Муканова
Гүлсайра Нурмахамбетовна
Теректі ауданы,
Подстепный №1 жалпы орта білім беретін
мектебі
АХМЕТ
БАЙТҰРСЫНОВ – ҰЛЫ ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ
XX ғасырдың
басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси
өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды
да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің,
білім мен ғылымның туын көтерген,
жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар
сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты.
Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан
осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының,
тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші - реформаторы
атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай,
Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын
жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы
қауымның төл басы болды.
Алаш
қозғалысының көсемі ретінде "халық
жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де,
шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін
жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында
ғана ақынның шығармалары жарық көрді,
мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін
А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989),
"Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.
Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби,
ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі
ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды.
Ахмет пәндерді оқытудың
әдістемесімен де айналысты. 1928 жылы «Жаңа мектеп»
журналының №8 санында жарияланған «Қай әдіс
жақсы?» деген көлемді мақаласында ұлы педагог
Л.Н.Толстойдың «Үйрету әдістері туралы» деген еңбегіне
талдай жасай отырып, «әдіс деген қатып – семіп қалған
догма емес...» Жақсы дерлікте, жаман дерлік те бір әдіс
жоқ.Олқылықтың белгісі – бір ғана әдіспен
болу. Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» деп ойын
тұжырымдайды. XX ғасырдың басында қазақ
халқы аса ірі қоғамдық – саяси өзгерістермен
қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті.
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен
ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың
санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге
ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне
сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани
көсемі Ахмет Байтұрсынов. Қазақ халқының
рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк
аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын
арқау еткен. Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады.
Ең алғаш қазақ тілінде Әліппе кітабын жинақтаған
Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат
болып шығуға септігін тигізген. Қазақ
әдебиетінің атасы Ахмет Байтұрсынов кітап жазумен қатар
орыстың белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана
тілімізге аударып, көпшілікке ұсынған. Көкейіндегі
түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен
жеткізе білген. Ол қазақ әліпбиінің атасы, түркі
тіл тану ғылымының ағартушысы, мол шығармашылық
мұрасының тарихи маңызы жоғары. Оның ілімдері
әлі зерттелетін үлкен ғалым.Ахмет
Байтұрсынұлының үлгі – өнегесі – қазіргі
жаңа заманға өте қажет.Қазақ әдебиеті
тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі
мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны
сондай.Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір
маманның өмірі деп қарауға болмайды. Ол халықпен
біртұтас, қалың елмен тамырлас, ел жүгін қайыспай
көтерер нағыз халық перзенті.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Байтұрсынов
А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ.
мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
2.
Сыздықова
Р. Ахмет Байтұрсынов (Өмірі мен қызметі туралы) //
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен
оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана
тілі, 1992. – Б. 8-30.