К.Т. Сейтимбетова, К.М. Буркутбаева
№33 МБК КММ
Қарағанды қ.,
Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІН ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ОҚЫТУ
Әдебиет-заманалар тарихының
адамзат тіршілігінің көркем шежіресі.
Әдебиет адам баласымен жасап,оларға
рухани күш беріп,онымен бірге дамып,өсіп келе жатқан
өнердің бір түрі болып саналады.Орыс мектептерінде
оқытылатын қазақ әдебиетінің негізгі
мақсаты – оқушылардың өз ойларын қазақ
тілінде еркін жеткізе білу,сөздік қорын дамыту, сауатты жаза білуге
үйрету, қазақ халқының ақын-жазушыларымен,
олардың туындыларымен таныстыру [1,22].
Қазақстан
Республикасының дербес мемлекет болып әлемдік кеңістікте
нығая түсуі еліміздегі білім беру саласында ақпараттық
технологияларды кеңінен қолдануға бағытталған бетбұрыстары
талап етіп отырғаны белгілі.
Бүгінгі күннің талабына сай
білім саласында ақпараттық технологиялар қолданудың
маңызы зор. Заман талабына сай білім беру оқушылардың
адамгершілік,жан-жақты дамуының жоғары деңгейі мен
білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың
үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру
мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға
негізделген,сонымен бірге оқушының қабілеті мен бейіміне
негізделген оқытудың
таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді.Ондағы
ең басты мақсат оқушыға сапалы білім беру болып
табылады.Бұл технологиялардың
ең негізгі
ерекшелігі-оның оқушыларға жан-жақты ықпал етуі.
Аталған технологиялар тек
білімді не болмаса оқу бағдарламасын меңгертіп қана
қоймай,оқушының есту,көру,шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру,сөздік қорын
дамытуға,өз бетімен білім алуға,ізденуге деген
іскерлігін,танымдық ынтасын жетілдіру,сонымен бірге жеке
тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа кез
келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы-жаңа әдістерді пайдалана білу болып табылады.Орыс
мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін
оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану мұғалім
үшін қандай маңызды болса,оқушы үшін де дәл
сондай маңызды болады.Балалардың сабаққа деген ынтасы
бірден мұғалімнің парасаттылығына,біліміне,өз
жұмысына деген сүйіспеншілігіне байланысты.
Ақпараттық
технология-ақпараттарды жинау,сақтау және өңдеу
үшін технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер
–технологиялық құралдардың жиынтығы.Қазіргі
кезде сабақта ақпараттық технологияларды кеңінен
пайдаланамын.Қазақ әдебиетінің классигі,ұлы
атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерін жақсы
оқу үшін,оның оқуға деген ынтасы және
қызығушылығы зор болу керек»-деген.Шынымен де,тек қайсарлы,жігерлі,әр нәрсені
үнемі білгісі келген,шыдамдылығын көрсете білген адам
ғана мақсатына жетеді.[2,58].
“Технология» гректің «teche»-өнер,шеберлік
және «logos»-ғылым деген сөзінен шыққан. Жаңа
ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпаратты даярлап, оны
білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың
негізгі құралы-компьютер болып табылады.
Ақпараттық
технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне
тоқталып өтейік. Ақпараттық технологиялардың
бірі-интерактивті тақта,мультимедиялық және онлайн
сабақтары. Мемлекет
басшысының тапсырысымен еліміздің көптеген мектептерінде
интерактивті тақта орнатылды[3,72].
Менің өзімнің
жұмыс істейтін мектепте де жаңа ақпараттық
технологияларды қолдануға кеңінен жағдай
жасалған. Мектеп кабинеттерінде интерактивтік тақта
орнатылған. Сондықтан бұл тақта арқылы әр
сабақты қызықты өткізе білуді ойластырып жоспарлаймын, себебі
қолда бар мүмкіндікті пайдалану арқылы оқушыларды
жаңа заман технологиясымен жұмыс жасай білуге үйретеміз. Енді
орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті сабақтарына
тоқталып кетсек. Мысалы, 6-сыныпта әдебиетпен танысу, халық
ауыз әдебиетінен басталады. Оқушылардың
мақал-мәтелдердің мағынасын дұрыс
түсініп,есте сақтауын қамтамасыз ету үшін интерактивті
тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның
сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус
түрінде береді,оқушылар сол берілген ребустарды шешеді. Немесе
аңыздарды алатын болсақ,өзге ұлт
өкілдерінің балалары бір оқығаннан түсіне
алмайды, олар үшін интерактивті тақтаға таныс емес
сөздерді жазып қойып, сол сөздермен сөйлем
құрастырсақ,онда аңыздарды оқу барысында олар
бұрын кездескен қиындықтарға кездеспес еді. Бұл
жұмыс түрі бір жағынан оқушылардың сөздік
қорын байытады, екінші
жағынан пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.
