Жумагазиева
Райхан Маликовна
Орал
қаласы, №12 жалпы орта білім беретін мектебі
Білім беру
мазмұнын жаңарту – бүгінгі күн талабы
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып
жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын
жаңартуға және өсуден тұрақты даму
кезеңіне өтуге бағытталған. Білім беру мазмұнына,
оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген
көзқарастардың түбегейлі өзгеріс туралы елбасымыз
Н.Назарбаев : «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік
үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай
бағыт алып барамыз», - деген еді. Қазақстанның
әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің
стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа
сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда.
Осыған
орай, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету
арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру- Елбасымыздың Ұлт жоспары –
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»,
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»,
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық
іс-қимыл жоспары» және басқа да білім саласындағы
стратегиялық бағдарламалық құжаттар болып
табылады.
Мемлекет
бюджетінің 60-70 пайызы жыл сайын білім саласын дамытуға
жұмсалып отырады. Материалдық-техникалық база
жылдан-жылға жақсарып,мұғалімдердің біліктілігін
арттыру, мәртебесін көтеру бойынша да жұмыс атқарылудыа.
Ал білім сапасы, жалпы оқушылардың функционалдық
сауаттылығы жыл сайын төмендеп бара жатыр.
Білім сапасының төмендеу
себептеріне тоқталып көрсек:
- бастауыш,
негізгі орта және орта білім беру бағдарламаларында
сабақтастықтың жоқтығы салдарынан орта буында
(5-9 сынып) білім сапасының төмендеуі.
- оқушыларымыздың
ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерден
құзыреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылары,
функционалдық сауаттылықтарының жеткіліксіз болуы.
- оқушылардың
әлі де болса «жаттанды» білім алып келуі. Бұл мемлекеттік білім
беру стандартына және білім мазмұнын жаңарту
бағдарламасына түбегейлі қайшы және оқыту
сапасына кері әсер етуде. Бұл проблемадан шығудың
бірден бір жолы - пәндерді «жаттанды» оқытудың орнына
жүйелі оқытуға көшу
- мұғалімдердің
білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын инновациялық
технологияларды өз дәрежесінде меңгере алмауы.
ҚР білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының тағы да бір маңызды бағыты –
арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуда оқыту, тәрбие
беру және оңалту жұмыстары қатар жүретіндіктен,
басты мәселе – тиісті кадрлармен қамту және сол
мамандардың өз білімі мен тәжірибелерін ортаға салып,
инклюзивті білім беруді жүзеге асыруына мүмкіндік жасау болып отыр.
Ол үшін әрбір мектеп инклюзивті білім беру мәселесімен
айналысу керек. Сол мектептердің материалдық-техникалық
базасын қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, штаттық
кестесіне дефектолог, тәрбиеші бірліктерін енгізуді қолға алу
қажет. Кез келген дамыған елде мұндай проблемалар
үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлер арқылы шешіледі. Демек
бізге де осындай ұйымдардың көмегіне жүгінетін кез
келген сияқты.
Ұлы ойшыл
Әл-Фарабидің: «Адамға ең алдымен білім емес
тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас
жауы», - деген сөздері ұстаз қауымының ұранына
айналуы тиіс. Елбасымыз Н.Назарбаев біздің алдымызға: «ХХІ
ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген,
жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу
керек», - деп жауапты міндет қойып отыр. Бұл міндетті жүзеге
асыру барысында оқушыларды қосымша білім берумен қамту
маңызды болып отыр.
Қазір әлемдегі үздік тәжірибені меңгерген
мұғалімдер орта мектеп жүйесіне жаңаша леп
әкелуде. Білім беру қызметінің сапасын жаңа
деңгейге жеткізеді деп айтуға толық негіз бар.
Адами
капиталды дамыту, білім сапасын арттыру, т.б. мәселелер бойынша
мемлекеттік бағдарлама білім ұйымы басшыларының алдына
үлкен міндеттер қоюда және білім беру жүйесінің
тұрақты дамуы негізінен ұйым басшысының
басқарушылық іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігіне
ешкімнің күмәні жоқ.
Ұлы
педагог К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз
көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды,
ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де
жойылады», - деген екен. Сондықтанда
жалпы білім беретін мектептерде :
1. ҰБТ
қорытындысы бойынша әрбір жетістік пен кемшіліктер
әдістемелік отырыстарда, педагогикалық кеңесте
талқыланып, сараптама жасалып, жаңа оқу жылында білім сапасын
көтеру мақсатында арнайы жоспар құрылса;
2.
Оқушылардың пәндік білім сапасы ай сайын дайындалған
пәндік тапсырмалар арқылы директорлық бақылауға
алынып, әрбір оқушының білімі жөнінде рейтинг жасалып,рейтинг
нәтижесі әдістемелік, педагогикалық отырыстарда талқыланып
бақылауға алынып, кадрлар жұмысы үнемі
қадағаланса және пед кеңестерде талқыланып отырса.
3.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар
жүргізілсе.
4. Оқыту
үрдісіне заманауи әдістер мен технологиялар деңгейлік тапсырмалар
негізінде енгізілсе-деп ойлаймын.
Елбасымыздың
білім саласын ерекше назарда ұстап, өзінің тікелей
қамқорлығына алуы, оны мемлекеттік даму саясатының
өзегі деп қарайтыны бәрімізге белгілі. Ендеше біздің
жұмысымыздың басты нәтижесі - Тәуелсіз еліміздің жарқын
болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу болатыны сөзсіз.
Қорыта айтсақ, сапасы жоғары білімі бар ұрпақ
тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті
мемлекет бола алады.