Отбасылық өмірге дайындаудың
психологиялық мәселелері
П.ғ.к.,
доцент А.Ш.Танирбергенова
Магистрант
Б.Жетибаева
«Тұран-Астана»
университеті
Астана
қаласы
«Отанға деген
сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан
алған тәрбие – бұл барша халқымыздың
бақуатты да табысты болашағының кепілі», - деді
Н.Ә.Назарбаев [1]. Ол сондай-ақ отбасылық
құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау -
бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің
бірі екенін атап өтті.
Неке-отбасылық
қатынас қазіргі таңдағы аса маңызды
қоғамдық-саяси мәселелердің бірі болып отыр.
Отбасы – халықтың өсіп-өркендеуінде, өсіп келе
жатқан ұрпақ тәрбиесінде, ата-бабаларымыздың
мұра еткен саяси-әлеуметтік тәрбие мен мәдени
құндылықтарды жеткізуде маңызды роль атқаратын
қоғамның құрамдас бір бөлігі. Отбасы
өмірі рухани және материалдық үрдістермен сипатталады.
Отбасы арқылы адамдардың ұрпақтары ауысып, онда адам
дүниеге келеді, ол арқылы тұқым жалғасады.
Отбасыны құру екі адамның өміріне де үлкен
өзгерістер әкеледі. Мұндай қайта
құрудың тек позитивті өзгерістермен жүрмейтіні
анық. Неке-отбасылық қатынастардың өрбуі
барысында әртүрлі мәселелер туады және
әркімнің осы кедергілерден отбасының еш зардапсыз өтуін
керек ететіні сөзсіз. Бұл, әсіресе, жаңа құрылған жас отбасына
қатысты. Кез-келген отбасы
өз басынан бұл кезеңді кешіреді. Ол кезеңнен өту,
әсіресе қазіргі заман жағдайында күрделі болып отыр.
Қоғамның қазіргі кездегі қайта
құрылу үрдістері
отбасы институтының жалпы
дестабилизациясына
үлкен ықпал етеді. Отбасылық қарым-қатынастар
аймағындағы
әлеуметтік динамика
жанұяның өмірлік іс-әрекетінің барлық
сфералары мен
құрылымынан бастап
ерлі-зайыптылар рольдері мен отбасы
қызметтерінің
олардың психологизациясы
мен интимизациясына дейін қамтиды.
Жалпы, отбасы дегеніміз не? Осы сұраққа
жауап іздесек, отбасы дегеніміз некеленген және жақын туыс
адамдардың жиынтығынан тұрады.
Отбасында әр адам баласы мәдениетке өз
елінің және жеке отбасының әдет-ғұрпына,
жеке бас тәлім-тәрбиесіне ие болады. Әрбір отбасының
тек өзіне тән мәдениеті, сол өзінің еліне,
конфессиясына және мемлекетке байланысты. Осы әдет-ғұрыпты
мәдениетті тек жаңа туған нәрестеге ғана емес,
сонымен қатар жаңа үйленген жастарға да байланысты,
яғни келін немес күйеу бала, осы отбасының бір мүшесі
болады. Отбасына ену, сол отбасының субмәдениеттік ұстануы
болып табылады. Оны ұстанбайтын болса, ол адам көбінесе шектетіледі.
Еліміздің өтпелі кезеңде басынан кешіріп
отырған әлеуметтік-экономикалық қиындықтары
халқымыздың демографиялық өсімінің
төмендігіне едәуір әсер етіп отыр. Мұның негізгі
себебі, адамдардың орташа өмір сүру жасының кемуі,
ерлі-зайыптылардың ажырасуының жиі кездесуі, неке санының
азаюы, бала туудың күрт төмендеп кетуі де осы
жағдайлардан десек, қателеспеген болар едік. Отбасының
сәтсіз және тұрақсыз болуынан туатын мәселелер
қазір біздің қоғамымыз үшін өте
өзекті. Бұл тенденциялар мен
құбылыстардың салдары қоғамға
әлеуметтік-демографиялық және экономикалық,
этико-психологиялық
сипаттағы потенциалды
қауіп төндіреді.
Осыған байланысты отбасына әсер ететін және оның
шырқы бұзылып ажырауына апаратын факторларды зерттеу
мәселесінің өзектілігі арта түсуде.
Отбасы – жеке тұлғаның және
бүкіл қоғамның өмірінде орасан зор орын алады.
Оның маңызды сипаттамалары болып оның қызметтері,
құрылымы және динамикасы табылады. Бұл үшеуі
бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, қоғамның
үлгісі ретіндегі отбасының өмірлік іс-әрекетін
құрайды. Отбасының тұтас жүйе ретінде дамуы
бірнеше кезеңдерден өтеді. Қазіргі ғылымда
отбасының өмірлік циклдерін жіктеуде бірнеше жүйе бар.
Дегенмен кез келген отбасы ол циклдер жүйесінің ешқайсысына
нақты сай келмейді. Бұл
оның
қоғамдық институт ретіндегі ерекшелігін көрсетеді.
