Есбол.Ғ.Ш

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің аға оқытушысы

А. Байтұрсынұлы мен Ы. Алтынсаринның ана тілі турасында 

Өз тілін білмеген, өз ұлтын, үш рет өлтіреді.

                                                                                                                ( Г.Гегель)

ХХI ғасыр Қазақстан  егемендігіміздің байрағын желбіретіп, 16 желтоқсанда 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын бүкіл әлемге жария еттік. Жердің түкпір – түкпірінен алпауыт мемлекеттердің елбасылары және қадірменді игі жақсылары келіп, қуанышымызға ортақтас болды. Әлемді қамтыған нарықтық дағдарысқа қарамай экономикада және мәдениет саласында біраз жетістікке жеткенімізге куә болды. Егемендігіміздің арқасында 5 ғасырлық төл тарихымызды біліп жатырмыз.

Қазақстан мемлекетінің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев « Тарих толқынында » еңбегінде:  '' Алдағы міндет ұлт мәдениетінің ұлы тұлғасын кезеңдік бұрлыстарда тарих сахнасына '' шығара '' білуде болса керек.  [1]   –деп,  Елбасы пайымдағандай, қазақтың ұлы тұлғалары,  рухани көсеміміз Ахмет Байтұрсынұлы мен ұлы ақынымыз Ыбырай Алтынсарин ана тіліміз турасында айтылған ойларына тоқталып кетейік.

  А.Байтұрсынұлы   1913 жылы « Қазақша оқу жайынан » еңбегінде: '' Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында. Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа. Ниеті жұртына қызмет ету. Бұлар білгенін, тапқан – таянғанын жұртынан аяп қалатын емес. Қазақтың бастауыш мектебін қолдарына алуға лайық адамдар әр жайдан хабардар: дүнияда не істеліп, не қалыпта тұрғанынан бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы, қазақ арасына білім нұрын жаюға нағыз қолайлы адамдар '' [2]   ( 2.Байтұрсынов А. Ақжол. Қазақша оқу жайынан .-А,1991.-253 бет. ) –деп, XXI ғасыр жаңа технологиялар заманы, сондықтан, бүгінгі жас оқытушылар соған сай білімдерін оқушыларға жеткізе білулері керек. Әлемде ғылымда қандай өзгерістер, не болып жатқанымен байланыстра оқытқандары мағыналы болар еді.

Ал, енді Ы. Алтынсарин 1879 жылы « Сөз басы » -нда: '' Біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс – қазақ  мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ  балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім. Екіншіден, бұл кітапта келтірілген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім. Сондықтан бұл кітапқа енгізетін әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды. ''  [3]   ( 3. Алтынсарин Ы. Сөз басы. –А.-1 том, 2003.-43 бет.) – деп, тіл білімін оқыту оңай іс емес, ол нақты да, жалпы халыққа түсінікті де, жарамды оқу құралы болуы керектігін айтады. Сондықтан да алдымызда 12 жылдық оқу мерзіміне көшкелі отырғанымызда ұлы ұстазымыз Ы.Алтынсаринның тағлымын ескергеніміз жөн болар еді.

       Елбасымыз Н.Назарбаев: '' Әлем халықтарының бірде-бірінің сөздігінде ұшыраспайтын, тек қана қазақ тілінің мүмкіндіктері арқылы нақтылы құбылысты танып-түсінуге болатын сөздер бар. Қазақ тілін дамыту дегеніміз жалпы гуманитарлық тұрғыдағы қуатты қаруды шыңдау деген сөз, қоршаған ортаныпарықтап-бағалаудың бір құралын жетілдіру деген сөз. '' [4] –деп, тіліміз болса, ұлтымыз бар, өркениетіміз мән-мазмұнға бай болар еді.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.Назарбаев Н. Тарих толқынында.-А,1999.-5 бет.

         2.Байтұрсынов А. Ақжол. Қазақша оқу жайынан .-А,1991.-253 бет..

 3. Алтынсарин Ы. Сөз басы. –А.-1 том, 2003.-43 бет.

 4. Назарбаев Н. Тарих толқынында.-А,1999.-59  бет.