Жасөспірімдер арасындағы
қақтығыс мәселесінің зерттелуі
П.ғ.к.,
доцент А.Ш.Танирбергенова
Магистрант
М.Абашева
«Тұран-Астана»
университеті
Астана
қаласы
Жер
шарындағы адам өміріне және адамдардың қалыпты
өмірін қалыптастырушы элементтер қатынасы сақталған.
Ол элементтер бізді қоршап тұрады және
әрқайсымыздың ағзамызда бар. Осы сияқты
адамдардың әлеуметтік өмірінде жеке тұлғалар
арасындағы қарым-қатынас үлкен роль атқарады.
Қазақстан
Республикасының білім берудің дамуының мақсатын, міндеттерін, құрылымын,
мазмұнын және негізгі
стратегиялық
бағыттарын анықтайтын
ғылыми-теориялық,
методологиялық
құжат болып табылатын,
мемлекет тәуелсіздігінің нығаюын, елдің
қарқынды дамуының
негізі ретінде
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту концепциясында
орта білім берудің
мақсаты
анықталған:
рухани жан дүниесі
бай, халқын сүйген,
ата-баба жерін қадірлейтін, өз
елін мақтан тұтатын, еркін
бағдарлана алатын, өз еркімен маңызды шешім
қабылдай алатын, адамгершілігі мол, білімді, саналы, іскер және
қазіргі қоғам дамуына сай жеке тұлғаны
қалыптастыру. [1]
Қақтығыс
мәселесі психология ғылымының мәселесінің бірі
болып табылады. Адамдар арасындағы
қарым-қатынас адамға тән табиғи ерекше
қажет. Кез-келген топта болсын оның психологиялық ортасы
болады, оның ішінде жеке адамдар арасындағы
қарым-қатынасы ерекше орын алады.
Топтағы қақтығыс–ол күрделі
мәселе. Топтық
қақтығыстың пайда болуы әр түрлі. Ал
оның жағымды, жағымсыз әсері бар екені белгілі. Топ
дегенде біз бірнеше топ еске түседі. Оларға келетін болсақ
кіші топ, үлкен топ, ресми және ресми емес, шартты топ,
этикалық және тағы басқа. Осы топтар ішіндегі
қақтығыс үнемі кездесіп отырады. Топ ішіндегі жеке адамдар
қарым-қатынас жасау мәселесі күн сайын өте
күрделене түскен әлеуметтік мәселе.
Себебі
адамдардың психологиялық мінез-құлқы әр
түрлі. Жеке адамға тән психологиялық ерекшеліктерін біз
адамның бойында қалыптасқан әлеуметтік қасиет деп
айтуға болады. Топ ішіндегі қалыптасқан
мінез-құлық сипаттары шұғылданған
іс-әрекет түрлеріне сәйкес өзіндік ұстанымдары
болатынын көрсетеді. Олардың әрбір нәрсе мен
оқиға, қарым-қатынасы, білім деңгейі, түрлі
жаңалықтар түрлеріне әсерленіп, қабылдауы,
сезініп түсінуі әрқалай.
Қоғам–бұл
адамдардың тіршілік етуі, әрбір адам қоғамның
мүшесі ретінде танылады.
Адамның
топ ішіндегі өзіндік ерекшелік бейнесі, «мен» - бейнесі, өзіндік
мінез-құлқы мен іс-әрекетін, сол топ ішінде нендей
қызмет атқарып, қандай орын алатынын көрсететін
кез-келген адамның даралық сипаты. Адамның дара басына
тән қасиеттер мен сипаттар, оның ерекшеліктері өмір
кезеңдеріндегі түрлі топтар арасында қалыптасқан
мінез-құлқын көрсетеді, сол мінез
ерекшеліктерінің қандай топтар мен ұжым арасындағы өмір
кешкені жайында белгісіз қалдырып отыратын бейнелерден
құралатын мінез енді әр түрлі ортаға бейімделіп
тіршілік етуі оның психологиялық өзіндік портреті жасалады.
Жеке
адам арасындағы күнделікті қарым-қатынаста
бір-бірінің кем-кетігі мен мінезіндегі жағымысыз
қылықтарын көзіне нұқып айту, не бөтен
адамдар арасында әшкерлеу оның наразылығы мен реніш
сезімінің шиеленістіре түсетін өзінің себептері болады.
Екі адам арасындағы қақтығыс сол топтағы
басқа адамдарға да теріс әсерін тигізеді.
Адам
арасындағы қарым-қатынас қақтығысқа
тікелей әсер етеді. Топтағы қақтығысты
шешудің әр түрлі әдістері бар. Сол әдістерді
шебер қолдану, оны жүзеге асыру бірден бір әлеуметтік
психолгиялық мәселе болып табылады.
