Музыка
сабағында интербелсенді әдістемені
қолданудың маңызы
Жармағанбетова
Ж.Р. - Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институтының
аға оқытушысы, магистр
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет
дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени
саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің
жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің
өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні
күннен күнге айқындалып келеді.
Бүгінгі
педагог ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту
технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім
берудегі дүниетанымдық, ұстанымдарды жүзеге асырады. Оқытудың
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын пайдалана алу
әрбір мұғалімнің біліктілігін анықтайды.
Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде мұғалімдердің инновациялық
іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі- маңызды
мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел
дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда
жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны
қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Қазақ педагогика және психология
ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі Ж.Аймауытов
«... Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі
жаңадан жаңаны табатын өнер» деп оқыту үнемі
ізденіспен, «жаңадан жаңаны» жасайтын іс-әрекет екенін
айтқан еді. Сондықтан қай пән барысында да тек
оқулықпен шектелмей, оқушының да
шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлу
қажеттігі туындайды. Мұғалім үшін ең бастысы –
сабаққа лайықты әдіс-тәсілдерді дұрыс
таңдау.
Бүгінгі күні біздің
қоғамға проблемаларды шеше алатын, өздігінен шешім
қабылдай алатын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір
ұсына алатын және ұжымда, топтарда тиімді жұмыс
істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар
жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп
және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп
жатқан әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні
жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын
оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін
жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру
шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені
сөзсіз.
Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір
әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне
әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің
үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы
қажет.
Интербелсенді оқыту бірінші мезетте білім игеру
процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына
негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы
ұғымды білдіреді «inter»
дегеніміз «өзара» мағынасында,
ал «act» «әрекет жасау»
дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы
үйрену[1 ,8 б.].
Интербелсенді
оқуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағды,
құзырлылық, машықтарды иемденеді: терең
және жүйелі ойлану, ақпаратты өздігімен түсініп,
оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу,
ақпаратты жан-жақты талдау және бағалау, өздігімен жаңа түсінік пен
білім құрастыру, пікірталастарға қатысып, өз ойы
мен пікірлерін дәлелдеу, шешім қабылдау және қиын
мәселелерді шешу, өз біліміне, өміріне деген жауапкершілікті
терең сезіну, басқалармен тиімді
қарым-қатынас құру. Бұл дағдылар мен
құзыреттіліктер болашақта білім алушыларды
мәселелердің шешімін табуға жетелейді.
Интербелсенді оқу технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті
барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық,
эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді
сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық
әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға
кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының
іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру
тәсілдерін айтамыз [2,191 б.].
Музыка сабағында интербелсенді оқу технологиясын пайдалану ролдік
ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырып,
әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға,
танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік
береді.
Музыка сабағында
интербелсенді оқыту мынадай
жұмыс түрлерін қамтиды:
бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл
сыныппен), оқу, ролдік ойындар, пікірталастар, ақпараттың
әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция,),
шығармашылық жұмыстар, презентациялар, компьютерлік
оқыту бағдарламалары, тренингтер, интервью, сауалнама
өткізіп, оның қорытындыларын талқылау мен талдау,
кез-келген оқу әрекеттерін сауалнамамен аяқтау. Музыка
сабағында интербелсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолданғанда оқушылар
төмендегі іс-әрекетті жүзеге асырады:
Ø
терең ойлану, жеке
рефлекциялық қабілеттерді дамыту;
Ø
өз идеялары мен әрекеттерін талдау
және оларға баға беру;
Ø
ақпаратты өздігімен
түсініп, ішінен керектісін таңдап алу;
Ø
ақпаратты жан-жақты талдау;
Ø
пікірталастарға қатысып,
өз ойы мен пікірлерін
дәлелдеу;
Интербелсенді оқыту бірлесе үйрену идеяларын
ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен
топтық жұмыс, диалогтық оқыту, сын тұрғысынан ойлау әдістерінің
маңызын баса айту керек. Топтық жұмыс өзін-өзі
мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып
табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның
өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен
олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық
үйренушілердің жұмысқа белсене қатысуын
қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста шәкірттер
өздерінің коммуникативтік дағдыларын (тыңдай білу, әр пікірді ескеру, ортақ шешім
қабылдау, жанжалдарды болдырмау)
іс жүзінде қолданады.
Cын тұрғыcынан
ойлауда білім бeру үдeріcін баcқармай, бағыттап отыру
қажeт, яғни дайын ақпаратты ұcынбай, өз бeтіншe
іздeну, cалыcтыру, талдау, пікірлeрін ашық айтып, көзқараcтарын
дәлeлдeу cияқты іc-әрeкeттeрді орындау[3,14 б.].
Оқушылар кeлecідeй cтратeгиялардың (нeгізгі ойды cурeттeу, топтаcтыру, эcce
жазу, джигcо, инceрт, вeнн диаграммаcы,
кубизм, қоc жазба күндeлік, ой қозғау жәнe т.б.) мазмұнымeн
таныcып, оны cабақ барыcына тиімді қолдану мүмкіндіктeрін
ойлана баcтайды, өз бетінше ізденуге дағдыланады.
Музыка
сабағында тарихи мағлұматтарды қамтитын,
аңызға құрылған (күйлердің шығу тарихы,
халық аспаптары, музыкалық жанрлар, халық әндері,
оркестр түрлері) тақырыптарды топтық тапсырмалар беру арқылы
түсіндіру тиімді. «Елшілер»
әдісін алсақ мұнда белсенді
тыңдау, шешендік өнер және сөйлеу мәнері,
бөлу және өзара байланыс құру маңызды
алады. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір
адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру
және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір
шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа
топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып,
білгендерін айтып береді. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің
тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді
тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
Қазіргі
кезде білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен ізденіп
алудың тұлғаны дамытуда маңызы зор, сондықтан
ұстаз оқушыларды өздігімен білім алуға жетелейтін
әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізіп отыруы қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Әлімов
А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер.
Астана,2014 8б.
2. Бөрібекова
Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы
педагогикалық технологиялар Алматы,2014,
– 191 б.
3. Темпл
Ч., Стилл., Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу
арқылы дамыту» жобасы үшін әзірлеген V құрал. – Алматы, 1998, –14б.