Каримова Айымгүл
Құбайдоллақызы
Орал қаласы, №12 жалпы білім беретін
мектебі
РАЦИОНАЛ САНДАРДЫ ҚОСУ МЕН АЗАЙТУ.
КООРДИНАТАЛЫҚ ТҮЗУДЕГІ ЕКІ НҮКТЕНІҢ
АРАҚАШЫҚТЫҒЫ (ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ)
Сабақтың мақсаты:
1)
Оқушылардың теріс сандарды және таңбалары әр
түрлі сандарды қосу, азайту тақырыптары бойынша алған
теориялық білімдерін практикада еркін қолдана білуін жетілдіру,
тиянақтау.
2)
Оқушылардың ауызша есептеу қабілеттері мен
логикалық ойлауын арттыра отырып, шығармашылығын дамыту.
3)
Ақыл – ой тәрбиесіне, жауапкершілікке, жұмыс
нәтижесіне жетуге, өз мүмкіндігіне сенуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: презентация, интербелсенді тақта,
бағалау парағы, үлестірме материалдар.
Сабақтың түрі:
аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту,
практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а)
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә)
оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын
тексеру.
Бүгінгі
сабақтың ұраны: «Халық пен халықты, адам мен
адамды теңестіретін нәрсе – білім». (М. Әуезов)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №519; 520
1) Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап алу
2) Ауызша есептеулер
3) Альтернативті
жауап парақшасын толтыру: Сұрақ: ("Ия",
"Жоқ")
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
№516
ІV.Есептей отырып, жауапқа сәйкес сөзді
табыңдар
Есептің жауаптарын
құрастырғанда «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН»
сөзі шығады. Тәуелсіз
Қазақстан туралы оқушылардың пікірлерін тыңдау.
V.Қосымша
есептер шығарту.
Есеп №1
Координаталық түзудегі АВ, СD,
EF, KLкесіндісінің ұзындығын табыңдар:
Есеп №2. Қосымша есеп
(Өмірмен байланысты есеп):
Айдың басында әкеміз 67 000 тенге жалақы алды.Осы
ақшадан – 15 000 тг комуналдық төлемге төленді, - 40
000 тг банктен алынған несиесін төледі , жанұядағы
үлкен ұлдың сыртқы киімін алуға -20 000 тенге
қажет болды. Айдың ортасында анамыз +50 000 тенге жалақы
алды. Балалардың мектептегі күнделікті тамағына
- 8 000 тг, жанұяның тамағына
-20 000 тг, машинаның қысқы дөңгелегіне
– 20 000 тг бөлінсе жанұяға кірген бір айлық табыс
жетема?
Ш: 67 000-15 000 - 40 000 – 20 000 + 50 000 – 8 000 – 20 000 – 20 000 = - 6 000
VІ. Сабақты бекіту.
Тестпен жұмыс (әр оқушы алдындағы
парақшадағы тестті орындайды).
1) Есептеңдер: - 5, 2 - (- 7, 3) - 6,
7=
А) - 4, 6
В) 19, 2
С) - 19, 2
2) Есептеңдер: 14, 8 - 1, 78 - 18, 1=
А) – 5, 08
В) 5, 08
С) - 3, 8
3) Есептеңдер: 5 - (- 13) - 24, 16=
А) – 6, 16
В) 20, 16
С) 6, 16
4) Есептеңдер: - 3, 4 – ( +8, 19 ) - 4, 5=
А) - 22, 25
В) 22, 25
С) 0, 29
5) Есептеңдер: - 8, 6+1, 78+4, 23=
А) - 2, 59
В) 14, 61
С) 2, 59
VІІ. Үйге тапсырма: №516 /2,4/, №518
VІІІ. Бағалау.