1Ильдербаев О.З., 1Мәден
А., 1Талдыкбаев Ж.С., 2Нурмуканов Д.К., 1Нурмухамбетова
Г.С.
1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, Қазақстан
2Семей қ. мемлекеттік медицина университеті, Қазақстан
Ортадағы
көмір шаңы мен 0,2 Гр дозалы радиациялық факторлардың
әсері кезіндегі липидтердің асқын тотығуының
өзгерісін эксперимент жүзінде анықтау
Медицина ғылымдарының ішінде
экопатология үлкен орын алады. Ол химиялық, физикалық,
биологиялық факторлардың адам ағзасына әсер етуін зерттейтін
медицинаның бір саласы. Қазіргі таңда босрадикалды
тотығу үрдісі жасушалардың тіршілігінде таптырмайтын
маңызды рөл атқарады. Жасушалардың мембранасының
бүтінділігінің бұзылуының немесе тіршілігін
жоюының негізгі механизмдерінің бірі липидтердің аса
тотығуы. Ағзада босрадикалдардың түзілуі шамадан тыс
жоғарлай түсетін болса, түбі қолайсыз
жағдайларға (зардаптарына) әкелуі мүмкін [1].
Қазіргі таңда босрадикалды тотығу үрдісін зерттеу
жасушадағы оттегін тасымалдаудағы жалпы биологиялық
мәселесін және жұмсалуын, биомембрананың қызмет
етуі, биохимиялық үрдістердің сипатын және оттегіге
тәуелді реакциялардың бұзылуының
заңдылықтарын ашуға, ағзада туындайтын
патологиялық өзгерістердің патогенезін анықтауға
және патохимиялық өзгерістерді бағытты түрде
орнына келтіру мәселесін шешуде маңызды орын алады [2].
Босрадикалды тотығу жүйесінің нәтижесінде зиянды заттар
көп мөлшерде жиналып, жасуша мембранасы компоненттеріне әсер
етіп, иондағыш сәуленің әсерін ұлғайтады [3].
Иондағыш сәулелердің тікелей әсері кезінде
биологиялық маңызды молекулалардың сәулелеу
қуатын сіңіруіне байланысты, яғни иондалу кезінде оттегі
молекуласымен өз ара байланысқа түсетін бос радикалдар
түзіледі [4]. Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты липидтердің
асқын тотығуы (ЛАТ) жүйесінің иондағыш
сәуле және көмір шаңының қосар әсер
етуі кезіндегі рөлін анықтау болды.
Жұмыс
2 сериядан тұратын ересек ақ егеуқұйрықтарға
эксперимент жүргізілді: I – бақылау тобы (n=10), II – көмір
шаңы мен 0,2 Гр гамма-сәулесіне ұшыраған топ (n=10).
Эксперименттік антракозды моделдеуде көмір шаңын беретін арнайы
камерада 50 мг/м3 концентрацияда күніне 4 сағаттан 12
апта бойы берілді. Жануарларды сәулелеу Чехиялық «Теragam»
қондырғысымен 0,2 Гр γ-сәулесі берілді. Тәжірибелік жануарлардан алынған бауыр,
көкбауыр, айырша без, шажырқай лимфа түйіндерінен гомогенаты
даярланды. Алынған гомогенаттарда және қан лимфоциттерінде диен
коньюгаты (ДК) және малон диальдегиді (МДА) мөлшерлері анықталды.
Нәтижелерге статистикалық өңдеу жүргізіліп,
салыстыру t-Стьюдент критерийі ретінде саналды.