Қақтығыс–адамдар
арасында көп кездесіп, көп айтылатын контакт формасы. Бұл
форма көптеген жерлерде кездеседі. Бір жағдайда
қақтығыс күресте кездеседі. Ол жағдайда
қарсыластар бірін-бірі әлсіздендіруге қолданылады.
Бұған мысалға біреу екінші біреуді аңду, оған
өтірік жала жабу жатады. Ал қақтығыстың екінші
формасы боксер немесе фехтовальщиктер жекпе-жегіне ұқсайды.
Мұнда партнерлардың әрқайсысы өз басымдылығын
көрсетуге тырысады. Кей кезде бұл қақтығыстар
өзіне бағындыру, өзінің қызығушылығы
үшін басқаларды пайдалануы мақсатында болады.
Ғылыми-әдістемелік,
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми
халықаралық термин–конфликт қазақ тілінде
қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген
мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған
ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру,
оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде
қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында,
мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.
Оқушылардың
даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс
және оның басқа түрлерінің келіп шығуы,
пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған
жөн.
Ғылыми-педагогикалық
және психологиялық туындыларға сүйене отырып,
қақтығыс (конфлик)тің мынадай түрлерін
атауға болады: «тұлғааралық
қақтығыстар, отбасындағы (ерлі-зайыптылар)
қақтығыстар, басшы-бағынушылар» арасындағы
қақтығыстар, әлеуметтік топтар арасындағы
қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық
қақтығыстар және т.б.
Сонымен
қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты
«педагогикалық еңбек, қызметтегі
қақтығыстар», инновациялық (жаңалықтар
енуімен байланысты) қақтығыстар»ды өз алдына
бөліп жеке қарастыруға да болады.
Қақтығыс,
конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас
психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол
ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары,
жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі,
көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу
жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз.
Мамандық саламызға сай тұлғааралық
қақтығыстар мәселесі терең де жан-жақты
қамтылады.
Психолог-ғалымдар
тұлғааралық қақтығысқа мынадай
анықтамалар береді:
«Екі
күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы
пікір-көзқарастың қақтығысуы, тартысы» (А.
Лурия);
«Тұлғаның
терең және өзекті себеп (мотив) және
қатынастардан қанағаттанбау нәтижесі» (В. Мерлин);
«Санада
ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі
сезім-түсініктің тоқтығысуы» (Ф. Василюк және
т.б.);
Сонымен,
қорыта айтқанда, тұлғааралық
қақтығыс дегеніміз – «Адамның ішкі сезім
дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан,
күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның
қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі
табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» [2]
Қақтығыстың
әр түрлі формалары арасында конструктивті және
құнды қақтығыстар кездеседі. Олар басқа
адамдарға да, қоғамға да әсер етеді.
Конструктивті интеллектуалды қақтығыстар әртүрлі
позициялар адамға белгілі бір пайда, қанағаттанушылық
береді, әлемдегі жағдайларды жақсарта алады.
Қақтығыс жағдайындағы қатынас жеке
тұлғалар арасындағы айырмашылықтар уақытында
пайда болады. Қақтығыс жағдайлардың,
сезімдердің, мақсаттардың, талпыныстардың,
мінез-құлқы моделінің, ойлау тәсілдерінің
сәйкес келмеуінен туындайды.
Өмірде
келіспеушілікті, қақтығыстарды кездестірмеуге болмайды. Бірақ та
көп жағдайларда қақтығыстардан туындайтын
мінез-құлық стереотиптері адамға әсер етеді.
Олар: қорқыныш, өшігу, қауып төну. Егер бұл
күйзелістер тым күшті және көп уақытқа
созылса, олар адамда қорғану реакциясын туғызады. Онда ойлау
қабілетінің төмендеуі, іс-әрекетінің,
сезімдерінің өзгерісі байқалады.
Қақтығыс
проблемалары бойынша бірқатар зерттеу жұмыстары атқарылды.
Оның ішінде М.П. Фоллет, Д.Л. Аустин, Ф. Ротлисбергер, В. Диксон, В.
Скотт, Т. Парсонс, Р. Дарендорф, Л. Козер, В.В. Дружинина, Д.С. Конторов
және тағы басқалардың жұмысын атап өтуге
болады. Бұлардың бәрінде де қақтығыс мәселелерінің
сан-салалары зерттелген. Қақтығыс проблемасы кейінгі жылдары
көптеген ғалымдардың зерттеу объектілері болды.
