Абдрақов
Б.Қ. – профессор, Минарбеков Д.И. – педагогика магистрі, Ишанбеков Н. – білімгер
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты, Қазақстан
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Адам организмнің өте бір жақсы
қасиеті –оның сыртқы дүниеге, яғни қоршаған
ортаға, табиғаттың әр түрлі
құбылыстарына икемделгіштігі. Мыңдаған жылдар бойы
осындай табиғатқа икемделгіштік қасиеті арқылы
және бар тіршіліктер ғұмыр сүріп келе жатыр. Ал
табиғатта икемделгіштік қасиеті нашар тіршіліктер хайуанаттар, жәндіктер
жерден мүлдем ғайып болған. Адам организмінің
табиғатқа икемделгіштігі жас өскен сайын нығая
түседі, әрі ол шынығады, төзімділік пайда болады.
Төзімділікті саналы түрде дамытып, нығайтуға болады.
Мысалы, балаларды әр түрлі ыстық-суыққа
төзімді болу, олардың денесін шынықтыру жұмыстары
балалар бақшаларында, балалар үйлерінде, мектептерінде, демалыс лагерлерінде,
мектептерде, демалыс лагерлерінде жүргізіледі. Дене
шынықтырудың кең тараған тәсілдеріне физкультура
мен спорт жатады.
Жас кезінен дене шынықтырумен, спортпен
айналысқандардың денелері шымыр болып, дене құрылысы
жақсы дамып, күш –қайратты келеді [1,2]. Олар
әртүрлі аурулармен сирек ауырады, суыққа шыдамды
болады. Дене шынықтыру текбұлшық еттерді дамытып қана
қоймайды, сонымен қатар жанды да шынықтырады, ондай жандар
өмір қиыншылықтарына бой бермейді, шыдамды, төзімді
келеді. Алдына қойған мақсатқа қажымай, талмай
жету әркімнің қолынан келе бермейді. Қиыншылыққа
ұшыраған біреулур оны қайсарлықпен жеңуге
тырысса, екінші біреулер сағы сынып сары уайымға беріледі. Біреулер
оған күйіп-піссе, көңілдері пәс солып,
тұжырап жүрсе, ал енді біреулер ауыртпашылық пен
қиындықты тез ұмытып, көңіл-күйі
ақжарқын болып, жадырап жүреді. Мұның
барлығы әр адамның жеке мінезінің ерекшілігіне
байланысты. Болған жағымсыз оқиға, бастан өткен
сәттілік әртүрлі із қалдырады. Мысалы мінез
ашуланшақ, ызақор, сол нәрсеге күйіп-пісетін адамдардың нерв жүйесі
қажып (жүйкесі жұқарып), невроз, гипертониялық
ауру (қан қысымының көтерілуі), жүректің
қысып ауруы (жүрек ишемиясы) секілді ауруларға душар
болатыны белгілі.
Ал неврозға ұшыраған адамның
ұйқысы бұзылады, көңіл –күйі тез
өзгеріп, себепсіз де болар-болмас себепке дегбірсіздік пен
күйгеліктілік пайда болады [3,4].
Адамның жүзі күлкі ойнап тұрса,
ол төңірегіндегілерге де жағымды әсер етіп,
көңіл-күйлерін жақсартатыны белгілі. Сондықтан
жұмыста болсын, уйде болсын қабағыңызды ашық,
жаныңыз жарқын болуын қалағаныңыз жөн. Орынды
нәзік күлкі мен жарқын да жайдарлы мінез адам жанын семіріп,
көңілін мархайтады. Себепсізден себепсіз қабағыңыз
қара бұлттай түнеріп, маңдай теріңіз
қыртыс-қыртыс болып ашылмай, сіреңіз су көтермей
көңілсіз жүрсеңіз үйде де сыртта да берекесіздік
жайлайды. Өзіңнің алдыңа келген адамдарды ашық
пейілмен қарсы алып, қабағына кірбің түсірмей,
ізет көрсетіп, қолдан келсе ілтипат жасап, көмектесіп, кішіпейілдік сезіммен
күлімдей шығарып салған қандай жақсы [5].
Қандай ауыр ой мен қиын оқиға
болмасын оны жеңілдету әр адамның өз қолында.
Осындай кезде А.Карнегидің «Қышқыл лимоннан тәтті
лимонад жасайық» деген қанатты сөздерін еске түсіріп,
қиындықты қайсарлықпен қарсы ала білу
әркімнің қолынан келе бермейтін өнер. Не болса
соған көңіліңізді жабырқатпай, бойыңызды төзімділікке
үйретіп, қиындыққа мүжілмей, тасқа
табылмайтын алмастай әркімнің шыдамды да берік болғаны
жөн.
Әдебиет:
1.Апанасенко Г.Л.,
попова Л.А. Медицинская валеология. Киев, 2000
2. Коимова В.И.
Человек и его здоровье, М., 1990
3. Татарникова Л.Г.
Педагогическая валеология. С.-Пб., 1998
4. Ордабеков С.
Медицина негіздері. Тараз 2003
5. Ордабеков С.О., Абдрақов
Б.Қ. Валеология оқу құралы. Қарағанды
«АқНұр», 2012