Ш.К. Сарсенгалиева

Орал қаласы, Қазақстан

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: «1-5 дейінгі сандар», Тура және кері санау.

Білім беру саласы: «Таным»; Бөлімі: «Қ.МҰ.Қ.»

Мақсаты: 1-5 дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдыларын жетілдіру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Өткен тақырыптарды ойын тапсырмалар арқылы пысықтау.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, әңгімелесу.

Қажетті көрнекі құралдар: Математика дәптері, көрнекі құралдар.

Үштілділік компонент /билингвальный/: бір-один-one, бес-пять-five

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

 1-ден санауды үйреніп,

қатысамыз бәріміз.

5-ке дейін санаймыз,

 Қызығамыз бәріміз.

 -Қазір кай мезгіл?

 -Күз мезгілінде неше ай бар?

 

Балалар амандасу шеңберін жасайды

 

Күз мезгілі

 3 ай

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 Ашық хат туралы әңгіме

 Ал,балалар тыңдайық,

 Ойланайық,саспайық.

 Қандай жұмбақ болса да,

 Шешуп оны тастайық.

 Жұмбақ есеп

Cуда жүр 3 үйрек,

Келді оған 1 үйрек.

Барлығы неше үйрек.

Ағашта 5 торғай отыр,одан 3 торғай ұшып кетті.Ағашта неше торғай қалды? Табақта 3 алма,қолымда 2 алма,

Барлығын қосқанда,болады неше алма?

Ағаштағы 4 алмұрт,

Піскен екен тимей құрт,

Алмат алым екеуін,

Қалдырған екен нешеуін?

 1 – ден 5 – ке дейін санау.

Тура және кері санау

(3 тілде айтылады)

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ

Жасырып ем бесеуін,

Қалды мұнда нешеуі.

Бесеуі екен қалғаны.

Дәптермен жұмыс.

Натрурал сандар қатарын көрсетуге болады. Содан соң вагондардың бір – бірлеп тоннельден шығып жатқанын айту. Бізге оларды қалай санау керек? Міне, бір вагон шықты, оның артынан тағы бір вагон шықты.

№ 1 және № 2 тапсырмалар орындалады.

Осылайша балалар 5 – ке дейін тура және кері санау дағдыларын бекітеді, бір – бірден қосуды, азайтуды үйренеді.

Сергіту сәті:

Ал санайық санамақ,

 Саусақтарға қарап-ап.

 Қане,қане,санайық,

 Санап біліп алайық.

 1,2,3,4,5,

 Қолымдағы саусағым нешеу?

 Ойын «Көршісін тап! »

 Дидактикалық ойын «Ойлан,тап»

 Шарты 1-5 дейін сұраққа жауап

 Аптада 1 күнді қалай атаймыз?

 1 санынан кейін қай сан болады?

 Бағдаршамның неше көзі бар?

 1 жылда неше мезгіл бар?

 Жұлдызшаның неше тармағы бар?

Жұмбақ есепті шешу

 

 

 

 

 

Жауабы:4 үйрек

 

 

2 торғай қалды.

 

Жауабы:5 алма

 

Жауабы: 2 алмұрт

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы қызығушылықпен қатысты.

 

 

 

 

 

Математикалық сергіту сәтіне қатысады.

 

 

 

 

Барлығы орындады.

 

 

Жауабы:5

 

 

№ 1 және № 2 тапсырмаларды берілуі бойынша қосып, азайтып үйренеді.

 

Сергіту сәтін орындайды.

Сурет бойынша берілген тапсырманы орындайды.

Іс- әрекетті бағалау кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қорытынды:

№3 тапсырманы (сандарды 1 –5 дейін сызып қосу) сандар қатарының ретін қалай меңгергендерін тексеру үшін, өз беттерніше орындауды ұсыну.Оқу іс -әрекетін қорыту және оған белсенді атсалысқаны үшін балаларды мақтау.

Орнамыздан тұрайық,

Қолымыздан ұстайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

 

№ 3 тапсырманы орындайды.

 

Тапсырмаларды орындаған балаларды мадақтау және оқу іс -әрекетін қорыту.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-5 дейінгі сандар қатарын, тура және кері тәртіппен санай алуды білу.

Қандай түсініктерді игерді:Үш тілде санауды игерді және түсіне білді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: 1-5 дейін тура және кері санауды үйренді.