ШІРКЕЙ МЕРМИТИДТЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ, БИОЛОГИЯСЫ
ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ
Бектұрғанов
Б.Б., Мағауияқызы В., Шералы А.Е., Тұрсынбай А.Т.
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті (Қазақстан)
Мермитидтер – жұмыр құрттар,
көбінесе насекомдар класында, шаян тәрізділерде,
көпаяқтыларда паразиттік өмір сүреді. Жалпы мермитидтер
өмір сүру ортасына байланысты суда өмір сүретін
мермитидтер және топырақ қабатында өмір сүретін
мермитидтер болып екіге бөлінеді. Бұл екі топтағы мермитидтер
бір-бірінен морфо-анатомиялық, биологиялық ерекшеліктерінен
көп айырмашылықтар бар, өйткені өмір сүру
ортасына, паразиттік өмір сүру ортасына, байланысты бейімделу
процесі жүреді.
Мермитидтер жалпы денесінің сыртқы пішініне
келетін болсақ, құрт тәріздес, ұзынша (1мм-ден
10-см-дейін), денесінің алдыңғы жағы үшкір,
артқы жағы сүйірленіп не доғалданып
тұқымдасына байланысты бітеді. Аналығы мен аталығында
диморфизм анық байқалған. Яғни аналығы
аталығынан 2-есе ұзын. Мермитидтер дара жынысты. Түсі
негізінен ақ, кейбір түрлерінде сарғыш, қоңыр,
қара түстері де кездеседі. Кутикуласы көп қабатты
және тұқым аралық белгі ретінде
қалыңдығы әртүрлі болып келеді. Сезім органдары
бас жағында, олар химиялық , сәуле сезу органдарынан
құралған. Қоректенуі иесінің ішкі қуысында
гемолимфа қабатында жиналған қоректік заттармен
қоректенеді және иесінің ішкі органдарына зақым
келтірмейді. Сондықтан иесінің өсуі ұзарады және
мермитид шыққанша тірі өмір сүреді[1].
Мермитидтердің өмір сүруінің бір
циклы бес сатыға бөлінген – эмбриональды, паразитальды, паразиттік,
паразиттіктен кейінгі және жынысты
жетілген.
-
эмбриональды
(жұмыртқа ішіндегі даму кезеңі);
-
паразит
алды (инвазиялық дернәсілдер);
-
паразиттік (иесінде өмір сүретін
дернәсілдер);
-
паразиттен
кейін (қоректік заттарын толық жиған қоректенбейтін,
еркін өмір сүретін формалар);
-
жынысты
жетілген (жыныс мүшелері және жыныстық клеткалары жетілген,
шағылысуға дайын ересек түрлері).
Даму кезеңдері алмасқан кездерде түлеу
(линька) процестері жүріп отырады. Яғни 4 рет қабығын
алмастырады.
Мермитидтерде аналығы мен аталығы
шағылысу арқылы жұмыртқа салу не тірідей
дернәсілдер тууы арқылы көбейеді.
Міне, мермитидтердің өзіндік ерекшелігі
паразиттік өмір сүретін иесінде тек белгілі бір уақыт
аралығында ғана болады. Ол мысалы, шіркей дернәсілінің
қуыршақ түріне айналу кезеңі аралығы, яғни
10-12 күн аралығында паразиттік өмір сүріп,
қалған өмірінде еркін өмір сүреді. Екінші
ерекшелігі яғни, биологиялық реттеуіштер тобына жатуы, иесін тастап
шыққан кезде денесінде қоректік заттар қалмаған
және денесі зақымдалған шіркей дернәсілі өледі[2].
Шіркей
мермитидтерін зерттеу дернәсілдерін жинау, зертханаға
жеткізу, мермитидтерді алу, өсіру, зерттеу және табиғатта
қолдану тәсілдерінен тұрады:
1.
Шіркей мермитидімен
ауырған дернәсілдерін жинау.
Ағын суда өмір сүретін
дернәсілдерді судағы шөпке және де басқа
заттарға жабысқан бойында полиэтилен не 1-2 литрлік шыны
банкаға жинап, жиналған жердің аты-жөні этикеткаланып,
тездетіп (1-сағаттың ішінде) далалық зертханаға жеткізу
қажет. Жиналған материалды тез арада қара түсті
кюветтерге аз ғана мөлшерде (1-2см) су құйылып
паразиттері бар құмыты дернәсілдерінен мермитидтер
өздері иесінің алдыңғы, артқы және де
басқа жерлерін тесіп шығады.
2.
Зертханаға
жеткізу. Жиналған, иесінен бөлініп алынған, мермитидтерді
таза бұлақтың суы болмаса қайнатылған су
құйылған кішкене құтыларға 10-15 талдан
бөліп салып этикеткалау қажет. Өйткені иесінің
шыққан мермитидтер өте нәзік және тез
микроорганизмдермен ауруы мүмкін. Иесін тастап шыққан
мермитидтер қоректенбейді, сондықтан зертханада
өсірудің қиындығы жоқ.
3.
Зертханалық
жолда өсіру. Шіркей мермитидтері
салқын суға бейімделген, аса күннің көзін
қажет етпейді. Сондықтан зертханалық
мұздатқыштардың төменгі бөлімінде (+5-60С)
ұстап өсіруге болады. Күнделікті өсу кезеңін
жиналған жердегі микроучастоктағы аналық және
аталығының процентін анықтау үшін
ұлғайтқыш құрал – микроскоппен қарап,
зерттеп отыру қажет.
4.
Жиналған
материалдарды зерттеу. Жиылған материалдардың белгілі бір
мөлшерлерін (мермитидтердің түрін анықтау үшін)
70%-тік спиртке және Барбагалла ерітіндісінде тек ТАҒ
ерітінділерінде өлтіріп сақтайды. Бұл өлтірілген
мермитидтерден глицерин – желатинде препараттар жасалынып
(этикеткаланған), микроскоп арқылы түрін анықтау
жұмыстары жүргізіледі.
5.
Мермитидтерді
табиғатта қолдану.
Табиғатта құмытының көптеп
өсіп өнетін жерлеріне мермитидтерді жіберудің бірнеше жолдары
бар:
1.Табиғи шіркей
мермитидтермен ауырған ошағынан жиылған материалдарды
тез арада басқа мермитид ошағы жоқ жерлерге жерсіздендіру
(интродукция тәсілі). 2.Зертханалық жолмен алынған
мермитидтердің жұмыртқаларын жіберу. 3.Зертханалық
жолмен алынған инвазиялық (паразит алды) дернәсілдерді
тарату. 4. Зертханалық жолмен тірі препараттар дайындау т.б. Мермитидтердің түрлерін анықтау кезінде денесінің әртүрлі бөлімдерінің
өлшемдері жасалынады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Гафуров А.К. Мермитиды (систематика, биология, филогения,
практическое значение). Душанбе: изд. «Даниш»,1997г.
2.
Биология: Учебное пособие.
/А. Слюсарев, А. В. Самсонов, В.М.Мухин и др.
Москва, 2002.