АДАМНЫҢ САЯСИ
БОСТАНДЫҒЫ:ИСЛАМ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Ахметова
Л. С.
аға оқытушы, тарих магистрі
А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қостанай
қ.
Бостандық-әрбір адамның туа біткен
құқығы. Бостандық адам баласына өзгеге зиян
келтіріп,қоғамға қауіп төндіру үшін
берілмейді.Сондықтан мұсылман ғұламаларының
көзқарасы бойынша,бостандық дегеніміз-адам баласының
өзіне де,басқа адамға да зияны тимейтін түрде еркін
әрекет етуі.Яғни,еркіндік пен бостандықтың
өзіндік ерекше нормалары мен шектеулері бар.Ислам діні адам баласына
еркіндік құқығын бере отырып,Аллаhтан
басқаға,нәпсісіне құл болудан тыйған.
Ислам дініндегі бостандық
құқығы саяси, діни, жеке тұлға және
ой-пікір еркіндіктерінде көрініс табады.
Жеке тұлға бостандығын
ислам дінінің құлдыққа қатысты
ұстанымын айқындау арқылы түсіне аламыз.Ислам
діндердің ішінді жалғыз құлдыққа
қарсы шықты,барлық адамдардың тең екендігін
баяндады.
Адамдардың ой мен сөз
бостандығы құқығы бүгінгі таңда адам
құқығы туралы барша құжаттар мен
барлық елдердің конституцияларында бекітілген.Ислам дінінде ой
пікір мен сөз бостандығы жеке тұлға мен қоғамға
пайда келтіретіндей етіп қолдану талап етіледі. [1]
Ислам діні әрбір адамға
ой-пікір еркіндігін беріп,тіпті ой жүгіртуді құлшылық
түрінен есептейді.Құран Қәрімде әлімге
қарап ой жүгіртуге,ақыл,ойды пайдалануға,әлемді
тереңірек зерттеп,ғалам мен әлеуметтік заңдардың
ақиқатына көз жеткізуге шақыратын аяттар жетерлік.
Әнфәл
сүресінің 22-ші аятында өз сана сезімі мен ақыл ойына
жүгінбейтіндерге ескерту жасаған. Исламда иман негіздері мен ислам
шарттарының,оның құңдылықтары мен
жалпыға ортақ мүдделердің сақталу шартымен
сөз бен ой бостандығына шектеу қойылмайды.Сол секілді
мұсылмандар қандайда бір мәселелерге байланысты бір-бірімен
ақылдасып,кеңес сұрасып отырулары қажет.Мұсылман
адамның билік өкілдеріне кеңес беруі ағаттық
саналмайды.[2]
Қоғамдағы
жағдайды жақсарту мақсатында билік басындағы
тұлғаларға ақыл-кеңес беріп, тұра
жолға шақыру жауапкершілігі ғалымдар мен халық сенім
артқан адамдарға жүктеледі.
Исламдағы
сөз бостандығының жарқын үлгілерінің бірі
қарапайым халықтың басшыларының қателіктері мен
кемшіліктерін тайсалмай айта алуы.Бұл жерде біз адамның саяси
бостандығының жүзеге асуын байқаймыз.
Саяси
бостандық келесі құқықтарды қамтамасыз
етеді:
а)Халықтың өз араларынан
басшыны сайлауы және әрбір лайықты тұлғаның
басшылық
қызметтерге тағайындала алуы.
ә)Халықтың
басшыны және билікті қадағалап,өз ой-пікірлерін
білдіруі.
б)Басшының
жекелеген көзқарастарына халықтың наразылық
білдіруі.
Аталған құқықтар
Құран Кәрімде немесе пайғамбар сүннетінде
нақты көрсетілмегенмен,жалпылама келген мәтіндер мен
мұсылман үмбеттінің келісімі(ижмағ )арқылы
белгіленген.
·
Халықтың өз араларынан
басшыны сайлауы және әрбір лайықты
тұлғаның басшылық қызметтерге
тағайындала алуы.
Адамдар бір-бірінен ақыл-ойлары мен
түсініктерінің әрқилығымен
ерекшеленеді.Олардың көпшілігін көңіл қалауы
жетелейді.Сол себептен олардың тәртіптерін
бақылайтын,халықтың игілігін
құнттайтын,олардың ауызбірлігін
қадағалап,дұшпандарына қарсы біріктіре алатын басшы
қажет.
Тарихтағы кез келген
қауымның басшысы болған.Мұсылмандардың да
өз араларынан басшы тағайындауы міндетті іс-әрекет болып
табылады.Олар өз ара кеңесу арқылы немесе өздері
тағайындаған әділ кеңес мүшелерінің
келісулері арқылы араларынан бүл қызметке
лайықты,мемлекетке қатысты бүкіл істерді басқара алатын
кісіні таңдайды.
·
Халықтың басшыны және билікті
қадағалап,өз ой-пікірлерін білдіруі.
Жоғарыда да айтып өткеніміздей ислам әрбір
жеке тұлғаға өзінің ойы мен пікірін білдіруге
және кімге де болса,қоғамдағы орны мен лауызымына
қарамастан орынды сын айтуға құқық
берген.Ислам дінінің еркіндігіне сай бағыныштылардың билік
басындағыларға ақыл кеңес беруін және
басшылардың осы ақыл кеңесті қабылдауын міндетті
болған.
·
Басшының жекелеген көзқарастарына
халықтың
наразылық білдір
Жеке тұлға бостандығы
мен ой-пікір бостандығы бар жерде түрлі пікірлер мен
көзқарастардың туындайтындығы хақ.соның
ішінде саясат айдынындағы пікірлердің әртүрлілігі
әрекет етіп отырған билікке қарсы оппозицияның
туындауына жетелейді.Ислам бостандық діні бола отырып,жеке
тұлғаның саяси көзқарасын білдіруге еркіндік
береді.Бұл белсенді саяси ұстанымды білдіреді.Оның
мақсаты-әрбір адамның халқы мен отанына өз
жолымен,өз әдістерімен қызмет етіп,ізгі істерді қолдау
және қателіктер мен бұрыс істерді түзету.
Әдебиеттер тізімі:
1.Жеңісұлы С.Ежелгі hәм ортағасырлық мемлекет пен
құқық.-Алматы,2007.-107б.
2.Құрманбаев Қайрат Исламдағы адам
құқықтары.Алматы,2012.-205б.