ӘӨЖ  630*232.322.44:581.1                                                 

 

 «Анатомия және физиология» пәнін оқытуда студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері

 

Нұржанова  А.,  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Б -15  оқу тобы  магистранты

 

Қазіргі замандағы кәсіби білім беру негізгі, яғни жетілдіру жағдайында дамып отыр. Егер оны зерттеушілік құзыреттілікті дамыту арқылы қарастыратын болсақ, бүгінгі уақытта білім беру жүйесінде зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру  қоғамның интеллектуалдық базасын құрудың міндетті шарты болып табылады.

Бүгінгі таңда зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың көптеген әрі әртүрлі міндеттерін атауға болады: оқу үдерісінде зерттеушілік әдістерді қолдану негізінде мамандарды даярлаудың сапасын көтеру; оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану; оқу әрекеттерін интеллектуалдық және шығармашылық құрайтындарды көтеру; білім беру әрекеттерінің әр түрін (оқулық, зерттеушілік) кіріктіру; зерттеушілік әдістерді білім алушының танымдық әрекеттерін белсендіру мен мотивациясын көтеруге ықпал ететін оның жеке ерекшеліктеріне сай бейімдеу; қашықтан оқытудың технологиясын жасау; оқыту үдерістерін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; болашақ педагог мамандарды кәсіби, арнайы дайындау үдерісінде оқытудың зерттеушілк технологияларын енгізу [1].

Демек, білім беру саласында заманауи зерттеушілік әдістерді дидактикалық құрал ретінде, кәсіби әрекеттердегі құрал ретінде, сараптық жүйе мен шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі ретінде, оқыту мен зерттеу әрекеттерін шығармашылық құрайтындарды көтеру құралы ретінде бірнеше бағытта қолданылады.

Бүгінгі заманда ақпараттандыру үдерісі білім алушылар мен оқытушылар еңбегінің өнімділігін көтеру құралы ғана емес, сондай-ақ, адамның кәсіби әрекеттері мен өмірінің бір бөлігі ретінде, қоғам өмірінің көрінісін қалыптастыратын, әлеуметтік қарым-қатынастар мен үдерістерді реттейтін факторлар ретінде түсіндіріледі. А.И.Ракитов, И.В.Соколова және Ю.А.Яковец атап өткендей, ақпараттандыру үдерісі бірнеше бағыттардан тұрады: компьютерлендіру, медиатизациялау және интеллектуалдандыру [2].

Білім беруді модернизациялаудың басым бағыттарының бірі – оның барлық сатыларына зерттеушілік әдістерді енгізу. Білім беру ұйымдарында оқыту үдерісінің сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін және жоғары оқу орындарындағы ғылымға демеу көрсететін ғаламтордың ғаламдық желісіне және жергілікті ақпаратты тораптарға қосу, жоғары оқу орындарын заманауи аспаптармен, құралдармен және материалдармен жабдықтау керектігі нақты көрсетілген[3] .

Білім беру мен ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, адам білімі көлемінің тез өсуі – болашақ маманның, сондай-ақ педагогтың кәсіби әрекеттерге деген дайындығына қатысты көзқарастарды өзгертуге әкеледі. Ал зерттеушілік құзыреттіліктің негізі саналатын зерттеушілік құзыреттілік десек, ол бүгінгі күні осындай дайындықтың көрсеткіші болып табылады.

Зерттеушілік құзыреттілігі қалыптасқан биология мамандығының студенттері кәсіби мәселелерді өздігінен әрі табысты түрде шешуге ықпал ететін кәсіби білімдерді игерген, шеберліктер мен қарым-қатынас жасаудағы жеке қасиеттерді бойына сіңірген, зерттеушілік әдістерді меңгерген өздігінен, кәсіби жетілуге дайын, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталытұлға болуы тиіс.

Зерттеушілік құзыреттілік негізгі, базалық және арнайы құзыреттілікте байқалады. Негізгі құзыреттіліктер – бұл қазіргі заман болмысында кез келген маманның табысты әрекеттеріне қажетті жалпы зерттеушілік құзыреттіліктер. Негізгі құзыреттіліктер құрамына мыналар жатады: тұжырымдамалық, аспаптық, құнды-этикалық, кіріктірілген, контекстік, бейімделмелік, зерттеушілік.

Тұжырымдамалық құрамдас құзыреттіліктер кәсіби педагогикалық әрекеттердің негізгі теориялық негіздерін түсінуден, педагогика ғылымы саласындағы негізгі бағыттарды, философия мен әдістемелерді меңгеру мен теориялық талдаулардан тұрады.

