ҚР инвестициялық жағдайына шолу
Еркебалаева
В.З. – ғылыми жетекшісі, э.ғ.к., доцент
Шадиева А.А.
– ғылыми кеңесшісі, э.ғ.к.
Куренбаева Ж.. – 2 курс магистранты, ҚИПХДУ, Шымкент
қ., ҚР
Қазіргі таңда
елiмiздегі инвестицияны басқару мәселесi басты мiндеттердiң
бiрiне айналған. Ел экономикасы шетелдiк қаржыландыру үшiн
өте қолайлы үштiктiң қатарынан көрiнiп
жүр. Саяси тұрақтылық, iшкi экономикалық ахуал
мен индустриялды-инновациялы дамуға бет бұрған мемлекетiмiзге
қаржы құю кiмге де болса оңтайлы.
Бүгінде Қазақстанға инвестиция салуға
құлшыныс бiлдiрушiлер саны жетiп артылады. Оның басты себебi
- мемлекетте қалыптасқан тұрақтылық. Оның
үстiне инвестиция салуда жергiлiктi үкiмет пен инвесторлардың
қарым-қатынасы маңызды. Елiмiзде орныққан осындай
оңды жайттарды ескере отырып, ҚР Президентi жанындағы
шетелдiк инвесторлар кеңесiмен бiрлесiп басқа да салалар бойынша
инвестициялық меморандумға қол қойылмақшы.
Сондай-ақ инвесторлар назарына шикiзаттан тыс ауыл шаруашылығы,
инфрақұрылым және туризм салалары бойынша оңтайлы
бағдарламалар ұсынылды. IV
Инвестициялық саммит iрi компаниялар мен инвесторлардың басын
бiрiктiрдi, ортақ мүдделер мен мақсаттарды анықтады. Ал
ең бастысы, жаңа инвестициялық жобалар бойынша
меморандумға қол қойылды, бұл өз кезегiнде
елiмiздегi инвестициялық салымдардың санын арттырары даусыз. Ал
саммитке арнайы келген шолушылар мен сарапшылар экономиканың қай
саласы қаржыландырусыз, яғни босаңсып тұрғанын
анықтаған.
Осы саммитте Елбасы елiмiздегi экономиканы
жақсартуға, өндiрiс мүмкiншiлiктерiн дамытуға
бағытталған бағдарламаларды атап өтудi жөн
көрдi. Себебi, нақты осы бағдарламалар негiзiнде көптеген
салаларға оның ішінде ауыл шаруашылығы саласына инвестиция
тарту қажеттiлiктерi туындап отыр.
Тәуелсiздiк алған жылдардан берi елiмiзге 108
миллард доллар инвестиция салынған. Бұл Орталық Азия елдерiне
құйылған капиталдың 80 пайызын құрайды.
Қазiр шетелдiк капиталы бар 20 мың кәсiпорын ел экономикасына
өз үлесiн тигiзуде. «Жақын арада
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
қоры инвесторлар үшiн аса iрi жобаларды жариялады. Үкiмет
тарапынан мақұлданған Үдемелi
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы
жобалардың жартысын қазiргi таңда Ұлттық
әл-ауқат қоры қаржыландыруда. Бұл 32 жобадағы
қаражаттың жалпы сомасы 20 миллиард доллардан астам. Басымдық
қосымша құны жоғары өнiм өндiрудi
қамтамасыз ететiн жобаларға берiледi. Инвестицияны тартуда
өндiрiстiң 12 саласы ерекше айқындалып отыр. Атап айтар
болсақ, металлургия, мұнай-химия өнеркәсiбi,
құрылыс, агроөнеркәсiп пен көлiк және
телекоммуникация саласы әлемде желiлiк кәсiпке қол жеткiзген
қаржыгерлердi қызықтырса керек.
Қазақстан тiкелей инвестицияларға,
әсiресе, экономикамыздағы шикiзаттан тыс салаларға
қолайлы жағдайды орнықтыруды алға қойып келедi.
Бүгiнгi таңда шикiзаттан тыс салада - 7 мыңнан астам жоба
жұмыс iстеуде. Бұл топқа «Женерал Электрик», «Арселор
Миттал», «Метро», «Шеврон» компанияларын
шоғырландыруға болады. Шикiзаттан тыс инвестиция салуға SETCO
компаниясының бас директоры Ибрахим Аль-Турки (Сауд Арабиясы)
құлшыныс бiлдiрiп отыр. «Әзiрге
Қазақстанға инвестиция салғаным жоқ. Бiрақ
мұндағы жайлы мүмкiншiлiктер ерiксiз көңiл
аудартты, ендi осы мәселенi мен секциялық бөлiмшелерде
қарастырамын. Болашақта тамақ өнеркәсiбi,
жеңiл өнеркәсiп бойынша қаржы салғым келедi,
әзiрге шолу ретiнде келiп отырмын», - деп қалды.
Мұнда 2020 жылға дейiнгi елдiң
стратегиялық даму жоспарына Орталық Азиядағы шетелдiк
инвестицияға ең тартымды мемлекетке айналу мiндетi кiргiзiлген.
Бұл мәселенiң жүзеге асу мүмкiндiгi артып келедi.
Оған дәлел, соңғы кездерi шеттен келген инвестицияны
жан басына шаққанда елiмiз 10 жыл бойы дүниежүзiндегi
алғашқы үштiкке тұрақты түрде енiп
жүр.
