Махмединова Ж.Ж.,
Ибрагимова К.Е.
Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Дискуссия жоғары сыныптың ағылшын тілі
сабағында коммуникативтік дағдыларды дамыту әдісі ретінде
Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан
көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік
құрамының молдығы жөнінен ойып орын
алған тілдердің бірі. Тіл адамның
қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол
адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы
болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми
тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде
XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу
әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің
бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш
болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович,
Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.б Л.Щерба: «Сөйлеу
әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол
сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», – деген.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей: «Өсіп келе жатқан
ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы
білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың
біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», -
деген міндетті белгілейді. Біздің зерттеуіміз
бүкілхалықтық талқылаудан өткен, өзектілігі
күнбе-күн артып келе жатқан осы құжаттарда
қойылған сұраныс бойынша зерттеу жұмысын
жүргізуге арналады.
Сонымен оқытудың белсенді әдістері
"білімденушілердің қабілетін саналы тәрбиелеу"
және "олардың қажетті әрекеттерін саналы қалыптастыру" арқылы
"өз мезгіл ішінде көп күш салмай қажетті білім мен дағдыларды меңгеруіне" ықпал етеді.
(Г.П. Щедровицкий).
Пікірталас
әдістері.
Дискуссия өте ежелден белгілі, орта
ғасырларда өте кең қолданылады ( мысалы, пікірталас
арқылы шындықты табу). Бұл әдістің негізгі
қызметі белгілі бір мәселе бойынша көзқарастардың
пікірталасы арқылы жаңа білімді игеру,өз пікірін бекіту болып
табылады. Дискуссияны міндетіне таным процесін дамыту, стимулдау жатады.
Айтысу,
ұстанымдардың қарама-қайшылығы,талқыланып
отырған материалдың
мазмұнына ерекше маңыз беру
секілді пікірталас элементтері оқытудың барлық формалары
қолдануы мүмкін. Пікірталас-лекцияларда әдетте
көтерілген мәселеге қарама-қайшы көз
қарастары бар екі оқытушы шығады немесе артистік дарыны бар
бір оқытушы шығады. Бұндай жағдаятта дауысты
өзгерту, маска пайдалану тәсілдеріде қолданылады.
Пікірталасқа мүмкіндігінше оқытушыларды
қатыстыру керек. Бұл жағдайда әлеуметтік механизмдерді
қалыптастыратын белгілі бір топтар құрылғаны
дұрыс. Олар іс-әрекетінің жаңа әдістерін күшейтеді
немесе жаңа тәсілдерді ойлап табады.
Дискуссиялық әдістерді тиімді түрде жүзеге
асырудың бір жолы
пікірталасқа түсушілердің алдын ала білікті дайындығы
болып табылады.Оған көтерілетін мәселе бойынша қажетті
білімді жинақтау, өз ойын шұбаланқы емес,
қысқа да нұсқа
жеткізе білу, өзінің эмоциясын бақылай білу,
сұрақты нақ әрі анық қою,оппоненттің
ой-тұжырымына құрметпен қарау т.с.с. жатады.
Дискуссиялық әдісті
тек гуманитарлық пәндерді жүргізу барысында пайдаланған
ұтымды деген пікір жансақ, өйткені бұл әдісті
тарих, әлеуметтану, этика, әдебиет сынды пәндермен қоса
химия, физика, биология т.б. пәндерді өткізу үшін
қолдануға әбден болады. Бұл жағдайда дискуссия
ғылыми-танымдық пікірталасуға айналу керек.
Сонғы
кездері аралық және қорытынды бақылауды тест
арқылы өткізудің оқушылардың сөйлеу
қабілетін, ойын жеткізе білу қабілетін төменднтті деген пікір
айтылуда. Сондықтан практикалық сабақтар барысында бұл
әдісті пайдалану- жоғарыда айтылған өзекті
мәселенің тиімді шешімі.
Бұл
әдістің тәрбиелік мәні де жоғары. Оның
көмегімен білім алушылардың мінез құлқы,
темпераменті, есте сақтау және ойлау қабілеті сияқты
танымды процестерді диагностикалаумен қатар, олардың
тәртібін, әрекетін, өзін-өзі ұстай алу
қабілетін тәрбиелеп, дамытуға мүмкінік туады.
Дискуссия
тақырыбын тандағанда терең мазмұнды тақырыптармен
қатар, адамгершілік мәселелері, адамдар арасындағы
қарым-қатынас жөнінде пікірталастыруға болады. Сонымен,
пікірталас(дискуссиялық) әдістері-тек оқыту ғана емес,
сондай-ақ, тәрбие тәсілі болып табылады.