Аспаптық құрамдас құзыреттіліктер негізгі педагогикалық тәсілдер мен шеберліктер, іскерліктерді меңгеруге негізделген.

Құнды-этикалық құрамдас педагогикалық әрекеттердің гуманистік бағыттылығын көтерумен, оның қоғам дамуы үшін маңыздылығымен, оның нормалары мен құнды нұсқауларын қабылдаумен сипатталады.

Кіріктірілген құрамдас құзыреттіліктер әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуде педагогикалық теория негіздерін, тұжырымдамалық ойларды практикамен байланыстыруымен сипатталады.

Контекстік құрамдас құзыреттіліктер кәсіби педагогикалық әрекеттер жүзеге асырылатын әлеуметтік, мәдени, ұйымдастырушылық ортаның ерекшеліктерін түсінуден, педагогикалық үдерісте әр адамның өзіндік қасиеттерінің көріну даралығымен сипатталады.

Бейімделмелік құрамдас құзыреттіліктер педагогикалық үдерістердің қарама-қайшылықтарын, жағдайлардың әртүрлілігін, әлеуметтік-педагогикалық өзгерістердің сипатын, жартылай белгісіздікті, адамдардың мінез-құлықтарының ықтималдық сипатын алдын-ала көре білу мен оған дайын болу шеберлігін білдіреді.

Зерттеушілік құрамдас құзыреттіліктер тұлғалар арасындағы байланыста заманауи ақпараттар ағымын, жазбаша және ауызша құралдарды тиімді қолдану, әр түрлі әлеуметтік-рөлдік педагогикалық бағыттарда диалог жүргізу, әр түрлі адамдардың өзіндік ерекшеліктерін, бағыттарын, пікірлерін қабылдай білу шеберліктерін құрайды.

Базалық құзыреттіліктің болуы нақтылы кәсіби әрекеттерге бастапқы қабілеттілік пен оны іске асыруға дайындығын білдіреді. Нақтылы жұмыстың әдістерін, әр түрлі сипаттағы нақты, кәсіби мәселелерді талқылау мен шешуге қатысуды меңгергенде базалық құзыреттілікті иеленуге болады. Әртүрлі сипаттағы базалық құзыреттіліктерді атауға болады. Олар:

-           біріншіден, өз саласында нақты материалдармен талдамалы жұмыс істей білу шеберлігі, заманауи зерттеушілік технологияларда іздеушілік жұмыс шеберлігі, нормативтік және іс-құжаттарымен жұмыс істеу шеберлігі, зерттеушілік әдістемелерді дайындау тәсілдерін меңгеруі;

-          екіншіден, кәсіби коммуникацияны әртүрлі жағдайда қолдану үшін жазбаша және ауызша сөйлеуді меңгеру, мақсатқа сай келетін іскерлік коммуникацияны құра білу, басқару және ұйымдастырушылық дағдыларды меңгеру, өз ойын дәлелдей білу, командада табысты әрекеттер жасай білу шеберлігі, жауапты бастаманы және кәсіби жетістіктердің тұсаукесерін көрсетуге деген ынталылық.

-                    үшіншіден, білімді үнемі жаңартып отыруға, өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға, іске асыруға деген ынталылық.

Арнайы құзыреттілікті дамыту еңбек тәжірибесі мен болашақ маманның қызықты да әрі ол үшін өзекті болып табылатын педагогикалық мәселелер төңірегіндегі нақты оқу тапсырмаларының, зерттеу әрекеттерінің, педагогикалық жобалаудың және шығармашылық жұмыстардың үйлесімі арқылы жүзеге асырылады.

В.И.Богословский, О.Н.Шиловалар пайымдауынша, бүгінгі таңда ақпараттық ортаның «зерттеушілік құзыреттілік» түсінігімен кеңею жағдайы тағы бір маңызды түсінік – «ақпараттық мәдениет» түсінігімен байланысты болуында, - деп тұжырым жасаған [4].

Сонымен, зерттеушілік құзыреттілік педагогикалық іс-әрекеттерге деген дайындықты заманға сай түсіндірудің негізгі түсінігі болып табылады. Зерттеушілік құзыреттілік – көп аспектілі, кең түсінік. Зерттеушілік құзыреттілік – маман ретіндегі педагог үшін «адам-адам» аясындағы құзыреттіліктің маңызды құрамдастарының бірі болып табылады, өйткені педагогикалық әрекеттердің негізінде құзыреттілік жатыр.

Бүгінгі күні «зерттеушілік құзыреттілік» түсінігі әртүрлі ғылымдармен: педагогикамен, психологиямен, лингвистикамен және информатикамен кіріктіріле қарастырылып отыр. Әр ғылым шеңберінде бұл түсінікті түсіндіруге деген әртүрлі жолдарды атауға болады.

