Дүниетану сабақтарында бейнелеу көрнекі құралдармен жұмыс істеу әдістемесі

 

Арынова Г.Ғ. аға оқытушы

Абай атындағы ҚазҰПУ

 

       Оқушылардың  көбінесе көптеген обьектілер мен  құбылыстарды тікелей табиғатта байқауға мүмкіндігі болмайды. Мұғалімдер оларды дүниетану сабақтарында таныстыру үшін басылып шыққан құралдарды: картиналарды, таблицаларды, фотосуреттерді, открыткаларды, иллюстрацияларды пайдаланады. Оқу таблицалары мен картиналарды басқа құралдармен үйлестіре білсе, оқушылар көптеген табиғи обьектілер мен құбылыстардан бейнелі түсінік алады.

     Таблицаларды пайдалану әдістемесінің мынадай негізгі кезеңдері бар: таблицаларды анықтап қарау, обьектілерді зерттеп, бөліп көрсету, олардың арасындағы байланыстарды белгілеу, обьектілерді басқа обьектілермен салыстырып,  оның табиғаттағы орнын анықтау. Мұғалім сұрақтардың жәрдемімен оқушылардың көрсетілген обьекті туралы не білетінін айқындап, олардың назарын өте ерекше белгілерге бағыттайды. Бұл үшін табиғи обьектілерді: гербарийлерді, тұлаптарды, модельдерді қосымша пайдалануға болады.

      Мұғалім сыныпта таблицаны көрсетер алдында оған қосымша берілген әдістемелік нұсқаумен  танысуы керек, онда таблицамен қалай жұмыс істеу, қандай әдістерді, формулалар мен тәсілдерді пайладану керектігі көрсетіледі.

      1-2 сыныпқа арналған таблицалар жылдың әр мезгілінің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, мұғалім «Көктем» таблицасымен жұмыс істей отырып мыналарды  айқындайды:

- өлі табиғатта көктемде қандай өзгерістер болады?

- аспанның түсі қалай өзгерді?

-  қар қандай күйге түсті?

    Бұл таблицамен жұмыс істегенде осы жыл мезгілдерінің ерекшеліктері айқын ашылып, маусым туралы  жалпы түсінік, жалпы ұғым беріледі.

      3-сыныпта картинаның мазмұны күрделене түседі. Оларда тек жеке обьектілер ғана емес, өлі және тірі табиғат арасындағы ерекше байланыстарды сипаттайтын толық ландшафты картиналар белгіленеді. Мысалы, «Тундра» таблицасында жер беті, өсімдіктер байлығының ерекшеліктері, жануарлардың  өмірі сүруі.

     3-сыныпқа арналған табиғатты адамның шаруашылыққа пайдалануы көрсетілген. Мысалы, «Ағаш өңдеу» таблицасы оқушыларға ағаш дайындау және тасымалдау үдерісін анықтап алуға жәрдемдеседі.

    Әрбір таблицадағы жеке элементтерінің арасындағы байланыстарды көрсету үшін алдын-ала көптеген жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, мұғалім «Тундра» таблицасын талдап түсіндіре отырып белгілі мақсаттағы әңгімелесуге алдын-ала сұрақтар ойластырады.  Онда оқушылар тундраның жер беті едәуір жазық екенін, температура төмен болғандықтан жер қатып, судың топыраққа терең сіңуіңе мүмкіндік бермейтін, сондықтан тундра жерінің өте батпақты болатынын анықтау қажет. Таблицадан өсімдіктердің ұсақ жапырақты, тырбық екенін, көпшілігінің жерге төселіп, топтасып өсетінін көруге болады. Бұл оларды  қысқы қатты аяздар мен желден қорғап,  жазда өсу үшін жылуды мол алуына жәрдемдеседі.  Мұғалім тундрада құстардың өте көп екеніне назар аударады. Мектеп оқушылары тундраның қатал жағдайларына ірі жануарларда солтүстік бұғысы өмір сүретінін анықтайды, оның денесі жылы, жүнді берік тері қаптаған, айыр тұяғы батпақты жермен жүруге көмектеседі, бұғылар мүк және қыналармен, тундрада  көп  кездесетін бұталардың жапырақтармен кездеседі.

     Сабақта (тақырыптар бойынша жинақтап қорытатын сабақтан басқа) картиналарды өте көп пайдаланудың қажеті жоқ. Оқушылардан  сұрау, білімін бекітіп, тексеру кезінде таблицаларды пайдалануға болады, таблица бойынша әңгіме құрастыру, табиғат обьектісін (жануарды, өсімдікті) қысқаша сипаттап жазу ынталандыра түседі.

      Мұғалім таблицалармен бірге открыткаларды және фотосуреттерді пайдалана алады,  олар оқушылардың жеке жұмыс істеуіне жәрдемдеседі, ал ол оқытылатын материалды талдап қарастыруды қамтамасыз етіледі, сөйтіп сабақтың әсерлілігін арттырады, олардың негізгі құндылығы міне осымен тұжырымдалады. Оларды пайдалану әдістемесі алуан түрлі болуы мүмкін. оқушылар таблицаларды анықтап қарастыра отырып, соңынан таблицалармен жұмыс істегенде таблицаның мәнін ашып көрсетуге әзір болады немесе таблица бойынша өткізіледі, ал одан соң өтілген материалды бекіту үшін открыткалар бойынша жеке тапсырмалар беріледі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С.М. Сихимбаева Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. Шымкент  2008

2.Қ.Аймағамбетова «Дүниетану негіздері» және дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. Алматы  2006

3. С.С.Қожагелдиева Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқыту әдістемесі. Түркістан 2008