Омарова Роза Конаровна

              №12 жалпы орта білім беретін мектебі, Орал қаласы

СОЛТҮСТІК ЕУРОПА ЕЛДЕРІ

Тақырыбы:

Солтүстік Еуропа елдері

Мақсаты:

Солтүстік Еуропа елдерінің экономикалық географиялық және геосаяси жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына сипаттама беріп, тақырыптың мәнін ашу. Оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

Экономикалық географиялық жағдайын, табиғатының алуан түрлі ерекшеліктерін біліп, халқының тұрмыс-тіршілігі, елдері жайлы мәліметтер алады.

Негізгі идеялар

Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі. Сандық технологияларда құзырлық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз етіледі. Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.

Сабақтың әдісі:

Географиялық диктант, бірін-бірі оқыту (рөлдік, топтық жұмыс), «Екі жақты күнделік» әдісі

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.  Ұйымдастыру

кезеңі

2 минут

Оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын қадағалау. Мамандық аттарымен топтарға бөлу. Бағалау парақтарын тарту.

Дайындық, есеп береді. Топтарға бөлінеді. Бағалау парақтарымен танысады.

2.  Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

Географиялық диктант.

 

Сұрақтарға жауап береді

Парақтарын бір-бірлеп айырбастап, тексеріп, бір-бірін бағалайды.

ІІІ. Жаңа сабақ

8 минут

 

 

 

 

 

5 минут

 

9 минут

Бірін-бірі оқыту (рөлдік, топтық жұмыс)

1-кезең. Эксперттік топ (мәтінмен жұмыс)

1-топ. Тарихшылар – Экономикалық-географиялық жағдайы

2-топ. Климатологтар – Табиғат жағдайлары мен ресурстары

3-топ. Демографтар – Халқы

2-кезең. Жұмыстық топ.

Әр топ мүшелері басқа топтарға барып, тақырыпшаларын түсіндіреді.

3-кезең. Қорғау.

Тақырыпшалары бойынша оқулықтағы мәтінді оқиды. Постермен жұмыс. Талқылайды, түсіндіреді, қорғайды.

IV. Бекіту.

1 минут

 

 

5 минут

«Солтүстік Еуропаның табиғаты» бейнебаян

 

 

«Екі жақты күнделік»

Бейнебаянда мен мынаған назар аудардым

Менің бейнебаянға деген пікірім

Бейнебаянды көреді.

 

 

Сыни тұрғыда ойлана отырып пікірлерін жазып оқиды.

V. Бағалау

4 минут

Критерий арқылы бірін-бірі бағалау, топтық бағалау, формативті бағалау.

Өздерін, бірін-бірі бағалайды.

VІ. Үйге тапсырма.

1 минут

§29. 165-168 бет

Шығармашылық жұмыс: Солтүстік Еуропа елдерінің қалалары және туристік обьектілері туралы хабарлама жазып келу

Күнделікке толтырады