Сондықтан, көптеген сарапшылардың
пікірінше, Қазақстан капитал салуға тартымды елдердің
біріне айналуда. Бұған елдің ішкі саяси
тұрақтылығы, тауарлар мен қызметтер сатылатын
ауқымды нарықтарға географиялық тұрғыдан
жақындығы, пайдалы қазбаларға бай кен орындарының
барлығы және нарықтық қайта
құруға бағытталған бағдарының
жалғасымдылығы ықпал етуде.
Саланың негізгі капиталына
салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері
болып инвесторлардың меншікті қаражаты (87,5%
инвестициялардың жалпы көлемінен), неғұрлым тартымды болып
мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына инвестициялар салу
саналады.
Ауыл шаруашылығы саласындағы терең
дағдарыс жағдайында өзін-өзі ақтау мерзімі тым
ұзақ, күрделі осы салаға шетелдік инвестицияларды
тарту аса маңызды рөл
атқарады. Дегенмен, инвестицияның жоғары тиімділікпен
және барынша көп пайдалылықпен қолдануға
кепілдік беретін салаларға
бағытталатындығы белгілі.
ҚР Президенті өзінің 2030 жылға
дейінгі стратегиялық бағдарламасында өңдеуші
өнеркәсіптерге, инфрақұрылымға, жоғары
технологиялық, ғылыми сыйымды өндірістерге капитал салу
үшін барынша қолайлы шарттарды қалыптастыру арқылы осы
тенденцияны жою міндетін алға тартты. Қазіргі жағдайда
Қазақстанда бұған қажетті барлық алғы
шарттар бар: өндірістік
әлеует, белгілі бір техникалық мәдениет, жұмысшы
күшінің бірыңғай бағасы және жоғары
білікті мамандар жетерлік.
Мемлекетімізде инвестициялармен жұмыс істеу
тиімділігін қамтамасыз ету бойынша
ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҚР ИМК) құрылған болатын.
Аталған комитет республикадағы тікелей инвестицияларға
мемлекеттік қолдау көрсететін бірден-бір өкілетті,
мемлекеттік орган. Сондай-ақ, экономиканың басымдық
салаларына өз капиталын салатын жеке инвесторларға
жеңілдіктер мен артықшылықтарды қарастыратын «Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң
қабылданған. Осындай салаларға өндірістік
инфрақұрылым, өңдеуші өнеркәсіп, Астана
қаласының нысандары, тұрған үй, әлеуметтік
сала, ауыл шаруашылығы мен туризм нысандары кіреді.
Барлық елдерде зерттеулер
кеңейтілген ұдайы өндірісті жүзеге асырудың
негізгі көзі кәсіпорынның меншікті құралдары
екендігін көрсетіп отыр. Демек,
инвестицияны қаржыландыру басым түрде меншікті көздер есебінен
жүргізіледі: негізгі капитал амортизациясы және резервтік
қорлар арқылы. Айталық, АҚШ-та күрделі қаржы
салымының жалпы көлемінде амортизация үлесі – 70-75%
құраса, ФРГ - 55-60%, Жапонияда – 45-50% құрады. Ал
өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету
қаржыларының құрылымында амортизация мен пайданың
арақатынасы барлық
дамыған елдер бойынша 65% және 35% қамтыды.
Бізде негізгі капиталды инвестициялауда
несие ресурстарын алу үшін елімізде пайыздық мөлшер
жоғары күйінде қалуда.
Маржа Канадада 1,48%, қайта қаржыландыру -2,75%, ал пайыздық
мөлшер – 4,23%; АҚШ-та сәйкесінше 2,94%, 1,25% және 4,19% екендігін атап кеткен жөн.
Өндірістің жоғары тиімділігі мен
технологиялық және өндірістік кешендердің жоғары
деңгейін қамтамасыз етуге және жоғары салалы әрі
бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік
беретін, өндірісті ұйымдастыру мен ынталандыру жүйелері
және экономикалық жауапкершілік тетігі
қызығушылық танытады.
Біздің ойымызша, мемлекеттік
құрылымдық саясаттың осы бағытын
республикалық және жергілікті бюджеттерге айтарлықтай
ауырлық түсірместен жүзеге асыра аламыз. Ол үшін
тікелей мемлекеттік инвестицияларды тартумен қатар, осы саланы несиелік
ресурстар мен жеке инвестицияларға, оның ішінде шетелдік капитал
ашуға мүмкіндік беретін
ұйымдық-құқықтық іс-шараларды да
атқару шарт. Мұндай инвестицияларды, бірінші кезекте, отандық
технологиялық құрал-жабдық өндірушілеріне
бағытталатындай етіп, әртүрлі салықтық және
басқа да жеңілдіктер арқылы қолдау қажет, сонымен
қатар осы салаға қатысты дұрыс мемлекеттік
протекционизм саясатын жүргізу керек. Сондай-ақ,
шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы инвестицияларды
қолдау да келешекте инвестициялық саясаттың басым
бағытына айналуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Назарбаев Н.А. Бәсекеге қабілетті адам үшін,
бәсекеге қабілетті экономика үшін, қабілетті халық
үшін (Президенттің Қазақстан халқына жолдауы) // Егемен
Қазақстан.-2008.-20 наурыз
2. ҚР инвестициялық қызмет.
Статистикалық жинағы. 2011ж.
3.
Халқымаұлы Х. Инвестициялық прогресс:
Қазақстандағы проблемалар, дамыған елдердегі
тенденциялар//Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. - 2008. - №2. – Б.107-112.