Психологияда зерттеушілік құзыреттілік тұлғалық өзара әрекеттер жағдайының арнайы ортасына қажетті ішкі қорлар жүйесі ретінде қарастырылады (Б.Г.Ананьев, Г.М.Андреева, Н.В.Бордовская, М.С.Каган, А.А.Леонтьев, Л.М.Митина, В.Н.Панкратов, В.Н.Панферов, А.А.Реан, Е.А.Юнина, Н.И.Шевандрин, В.М.Шепель). Бұл тұрғыдан қарастырғанда зерттеушілік құзыреттілік инварианттық жалпыадамзаттық сипаттамалардан да, сондай-ақ мәдени, тарихи шарттылықтардан да тұрады.

Қазіргі уақытта білім берудің зерттеушілік технологиялар саласында терминология қалыптасты деп айтуға болады. Егер бірнеше жылдар бұрын әдебиетте «білім берудегі жаңа зерттеушілік технологиялар», «білім берудің заманауи зерттеушілік технологиялары», «электрондық-коммуникациялық жүйелер, білім берудің құралдары мен технологиялары» сынды синонимдік терминдер кездескен болса, бүгінгі таңда көп жағдайларда олар тек бір ғана «зерттеушілік технологиялар» ұғымымен ауыстырылған. Барлық аталған терминдер баспа басылымдарынан бастап қазіргі кездегі компьютерлерге дейін олармен жұмыс істеу құралдарының және тәсілдерінің кең жиынтығын көрсетеді. Көптеген зерттеушілік әдістердің ерекшеліктері: олар білім беру тарихы жағынан қарастырғанда жаңа техникалық құралдарға, атап айтқанда жеке компьютерлерге, аудио, бейнеқұралдарға негізделген.

                Зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың мақсаты: зерттеушілік әдістерді қолдану арқылы интеллектуалдық іс-әрекеттерді күшейту. Білім беруді ақпараттандыру қазіргі кездегі білім беру парадигмасының шеңберінде болып, оның мынадай: білім берудің үздіксіз, ашық жүйесін қалыптастыру, білім берудің жаңартылған, сондай-ақ ақпараттандырылған технологияларын қолдану, қашықтан оқыту технологияларын енгізу арқылы білім алуда өз бағытын таңдауға мүмкіндік жасау сияқты ерекшеліктеріне де байланысты болып отыр.

Зерттеушілік әдістерді қолдану зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылатыны айдай анық. Бүгінгі күні бұл технологияларды білім беруге енгізу мәселесін зерттеп жүрген көптеген ғалымдар (А.А.Ахаян, В.А.Извозчиков, Т.Н.Носкова, Е.С.Полат, О.Н.Шилова) оларды қолдану бүкіл білім беру үдерісін өзгертеді,- деп есептейді [4].

Зерттеушілік әдістерді қолдану салдарынан білім беру үдерісін өзгерту негізгі екі бағытта жүргізіледі: білім беруді кеңістіктік пен уақыттық өзгерту, сондай-ақ білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің коммуникациялық сипатын өзгерту.

Білім беруді кеңістіктік өзгерту – бұл білім беру кеңістігін кеңейту, қашықтан өзара әрекеттесу мүмкіндіктерінің пайда болуы, білім беру бағыттарының вариативтілігі. Демек, білім беру үдерісінің жаңа кеңістігін ұйымдастыруға деген қосымша талаптар пайда болады: тиісті жабдықтардың, жұмыс орындарының болуы. Осыған байланысты болашақ мамандарды даярлауға деген жаңа талаптар да пайда болады: оларға оқытушының кеңесімен немесе олардың өздігінен білім алу бағыттарын жасау, өз жұмыс кеңістіктерін ұйымдастыру, ақпараттар ағымында бағдар алу, аса қажеттілерін таңдап алып, дұрыс орналастыра білу шеберліктері қажет. Міне, сондықтан субъектінің білім әрекеттерін: жоспарлау, болжам жасау, рефлексия шеберліктері сияқты ерекшеліктері аса қажет.

 

                        Пайдаланылған әдебиет тізімі

1.     Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақстан мектебі. №4, 2005 ж.

2.     Тұрғынбаева Б. Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту. Қазақстан мектебі. №8, 2004 ж

3.     Балкенов Ж. Студенттерді шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздері. Қарағанды, 2005 ж.

4.     Тұрғынбаева Б. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алматы, 1998 ж.

5.     Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2005 ж.