Бірқатар зерттеулерде қақтығыстардың
әдіснамалық, теориялық мәселелері қарастырылады
(В.П. Ратников, О.Н. Громова, А.В. Дмитриев, Г.В. Атаманчук және т.б.),
кейбіреулерінде конфликтінің бағыттарын шешу жолдары
қарастырылды (Л.А. Тихомиров, М.Н. Руткевич, А.М. Яковлев және
т.б.). Бұл зерттеу еңбектері психология ғылымында ерекше
құнды болып табылады, олар ғылымдардың дамуына
айтарлықтай үлес қосып, практикалық мәнге ие
болды. Олардың әрқайсысы қазіргі таңда
ғылым үшін пайдалы, әрі қоғам дамуының
талабына орай өте қажет. [3]
Қақтығыстар
пайда болған сәтте-ақ шешуге болады, ол үшін осы топты,
ұжымды құрастыратын адамдар арасындағы байланыстарды
және қатынастарды жүйелі түрде терең талдап
тұру қажет. Енгізіліп жатқан өзгерістердің
салдарын алдын ала ойластыру да қақтығыс жолы. Әр адам
өз сөздері мен қадамдарын жан-жақты тексеріп
алса–қақтығыс шиеленісуі жоқтың қасы болар
еді.
Қақтығыстың
алдын-алудың өз қағидалары бар. Алдымен, оның
шығу себептерін ашу керек. Қақтығыстың
қайнар көздерін ұйымдастыру, арақатынас, даугенді
(жанжалкеш) тұлға.
Қақтығысты
ұйымдастыру себептері–ұжымдарда өндірісті мектептерде
оқу-тәрбиені ұйымдастыру барысындағы олқылықтар.
Мысалы, мектепте қақтығысты ұйымдастыру себептеріне
келісімсіз сабақ кестесі, талаптардың біркелкіліксіздігі, күн
тәртібінің кемшіліктері, мұғалім таңдауының
нашарлығы, асхананың болмауы т.с.с.
Қақтығыстардың
арақатынас себептері–адамдардың билікке таласуы, біріне бірі
қоятын қарама-қарсы талаптары, әміршіл
тәсілдермен бағындыруы, «екіжүзді» моральды қолдануы.
Қақтығыстың
жанжалкеш тұлғалық себептері–ішкі дүниесі
қайшылықтарға басым адам жүрген жерде ұрыс,
ерегіс, жанжалдардың қайнар көзі болады.
Жеке
тұлғалар арасындағы қарым-қатынасқа
атмосферада кейбір элементтердің жетіспеушілігі адам өміріне
қанағаттанбауына әкеліп соқтырады. Тұлғалар
арасындағы қарым-қатынас атмосферасын адамдар өздері
жасайды. Өздерінің іс-әрекеттерімен олар бұл
атмосфераны ластайды. Оны құрайтын элементтер қатынасын
бұзады. Бірақ адамдар оны өздеріне қолайлы, өз
өмірлерін де дамуға, теңдікті сақтауға болатындай
етіп өзгерте алады.
Қарым-қатынаста
адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және
басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша
түседі. Сонымен бірге сол қасиеттері қарым-қатынаста
қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның
азаматтық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль,
құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі,
жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады.
Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық
дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда
қарым-қатынасты былай
анықтауға болады: адамның бүкіл өмір барысында
психикалық процестері мен мінез-құлқы
қалыптасатын жан-жақты шындық. [4]
Адамдар
арасында шындығында не болып жатқанын білу, ақ-қара,
жаман-жақсы категорияларға бөлу арқылы күрделі
құбылыстарды түсіну қиынға түседі.
Бұлай ойлау адамдар арасында кіналарды іздеу, оларға
қолданатын жазаларды ойластыруға әкеліп соғады.
Психологиялық
тұрғыдан алғанда қақтығыс адамдардың
санасындағы, қатынастарындағы жағымсыз сезімдермен
байланысты қарама-қарсы бағыттардың тоғысуы.
ПАЙДАНАЛЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің
01.03.2016 № 205 жарлығы
2 А. Я.
Анцунов, С. Б. Баклановский: «Конфликтология» Питер, 2007, 127 бет
3 Александрова
Е.В. Социально-трудовые конфликты: пути разрешения. – М., 1993.
4
Андреев В.И. Конфликтология: искусство спора, ведение переговоров и разрешение
конфликтов. Казань, 1992.
5
Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология: Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.
6
Бабосов Е.М. Конфликтология: Учебник пособие для студентов вузов. – Минск:
ТетраСистемс., 2000.
7
Белкин А.С., Жавовронков В.Д., Зимина И.С. Конфликтология: наука о гармонии. –
Екатеринбург, 1995.
8
Берн Эрик. Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры. – СПб.,
1992.