АДАМ АҒЗАСЫНДА ПАРАЗИТТІК ТІРШІЛІК ЕТЕТІН НЕМАТОДТАРДЫҢ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ МЕН АУРУ БЕЛГІЛЕРІ

 

Мағауияқызы В., Әбдіқали А.Е., Дихан Ж.С., Амангелдиева А.А.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (Қазақстан)

 

Паразиттер жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының барлық органдары мен тін­дерінде өмір сүруге әбден бейімделген. Олар­дың личинкалары мен ересек форма­лары адам мен жануарлардың ішек-қар­нында, бауыры мен өкпесінде, тері қа­ба­тын­да жиі кездеседі. Паразиттер қан және ми-жүйке жүйесінде де өсіп-өніп, зақым­дайды. Олардың механикалық әрекеті және биохимиялық алмасудан шығатын қорт­палары ағзаны уландырып, қайтымсыз па­тология тудырады және өлімге душар етеді.             

Паразиттерді зерттеу әртүрлі ланд­шаф­тарда және республиканың барлық аймақ­тарында жаппай жүргізіледі. Паразиттердің морфологиялық өзгешеліктерімен қоса, систематикалық жағдайы, түрлік және топ­тық құрылымдары, таралуы, олардың био­химиялық және иммундық өзгешеліктері, қағыну, қатерлі ісік туғызу жолдары, ауру­дың организмге түбірлі әсері, паразиттердің бейімделу тәсілдері, қожалық организммен популяциялық арақатынастары және олар­дың сандық мөлшерін реттеу және тежеудегі әсері, биоценоздар мен экосистемадағы рөлі барынша терең зерттеле басталды. Паразиттер қоздыратын ауруларды нақты айыру үшін қатардағы лаборато­риялық жолдардан басқа иммунологиялық және генетикалық тәсілдері тексеріліп, практикаға енгізілді. Ең бастысы зерттелген жұқпалы паразит ауру түрлерін арнайы емдеу жолдары анықталып, олардың алдын алу шаралары белгіленді[1].

         Үшкірқұрт (Острица.Еnterobius vermicularis).         Үшкірқұрт адамның төменгі ащы шегінде және тоқ ішегінде мекен етеді. Алдыңғы бөлігі арқылы шектің қабырғасына бекінеді. Аналықтары түнде қышу реакциясын тудыра отырып артқы тесік арқылы қозғалып сыртқа шығады. Әрбір аналық  ішекте ұсталынып қалмайтын етіп 5000-15000 жұмыртқа салады. Ол жұмыртқалар ақырын төмен қарай жылжып отырып, тік ішекке түседі. Ал аналығы жұмыртқа салғаннан кейін бір айға жетпей өледі. Зақымданған адамның  аналь тесігі қышиды. Егер адам құйрығын тырнаса, ол адамның тырнағының ішіне острица жұмыртқалары еніп, одан  төсек орынға, ойыншыққа, ыдыс-аяққа, тамаққа түседі де , сосын қандай да бір жағдаймен адамның ағзасына енеді. Үшкірқұрттар соқыршекке түсіп кей кезде адамда соқыршек ауруына себепші болады. Оның адам ішінде өмір сүру уақыты бір ай ,  бірақ кейде острица кейбір адамда бірнеше айға  немесе бірнеше жылға созылуы мүмкін.

         Сиыр цепені (Taeniarhynchus  saginatus). Сиыр цепені биогельминт. Адам негізгі иесі, ал ірі қара мал аралық иесі болып саналады. Пісіп  жетілген соңғы таспалар үзіліп  түседі. Аралық иелері су ішкенде және жұмыртқалары бар шөпті жегенде жұқтырады. Жануарлардың  шегіде жұмыртқадан  қан тамырларына  ене алатын онкосфераларға айналады. Сосын  қан арқылы  түгел мүшелер мен ұлпаларға тарайды. Көбінесе ірі қара малдарда онкосфералар қан көп айналатын  мүшелерде тұрақтайды. Үш-төрт айдан кейін олар пісіп  жетіледі[2].