Дәстүрлі қоғамда
жұбайлар өз міндеттерін жақсы біліп, оны орындауға ниет
білдіріп отыратын. Басқаша айтқанда, белгілі бір ережелер мен
нормалардан бас тарту моральдық нормалармен, тіптен құқықтық
жүйе тарапынан жаншылып отырды. Бүгін некенің өзі
әркімнің өзі таңдап алатын ісі болды. Оның
үстіне некелесудің ең басты себебі, экономикалық немесе
рулық мақсат емес, эмоционалдық, сексуалдық
ынтызарлық болып отыр. Демек, некенің өз өлшемдері де
өзгерді. Сондықтан «заман
талабына сай» өзгерген
жанұяның проблемалары да сапалық өзгерістерге ұшырап
отыр.
Қалыпты
қызмет ететiн отбасы – өз қызметтерiн жауапкершiлiктi және дифференцияланған түрде атқаратын, соның салдарынан тұтас отбасының және оның мүшелерiнiң өсу мен өзгерулерге қажеттiлiгi қанағаттандырылатын жанұя.
Жас отбасы –
бұл кез келген отбасы өз дамуы барысында басынан кешіретін
кезең. Бұл кезеңдегі алғашқы
қиындықтар мен қақтығыстардан еш зардапсыз
шығуына отбасының бүкіл тағдыры тәуелді. Жас
отбасылық кезең – бұл жас жұбайлар үшін
сынақ алаңы болып табылады. Некеге ерте отыруға итермелейтін
мотивтер көп түрлі, сол
сияқты өмірдің барлық сфераларының
мәселелерімен қиылысып жатқан келіспеушіліктер немесе
қиындықтар да жеткілікті. Ал адамдардың жас ерекшелігіне
байланысты отбасын ерте немесе кеш құруы өиындықтардың
негізгі себептерінің бірі болып табылмайды. Себебі, бұл
қақтығыстар әр отбасының психологиялық,
әлеуметтік қалыптасуының бірегейлігімен байланысты.
Әрбір отбасының қалыптасуына әлеуметтік ортадағы
психологиялық ахуалдың әсері зор.
Осы жұмыста
жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, некеге
отырғандарына аз болған әр жас кезеңіндегі отбасыларды
салыстыру кезінде олардың отбасылық өмірлерінде
қиындық жағдайлардың және оларға
жұбайлардың жауап ретінде өз өздерін ұстауында
айырмашылық байқалмады.
Жоғарыдан
қарастырылғанның бәрінен жас отбасындағы қиындықтар жөнінде
мынадай ғылыми ұсыныстар жасауға
болады:
- Біздің көзіміз
жеткендей жас отбасындағы
қиындықтардың болуына жас ерекшелік әсер етпейді.
Сондыктан да отбасындағы қиындықтардың психологиялық факторларын талдаған кезде
жас жағынан айырмашылыққа негіз берудің
қажеттілігі жоқ.
- Кез-келген
жүйе дамып жетілу үшін кедергілерді, қарама-қайшылықтарды
жеңу керек. Сол сияқты жұбайлар қарым-қатынасы да үнемі
белгілі бір даму үстінде болады және соның барысында туатын қиындықтарды шеше отырып
жаңа бір сапаға ие болады. Ол
қиындықтар негізінен адамның сол
жағдайдағы жалпы психологиялық және
физикалық ахуалына, әлеуметтік жағдайына байланысты
болады. Біздің өміріміз
сезімдер мен эмоцияларға толы, оларды
уақытында басып, тежеп отыру әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан,
осы мәселеге басты назар аудару керек.
- Жас отбасындағы
жалпы ахуал, психологиялық атмосфера сол жұбайлардың ата-ана үйінен алған
тәрбиесіне байланысты. Бұл қазіргі заманда, яғни батыс пен
шығыстың мәдениеті
астасып жатқан жағдайда үлкен мәселеге айналып отыр.
Отбасының беретін тәрбиелерінің ерекшеліктері
бір-бірімен соқтығысқанда, жанұялық
мінез-құлық паттерндерінің өзгешеліктері сай
келмегенде сол катынасқа түсуші тұлғаларға да,
оларды қоршағандарға да үлкен қақтығыс болады. Отбасы
психологиялық жағынан да, физикалық жағынан да сау
болсын десек, ең алдымен отбасындағы бала тәрбиесіне басты
назар аудару керек.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
https://kk.wikipedia.org/wiki
2.
Абсаттаров Р.Б. Демографические процессы, особенности и
проблемы // Евразийское сообщество. 1996. №4.
3.
Александров И.Ф. Семья как первичная и как субьект права.
Актуальные проблемы поведения. 2013-№3
4.
Каракулова К. Статистика браков и разводов в Казахстане
// Человек и право. – 2010г. №4.
5.
Кабакова М.П. Психологические факторы стабилизации
супружеских отношений в процессе совместной деятельности. Автореф. дисс. кан.
псих-наук – А.2014
6. Казахстанская
семья – как объект социально-политических иследований // А., 2011г
7. Вебер Г.
Кризисы любви М.,2012