Сөйлеу- адамның сөз
әрекетінің бір түрі, яғни сөз
әрекетінің түрлерінен адам өз ойын басқаға
жеткізіп, дәлелдей алады. өз көңіл-күйін, қуанышын,
ренішін білдіреді, сендіреді. Сөйлеудің 2 түрі бар.
Оның бірі монолог, екіншісі диалог. Бұлар бір-біріне
ұқсас болғанымен, олардың арасында елеулі
айырмашылықтар бар. Монолог жеке адамның біреуге арнап айтқан
сөзі, бұл сөйлеудің ерекшілігі сол бұл жерде бір адам
сөйлейді, басқалары тыңдайды. Ал диалогта аз дегенде 2 адам
сөйледі ( диа – екі деген мағынаны білдіреді). Бұл жерде
сөйлеушілер кезек-кезек сөйлейді, яғни диалогтың
екі жақтылығында.
Диалогқа, яғни
сұқбатқа қатысушылар саны екі және одан да
көп болуы мүмкін. .
Диалогқа
үйретуде көретін кинофильм, бейнефильмдердің, арнайы
оқылған әңгімелердің маңызы зор. Оқушылар
осы тақырыптарға байланысты әңгімелесіп, олардың
кейпкерлері туралы өз ойларын бір-біріне айтады, келісетін-келіспейтіні
туралы әңгімелеседі.
Егер өтілетін тақырып
экология табиғат туралы болса төмендегідей тапсырмаларды
қолдануға және
ситуацияларды беруге болады. Ситуацияларды
негізге ала отырып мини диалогтан бастап, диалогты күрделендіре беруге
болады. Қазақстанның экологиялық жағдайлары нашар қалалары туралы
әңгіме, мәтін оқи отырып осыған талдау
жасауға жұмылдыру. Мысалы, Семей полигоны, Балқаш, Арал
тағдыры атты мәтіндерді оқыдық, талдадық,
сөз тіркестерімен жұмыс істедік.
Ситуацияның бірінші түрі: сіз
қала сыртында дем алып жүрсіз, біреулер қоқыс тастап,
таза жерді ластап жатыр. Сіз
көршіңіз екеуіңіз осы тақырыпқа дауласыңыз.
Ситуацияның екінші түрі: теледебат. Сіз
хабарды жүргізушісіз, халық сізге Қазақстанның
экологиялық жағдайы туралы сұрақ қояды
(халық студенттердің көбі).
Ситуацияның екінші түрі:
қаланың ортасына Жанармай колонкасын салады, ал сіздер сол
жердің тұрғындары болып қарсылық
білдірдіңіздер.
Ситуацияның
төртінші түр: бір мекеме басшысы өз зауытының
шығатын қоқыс туралы мәлімет беріп оның
қоғамға зиянды еместігін дәлелдейді, оған
халық сұрақ қояды (түрлі сұрақтар
қойылады, қолдайды, өтінеді, сұрайды, қарсы
болады). Оқушылар бір нәрсеге
сенетінін, келісетінін, қолдайтынын көрсете алатын
жағдайда болуы керек. Диалогпен жұмыс істей отырып,
түрләі әдістерді қолдана отырып жаңа
тақырыпты өткен маттериалдармен тығыз байланыстыра отыру
қажет. Егер тақырып отбасы болса, барлық тірек сөздер
осы тақырып төңірегінде болу қажет. Диалогқа
үйретуде студенттердің алдына қойылған міндеттер
төмендегідей болу қажет.
-
әңгімені толық тыңдап, сөйлесушімен арадағы
әңгіме белсенді араласу, өз ойын, өз пікірін айту,
басқалардың әңгімесін қолдай білу;
- жаттанды
диалогты ғана емес, кезөкелген жағдайды әңгімеге
араласа білу;
- өз
еліің, өз отбасың туралы еркін сөйлесе алуға
үйрету.
Ауызша
сөйлеуге үйрету барлық сыныпта жүргізіледі. Оның
әр сыныптағы мәні өзгеше екендігі
анық. Оқушыларға жатық, шебер сөйлеуге
баулудың мәні зор екендігі сөзсіз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан
мектебі. №1.2004 қаңтар. Ғылыми–педагогикалық журнал.
2.
Игенбаева Р.Т Жоғарғы
мектеп педагогикасы. №5.2007
қаңтар
3.
Мектептегі шет тілі.
Республикалық әдістемелік – педагогикалық журнал. №3(45), 2010.
4.
Рогова
Г.В. Методика обучения английскому языку. – Москва, 1975.