   Адамға құрты  бар етті  жегеннен жұғады. Әсіресе ет толық піспеген, қуырылмаған және дұрыс  қақталмаған болса   жұғады.  Адамның  шегіде дернәсіл ары қарай дамып, мықты сорғыштары арқылы  ащы ішекке  бекінетін сколекстерге айналады.  Екі-үш  айдың ішінде құрт  адам ішінде  тез өсіп,  бір күнде аналықтары  алты-сегіз таспадан,  ал  бір жылда 51 млн. 100 мың.  Жұмыртқа шығарады.  Адам  ішінде 10 жылға дейін  өмір  сүреді.                          Эхинококк.( Echinococcus  granulasus ). Эхинококктың дернәсілінің  бірінші сатысы онкосфера деп аталады.                                                                  Денесі  шар  тәрізді  және үш  жұп қармалаушы бар.  Жатырында жатып онкосфералар үлкен  болып  өседі. Ең  қауіптісі  көпіршік түріндегі дернәсілдердің сыртқа  қарай емес ішке қарай  өсуі.  Осы  кезге  дейін сиырдың бауырынан  40 кг-дық,  ал  адамнан  1 кг-нан асатын  дернәсіл  тіркелген. Эхинококктың   келесі дернәсілі  финна деп аталады. Ол баланың басына  сыйып кететіндей  көпіршік түрінде болады. Финна кезеңінде   ол ірі және ұсақ мүйізді малдардың, иттің, қасқырдың ішек-қарнына еніп, тіршілік етеді. Эхинококк жұмыртқалары иттің кір жүнінің үстіне түседі, ит өзенге барып шомылса жұмыртқалар суға түседі, одан топыраққа сосын шөпке  және т.б жерлерге түсіп, дамуын бастайды. Эхинококк жұмыртқалары жақсы сақталады. Оның жұмыртқалары су, тамақ арқылы үй жануарларының ішіне оңай енеді.  Одан ішек-қарынға, бауырға барады. Ол ағзаға енгеннен кейін оның қоймалжын заты эхинакокк көпіршігіне айналады. Ұзындығы 10-20см. Көпіршіктің іші ақ сұйықтыққа толы. Оны эхинококк құмы деп атайды.                 Мысықсорғыш құрт(Opisthorchis  felineus). Мысықсорғыш құрттың жыныс жүйесі денесінің үлкен бөлігін алып жатыр. Оның  дернәсілдері  жұмыртқасынан жатырында жатып  шыға бастайды. Кірпікшелі дернәсілі  (мирацидий) суға түскеннен кейін бірінші аралық иесі былқылдақ денеге кіреді. Былқылдақдененің ішінде қозғалмайтын қапшық түріндегі спороцистаға айналады, ал одан келесі сатылы – редия шығады. Редиядан кейін құйрығы бар қозғала алатын  церкариге айналады. Церкарии  былқылдақденеден шыққасын омыртқалының денесіне  түсуі керек. Сосын ол  сазан сияқты  балықтардың  бұлшық етіне  сыртында қабықшасы бар метацеркарииге айналады.

         Ішексорғы(Ascaris  lumbricoides). Ол адамның  ас ішегінде  паразит етеді. Тәулігіне аналығы 200 000 жұмыртқа шығарады.  Ішексорғы жұмыртқалары  жылы  топырақта оттегісі мол ауада жұмыртқалары  дами бастайды.  Топырақта  бірнеше жылға  дейін  тіршілігін жоймайды.  Дернәсілдерінің  ұзындығы  0,04 мм,   ені  0,03 мм. Ішектің  көктамырларынан  бауырға  өтеді де бауырдың  көктамырлары арқылы және қан  ағысы арқылы жүректің оң жақ  бөлігіне барады. Одан кейін ол өкпе салатамырлары  және  қылтамырлары арқылы  өкпеге,  ауа  тамырларынана жетеді.  Сосын  түнде  жұтқыншаққа түсіп,  сыртқа  шығу мүмкін немесе қайта сілекей арқылы ішекке баруы  мүмкін. Ішекке  қайта  түскен дернәсіл ересек  күйге  дейін  піседі[3]. 

         Паразит құрттар адамға мынадай жолдармен жұғады:

1.Көбі ауыз арқылы.

А)геоорально- қолды жумағандықтан, тамақпен, жануардың  жүнінен,  құстың қауырсынын ұстағанда, топырақ ұстағанда жұғады.

ә)ксентотрофты- шала пісірілген ішінде құрттың жұмыртқасы бар ет және  балық арқылы.

2. қарым-қатынас  жасау арқылы:

а)жыныстық жолмен

ә)лас су арқылы

б)ауа арқылы

3.траноплацентарлы жолмен.

Балаға ана құрсағында  жатып жұғу жолы.

 Транамиссивті- маса, қоңыз , ұлу жәндіктердің жұғуы арқылы.

Паразит құрттар өте көп жұмыртқа салады.Сондықтан олармен дер кезінде күресу керек. Олар адамға жұққан күнінен бастап ағзаны уландырады, ал олардың ағзаға жұқандығын оның белгілері арқылы білеміз.

Әрбір  құрттың  жұққаннан кейін белгісін беретінін  білеміз. Олардың әртүрлі  болатынын  ұмытпайық.  Мысалы:  эхинококк кезінде  адамның  іші ауырып,   оң жақ бүйірі  шаншиды.  Бауырының  және басқа мүшелерінің үлкейгенін байқайды  және кей кезде кеудесі ауыратындай  жөтеледі.  Баланың  ішінде  ішексорғы мен  үшкірқұрт болғанда оның  шаршағанын,  ашуланатынын,  ұйқысының  қашуын, ұйықтап  жатып  тіс қайрауын  байқаймыз.  Сиыр  цепені  кезінде  балаларда  тәбеті  нашарлап,  есте сақтауы  төмендеп  талма  ауыруына шалдығады.   Үлкендерде  іші жиі ауырады.  Мысықсоғыш  құртың  болса,  оң жақ  қабырға асты ауырып,  бауыры  ісініп,  қуығы ауыратынын байқайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Нематоды // Биология. Современная иллюстрированная энциклопедия / Москва, 2006.  

2.     Биология: Учебное пособие. /А. Слюсарев, А. В. Самсонов, В.М.Мухин и др.  Москва, 2002.

3.     Малая энциклопедия. Зоология. - Москва, 2001.