; 2) – құбырлы, болаттың класы С46/33, С38/23;
3) – құбырлы, болаттың класы С60/45, С38/23.
Жоғары беріктіктегі болаттарды
тиімді қолданудың айтарлықтай кең мүмкіндіктері
бар екендігі өндірістік ғимараттарды, су қоймаларын,
көпірлердің аралықты құрылыстарын,
мұнаралар мен басқа да ғимараттарды экспериментальды жобалау
кезінде орнатылған.
Зерттеулер нәтижесінде аққыштық шегі 450-750 МПа
болатын материалдың қолдану өзгешелігін көрсететін,
жоғары беріктіліктегі болатты қолданудағы
конструкциялардың қалыптасуының негізгі
қағидалары тұжырымдалды.
Ұсынылады:
- беріктілігі бойынша әртүрлі класстағы болатты аралас
түрде қолдану, конструкция үшін ең тиімді болып келетін
элементтерде және бөлшектерде жоғары берік материалдарды
қолдану арқылы.
- салмақ түсетін негізгі элементтердің ең аз санымен,
материалдың шоғырлану қағидасына негізделген
конструктивті сызбаларды жасау.
- вертикальды диафрагмалар, көлбеулеп қойылатын тіреуіштер немесе
орнатылған этажеркалар, өңдеуге келмейтін торцтардың
байланыстырушы жүйелеріне сүйелген ғимараттың жабын
деңгейіндегі байланыстырушы диск түрінде орындалатын жетілдірілген
кеңістіктік схемаларды қолдану.
- су құбырларында және түтікшелердің
созылыңқы қабықшаларында жоғары беріктіліктегі
болатты қолдану арқылы
металл үнемделеді, дәнекерлеу жұмысытарының
көлемі азаяды және рулондау мүмкіндігі қамтамасыз
етіледі.
- Көтеріп тұратын қабілеттің маңызды
бөлігі пролетты құрылымның өз салмағын
ұстап тұруға жұмсалған жағдайда ғана
жоғарғы беріктіліктегі материалдарды ірі пролетты кеңейтілген
құрастырылымдарда қолдану.
Әдебиеттер:
1. Соколов В.А. Повышение эффективности использования металла в строительстве.
- М.: Стройиздат, 1986.
2. Кузнецов В.В. Легкие металлические конструкции одноэтажных зданий. Гл.ХУ.
Справочник проектировщика. Металлические конструкции. М,: Стройиздат, 1980.
3. Н.С.
Москалев, Р.А. Попова. Стальные конструкции легких зданий. Учебное пособие. –
М.: Издательство АСВ, 2003.