1Ильдербаев О.З., 1Кусаинова А.С., 2Мынжанов
М.Р., 2Аргынбекова А.С., 1Сиымбек А.
1Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Қазақстан
2Семей
қ. мемлекеттік медицина университеті,
Қазақстан
КӨМІР
ШАҢЫ МЕН 0,2 Гр ГАММА-СӘУЛЕСІНІҢ БІРЛЕСКЕН ӘСЕРІНЕ ИММУНДЫҚ
ЖҮЙЕНІҢ ЖАУАБЫ
Аллергенді аэрозольдерден болған пневмокониоздар (металл-аллергенді
шаңдары, пластмасс аэрозолдары, органикалық шаңдары):
бериллиоз, алюминоз, фермер өкпесі және басқа созылмалы аса
сезімталды пневмониттер. Пневмокониоздар ауруының негізгі патогенезі
шамасы 10 мкм-ден аз болатын
шаң-тозаңдар бөлшектерінің шеткі бронхиолдар мен
альвеоларда қалып қоюына тәуелді. Бос кремний қос
тотығының альвеолалық макрофагтарды зақымдауы
және олардың әсерінен фиброгендігі жоғары заттар мен
цитокиндердің пайда болуы өкпеде антракозды пневмосклероздың
дамуына ықпал жасайды [1, 2]. Семей ядролық сынақ
полигонының жабылғанына бірнеше жыл өтсе де радиацияның
зардаптары халықтың денсаулығына өз әсерін
жалғастыруда [3]. Күнделікті өмірде организмге
қоршаған ортаның қолайсыз факторлары кешенді түрде әсер етеді. Зерттеу
барысында анықталған мәліметтер қосар әсер ету
салдарынан дамитын аурулардың
алдын алу үшін
иммунокоррекциялық шараларды қолдануға негіз болуы мүмкін [4]. Иммундық
жүйе ішкі ортаның тұрақтылығына иммундық
бақылауды қамтамасыз ететіндіктен
егеуқұйрықтардың иммундық жүйесіне
көмір шаңы мен гамма-сәуленің бірлескен ықпалын зерттеу
жұмыстың мақсаты болды.
2 сериядан тұратын егеуқұйрықтарға эксперимент жүргізілді: I –
бақылау тобы (n=10) және II – тәжірибелік топ (n=10). Эксперименттік
антракозды моделдеуде патогендік шаңдарды арнайы арналған
шаңдататын камерада 50 мг/м3 концентрацияда күніне 4 сағаттан
12 апта бойы көмір шаңы берілді. Жануарларды сәулелеу
Чехиялық «Теragam» қондырғысымен 0,2 Гр γ-сәулесі
берілді. Зерттеудің нәтижелеріне статистикалық
өңдеу жүргізіліп, салыстыру t-Стьюдент критерийі ретінде
саналды.
Зерттей нәтижелері көрсеткендей тәжірибелік II топта бақылау тобына қарағанда
лейкоциттердің саны төмендегені анықталды. Лейкоциттердің
абсолюттік көрсеткіші бұл тәжірибе тобында 1,18 есеге төмендеген
(р<0,05). Тәжірибелік топта жалпы лимфоциттердің саны да
төмендегені анықталды. Егер де бақылау тобындағы
жануарларда лимфоциттердің
абсолюттік саны 2,85±0,12×109/л құраса, II топта 2,34±0,17×109
/л болды (р<0,05). Лимфоциттердің пайыздық көрсеткіші
бақылау тобындағы жануарларда 39,11±3,25% болса, II топтағы
жануарларда бұл көрсеткіш 36,33±2,41% құраған.
Т-лимфоциттердің абсолюттік саны 1,54±0,09×109/л
құраса, II топта 0,98±0,08×109/л болған
(р<0,01). Ал пайыздық көрсеткіштерін алатын болсақ қос
фактордың әсерінде I топта 31,91±2,42% құраса, II топта
24,66±2,04% болған (р<0,05). CD3+ жасушаларының
субпопуляцияларына келсек: көмір шаңы мен радиация бірлескен
әсерінде жануарларда хелперлік белсенділігі бар Т-лимфоциттердің
абсолюттік шамасының азайғандығы байқалды:
қалыпты топта 0,79±0,05×109 /л құраса, II
топта 0,65±0,04×109/л болған, проценттік шамасының
21,02±1,42%-дан 12,65±0,97%-ға дейін азайғаны тіркелді (р<0,01).