Көмір шаңы мен 0,2 Гр дозалы
гамма-сәуле әсеріне уланған жануарлардың бауырында, шажырқай
лимфатүйіндерінде және шеткі қан лимфоцитерінде ЛАТ
алғашқы өнімі ДК шамасы (кесте) қалыпты шамадан тыс
жоғарылап кеткені анықталды. Атап айтқанда, бауыр
гомогенатында қалыптағы көрсеткішпен салыстырғанда ДК
мөлшері 0,68±0,05-тен 1,21±0,09-ға
дейін (р<0,001), шажырқай
лимфа түйіндерінде 0,36±0,03-тен 1,18±0,10-ға
дейін (р<0,001)
және шеткі қан лимфоциттерде 0,28±0,02-ден
0,38±0,03-ке дейін (р<0,05)
артқан. Көкбауыр және тимус гомогенаттарында ДК шамасы
қалыпты тобындағы шамалардан айқынды өзгере
қоймаған (р>0,05). Бүйрек үсті безі гомогенатында
қалыптағы көрсеткішпен салыстырғанда ДК мөлшері 1,16±0,11-ден 0,97±0,08-ге дейін (р<0,001)
азайғаны анықталды. Енді екінші өнімі МДА шамаларына (кесте)
келетін болсақ, зерттеуге алынған айырша безінде және
көкбауырда айқын өзгеріске түспей, тек бауырда, шажырқай
лимфа түйіндерінде және шеткі қан лимфоциттерінде айқын
түрде жоғарылағаны анықталып, липопероксидация
қарқынының арта түскені анықталды. Сандық
сипаттарына келетін болсақ, бауырда қалыптағы
көрсеткішпен салыстырғанда МДА мөлшері 0,13±0,01-ден 0,20±0,02-ге дейін (р<0,05), шеткі
қан лимфоциттерінде 0,08±0,007-ден 0,15±0,01-ге
дейін (р<0,001), шажырқай
лимфа түйіндерінде 0,05±0,005-тен 0,10±0,01-ге
дейін (р<0,01)
артқаны анықталды.
Көмір шаңы мен 0,2 Гр
гамма-сәуле әсерінде ДК және МДА шамаларының бауырда,
лимфа түйіндерінде және қан лимфоциттерінде шамадан тыс
жоғарылауы мембрана құрылымы маңызды деңгейде
деструкцияға ұшырағанын байқатты. Сонымен, зерттеу
мәліметтері бойынша көмір шаңы мен 0,2 Гр гамма-сәуле
әсерінен ағзада бос радикалды статусында қауырттылығы
артып, ЛАТ өнімдерінің артуы жүрген.
Кесте - Көмір шаңы мен 0,2 Гр
гамма-сәуленің қосарлы әсеріндегі липидтердің асқын
тотығудағы өнімдерінің көрсеткіштері, M±m
|
|
Зерттеу нысанасы |
Бақылау тобы |
Көмір шаңы + 0,2 Гр |
|
ДК |
Бауыр |
0,68±0,05 |
1,21±0,09 *** |
|
Көкбауыр |
1,27±0,10 |
1,35±0,09 |
|
|
Шажырқай лимфатүйіні |
0,36±0,03 |
1,18±0,10 *** |
|
|
Айырша безі |
0,48±0,04 |
0,53±0,04 |
|
|
Қан лимфоциттер |
0,28±0,02 |
0,38±0,03 * |
|
|
МДА |
Бауыр |
0,13±0,01 |
0,20±0,02 * |
|
Көкбауыр |
0,33±0,03 |
0,36±0,03 |
|
|
Шажырқай лимфатүйіні |
0,05±0,005 |
0,10±0,01 ** |
|
|
Айырша безі |
0,18±0,01 |
0,19±0,01 |
|
|
Қан лимфоциттер |
0,08±0,007 |
0,15±0,01 *** |
|
|
Ескерту - Бақылау топқа сәйкес айырмашылық нақтысы: *-р<0,05, **-р<0,01, ***-р<0,001 |
|||
Әдебиет:
1.Сейсембеков Т.З., Айтпаев Б.К. и
соавт. Антиоксиданты в
клинике внутренних болезней. Метод.рекомендаци. –Караганда. 1992. –16с.
2.Rao P.S.,
Mueller H.S. Lipid peroxidation and acute myocardial ischemia //Adv Exp Med
Biol. –1993. –161. –P.347-363.
3.Владимиров Ю.А., Козлов Ю.П., Азизова О.А. и др. Перекисное
окисление липидов и нарушение транспорта кальция в биологических мембранах.
Соматосенсорная кинетическая чувствительность в норме и патологии. –Иркутск,
1985. –С.132-133.
4.Москалев Ю.И. Отдаленные последствия ионизирующих излучений.
М., 1991. –463с.