Қөптілді  білім беру    кәзіргі кезің өзекті мәселесі

 

Асанова Ж., Касымова А. Қорқыт Ата атындағы  ҚМУ Биология мамандығы  магистранттары

 

               Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға  үлкен назар аударып «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай «... барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% – ағылшын тілін меңгеруі тиіс» делінген.

                Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.

 Көптілді білім берудің қажеттілігін түйсіну Еуроодақтың тіл саясатының қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, болашақ кәсіби салада тиісті лингвистикалық біліктілікті қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарында, ішінара шет тілінде оқуды қошеметтейтін қағидаларынан да қолдау тапты  [1].

 Еурокомиссия Еуроодаққа мүше елдердің білім беру жүйелеріне «ана тілімен қоса екі шет тілі» қағидасының енгізілгенін жариялағаны белгілі. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. «Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.  Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген[2].

 .

 

  Ата заңымызда әлемдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген. Мемлекетіміз саяси, экономикалық, мәдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді. Көптілді білім беру дегеніміз- оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады. «Тілдің үштұғырлығы» тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана айтылған дүние емес. Президентіміздің аталмыш тілдік стратегияны 2004 жылы жария еткен болатын. Ал, биылғы жылы Еуроодақтық өздерінде үштілді білім тәжірибесін заңды түрде енгізді. Бұл- тарихи қажеттілік. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса ма­ңызды бағыттарының бірі. Тіл проб­лемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділі­гі­нің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Елбасымыз үстіміздегі жылы Қа­зақстан халқына арнаған “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұ­ғыр­лығы” мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлем­дегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде таны­туымыз қажет екенін және мемле­кеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілі мен жаһандық экономикаға табыс­ты кірігу тілі – ағылшын тілі бо­луы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен[3].  Қазіргі уақытта аталған Жарлыққа сәйкес “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын іске асыру мақсатында қоғамдық өмірдің барлық сала­ларын­да қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданы­луын қамтамасыз ету, ресми тіл, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілінің функцияларын сақтау, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде ағылшын тілін дамыту жөніндегі шаралар кешені қолға алынып отыр. “Үштұғырлық” үш тілді қамты­ғанымен, мәдени жобаны іске асыру барысында қазақ тіліне мем­лекеттік тіл мәртебесіне сай ба­сымдық бағыт беріледі [4]. Осы ретте қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейту және конституциялық мәртебесіне сәйкес қоғамдағы рөлін нығайтуға, еліміздің барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қажетті барлық мате­риал­дық-техникалық жағдайларды жасауға аса көңіл бөліну керек. Әрбір қазақстандықтың қазақ тілінің тек қазақтардың ана тілі ғана емес, әрқайсысымыздың мемле­кеттік тіліміз, мемлекетіміз­дің мемлекеттілігінің негізгі белгісінің бірі, болашағымыздың тілі екенін түсінетін кез келді. Сондықтан да оны мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде іске асырып, ба­рын­ша дамытуға атсалысуымыз керек.

 

Қазақстанда тілдердің үштұ­ғырлығы жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үй­рену­ге жағдайлар жасалуда. Бұл жоба­ның еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылу­ға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Көптілді оқыту- жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпяларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет.  Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік  салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Осы бағытта балабақшалар, мектептер,  ЖОО-дары өз үлесін қосуда. Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.    Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік- мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей,өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру өмір талабы.    Бүгінгі Қазақстанға технологиялық ғылыми, медициналық және басқа да салаларда жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшің халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар даярлау қажеттілігі туындап отыр.  Замана ағымына лайықты  қазіргі  алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін- мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің  төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға  өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт.      Қазіргі заманда оқыған зиялы азаматтардың бірнеше тілде сөйлеуі Қазақстанның болашағынан елес беріп тұрғандай. Бүгінде оқушыларымыз, студенттеріміз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетті. Сол жас өскіннің өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап- тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру- бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты.      Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс- тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет. 

Пайдаланған әдебиет тізімі

1.     Солташұлы Ы. Заман Талабы ــ Көп Тілді Болу. // Ақиқат. 26 қараша- 2012 ж. № 11. 14-15 б.

2.     Жаминова Р.Ж.  Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115-120 б.

3.     Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению,  

2-е изд. — М.: Просвещение, 1991. — 116 б.

4.     Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – M.: Слово/   

Slovo, 2008. С– 264-270