Ал супрессорлық белсенділігі бар Т-лимфоциттердің абсолюттік
шамасының да төмендегені анықталды: қалыпты топта
0,57±0,03×109/л құраса, II топта 0,38±0,03×109/л
болған (р<0,01), проценттік шамасының 11,34±0,43%-дан 7,89±0,53%-ға
дейін төмендегені тіркелді (р<0,001).
Қос фактордың әсеріне шалдыққан II
топтағы тәжірибелік жануарларда бұл көрсеткіштің
25,84%-ға артуы лейкоциттердің миграцияны ингибирлейтін факторын
(МИФ) түзу қабілеттілігінің төмендеп кеткенін
анықтады, бұл дегеніміз иммундық жүйенің
Т-жүйесінің функциялық белсенділігінің тежелгенін
көрсетеді. Қос фактордың әсеріне уланған
жануарларда CD19+ абсолюттік саны, пайыздық шамасында нақты
өзгерістер болған: абсолюттік саны I топта 0,43±0,03×109/л
құраса, II топта 0,61±0,04×109/л болған
(р<0,05). Ал пайыздық көрсеткіштерін алатын болсақ
нақты өзгеріске түспегені белгілі болды (р>0,05).
В-лимфоциттердің көрінісінде айналыстағы иммундық
комплекстер мөлшерінің 1,37±0,03-тен 1,17±0,08-ге дейін кемуі (р<0,05)
анықталды. Ал, енді тәжірибелік жануарлардың қанының
фагоцитарлық белсенділігіне келсек, фагоцитоздың пайызы 44,63±2,33%-ға артқаны тіркелсе,
ал бір фагоциттің фагоцитарлық саны II топтағы
тәжірибелік жануарларда 2,28 есеге артқаны анықталды (р<0,001).
Нитро көк тетразолий тест көрсеткіші 4,97 ± 0,56-тен 10,27 ± 0,96-ға
дейін артқан (р<0,01), бұл мәлімет нейтрофилдер
функциялық белсенділігінің арта түскенін көрсетті.
Фагоцитарлық белсенділігінің, санының және НКТ тестісінің
жоғарлауы тәжірибеге алынған жануарларда Т иммунитет
жүйесінің тежелгеніне компенсаторлы артқанын
айқындайды. Қос фактордың әсерінен жануарларда лейкопения,
лимфопения, Т-лимфоциттердің және оның
субпопуляцияларының абсолютті және салыстырмалы санының
нақты кемігені тіркелді. Қос фактордың әсерінен
лейкоциттердің лимфокин түзуші қасиеттерінің
нашарлағаны, В-лимфоциттердің шамасын нақты өзгеріске
түсіріп, АИК мөлшері төменделгені тіркеліп отыр. Т-буынындағы
тежелу үдерістердің аясында бейспецификалық фагоцитарлық жүйе
жасушаларының метаболизмді белсенділіктерінің арта түскені анықталды.
Әдебиет:
1. Прогнозирование действия пылевых частиц различных форм кремнезёма на
организм с учетом их физико-химических свойств: пособие для врачей. –
Екатеринбург: УрГУ, 2003. 23с.
2. Величковский Б.Т. Экологическая пульмонология. – Екатеринбург: Издание
ЕМНЦ ПОЗРПП Минздрава России, 2003. 141с.
3. Раисова Г.К., Телеуов М.К., Сандыбаев М.Н., и др. К последствиям
деятельности СИЯП –онкологическая заболеваемость в Восточном
Казахстане.-Материалы международной
конференции «Медико-социальная
реабилитация населения экологически неблагоприятных регионов», Семипалатинск,
28-29 августа 2006. - С.229.
4. Смирнов П.Н., Магер С.Н. Экологическая иммунология как новое направление
клинической иммунологии, её
научно-практические и научно-организационные задачи, НГАУ, 2005. – С.12.