Қазақ әдебиеті
сабағында ақпараттық технологияны пайдалану келексі
жұмыс түрінде қоданысын табады. Бұл оқушылардың
шығармашылығын талап ететін жоба жұмысы. Бұл
жұмыс түрін жүргізгенде оқушылар техникалық
құралдарды қолдану арқылы жобасын дайындайды. Мысалы, сабақта
оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысады. Енді
осы тақырып жайлы толық мағлұмат жинап,онымен
бүкіл сыныпты таныстыру мақсатында шығармашылық топ
құрылады. Топ құрылған соң, олар Ахмет
Байтұрсынұлы жайлы мағлұмат жинауға кіріседі. Балалар
ғаламтор арқылы кітапханаларға, белгілі әдебиетшілерге
барып,тақырыпқа байланысты материалдарды суретке түсіріп, жалпы
толық бейнематериал жинайды. Жиналған мағлұматтарды
компьютер арқылы өңдеп, презентация жасайды. Содан кейін
ғана бұл презентацияны сабақ үстінде оқушылар
назарына ұсынады. Осындай өзгеше жұмыс түрін
өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуға,олардың осы пәнге деген
қызығушылығын оятуға,дарынды тұлғаны
қалыптастыруға болады.
Поэзияға тоқталатын
болсақ, онда да ақпараттық технологияның алатын орны маңызды.
Бұл жұмыс түрінде оқушыларға ең алдымен
слайд көрсету арқылы өлең авторының
өмірбаянымен таныстырып,осы өлеңнің шығу тарихына
ерекше тоқталып, өлең мазмұнын өзге ұлтты
оқушыларға түсіндіріп,содан кейін ғана
оқушыларға компьютер арқылы өлеңді тыңдату
оқушының жүрегінде әсер қалдыруы сөзсіз. Осындай
жұмыс түрлері оқушылардың қазақ
әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттырады деп
ойлаймын.
Өзге ұлт
өкілдеріне қазақ тілін үйретуде бастапқы
мақсат коммуникативті бағытта оқыту. Осылай біз
оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы
психологиялық жағдай жасаймыз.Осының бәрі
оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына
әсер етеді.Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде
қажетті құрал болып табылады. Жаңа технологияларды
қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс
істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз
мазмұнды, интенсивті болады. Оқушылар Word, Power Point, Excel, Актив
студио т.б программаларының көмегімен жаңа тақырыптарды
және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын
үйренеді. Сонымен қатар интерактивтік тақтада ертегілерді
көрініс ретінде, рөлдік ойындарды өткізуге болады.
Қазақ әдебиеті
сабағында компьютерді қолдану жаңа тақырыптар жайлы
қосымша ақпаратты білуге жол ашады.Тіпті нашар оқитын
оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге
қызығады, өйткені
кейбір жағдайда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Ақпараттық
технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылыуы
мұғалімдердің де, оқушылардың да
мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық
технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі кезде өзекті
мәселелердің біріне айналғаны сөзсіз.[3,48]. Интерактивті
тақтамен жұмыс барысында қолдануға болатын сызбалар
Абайдың қарасөздерін өту барысында айтылатын
ақынның философиялық тұжырымын сызба арқылы
мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу деңгейіне жетуге
болады.
Қорыта айтқанда, жаңа
ақпараттық технологияларды қазақ әдебиеті
сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Оқушылардың тіл байлықтарын
дамытады;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білуге, сонымен
бірге жан-жақты ізденуге үйретеді;
3. Өз беттерімен білім алатын, ақпараттық
технологияларды жақсы меңгерген,білімді жеке тұлғаны
қалыптастырады.
4. Оқушыларға еркін ойлауға
мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Медешова А. Компьютерлік программаларды
оқу – тәрбие жұмысында қолдану. Бастауыш мектеп, №2, 2001.
2. Жұмажанова Т., Дүйсебаев С., Мамырова
Ә., Көпбаева З., Қазақ әдебиетінің
әдістемесі. – Алматы, 2003.
3. Мұхамбетжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә.
Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың
әдіс-тәсілдері. – Алматы, 2008.