1Ильдербаев О.З., 1Нұрбек
Н., 1Талдықбаев Ж.С., 2Ильдербаева Г.О.
1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, Қазақстан
2Семей қ. мемлекеттік медицина университеті, Қазақстан
ЗИЯНДЫ
ФАКТОРЛАРДЫҢ ГУМОРАЛДЫ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ ҚОСАРЛЫ
ӘСЕРІ
Стреске
эмоционалды реактивтілік психикалық және физикалық
денсаулығымен байланысты сияқты болып саналады, бұл
адамның тұрақты ерекшелігі. Алайда, соңғы
деректер стресс және адамның ішкі жағымсыз сезімінің
арасындағы әсерінен (яғни, эмоционалды стресске
төзімділік) егде жастағы ересек адамдарда уақыт өте жоғары стресс
ұлғайтылуы мүмкін екенін көрсетті [1]. Қазіргі
заманғы адамның психоэмоциональдық аппаратына үнемі
өсіп келе жатқан жүктеме оның бейімделуіне
төтенше талаптар қояды және реттеуші механизмдерге күш
түсіруі мүмкін. Қарқынды өмір
қарқыны, қолайсыз әлеуметтік және
экологиялық жағдай, дене белсенділігінің төмендеуі
және басқа да көптеген факторлар психоэмоционалдық
қысымның өсу үшін алғышарттар жасайды.
Жағымсыз әсерлерге бейімделу реакцияларына қарамастан, клиникалық,
эксперименттік бақылау көрсеткендей, функционалдық
жағдайдың сыртқы және ішкі ортаның көптеген
факторларына және, ең алдымен, жүйелердің
генетикалық негізделген қасиеттеріне тәуелді жеке
ерекшеліктері, белгілі бір дәрежеде алдын ала ағзаның стреске
тұрақтылық деңгейін анықтайды [2,3]. Адамдарда
эмоциялық стресс онкологиялық ауруларға әкелуі
мүмкін. Соңғы жылдары Хьюстон (АҚШ) медициналық
мектептің зерттеушілер алған сенімді дәлелдемелер стресс
генетикалық аппаратының бұзылуын тудырып, онкологиялық
аурулар туындау ықтималдығын артатынын дәлелдеген [4].
Барлық аурулардың 90% стресспен байланысты болуы мүмкін. Осы
уақытқа дейін көптеген зерттеушілер шамадан тыс стресс
туындайтын даулы немесе қиын жағдайлардағы және
депрессия тудыру, үзілген үміт көптеген қатерлі аурулар
туындау ықтималдығы арттырады деген пікірге қосылады [5].
Иондаушы
сәулелердің салдарын Қазақстандағы халық
денсаулығы әсерін зерттеу өзекті болып табылады,
өйткені Семей ядролық полигонында кейбір жерлер радиоактивті
таралуына ұшырады, ал бұл аумақтарда халық
тұратын ішкі және сыртқы сәулелену әсеріне
ұшырады. Радиацияның белгілі бір дозасын алған
тұлғалар, күнделікті өмірде көптеген қиындықтарға
ұшырап, түбінде эмоциялық стресс алады [6]. Гуморалды
иммундық жүйеге стресс пен гамма-сәуленің қосарлы
ықпалын зерттеу жұмыстың мақсаты болды.
Жұмыс
2 сериядан тұратын салмағы 200-250 грамды аталық
егеуқұйрықтарға
эксперимент жүргізілді: I – бақылау тобы (n=10) және II
– стресс пен 0,2 Гр гамма-сәулесінің қосарлы әсеріне
ұшыраған топ (n=10). Жануарларда В-лимфоциттердің шамасы,
айналыстағы иммундық кешендер, иммуноглобулиндер және
фагоцитоз көрсеткіштері анықталып, нитрокөк тетразоль тестісі
жүргізілді. Зерттеудің нәтижелеріне статистикалық
өңдеу жүргізіліп, салыстыру t-Стьюдент критерийі ретінде
саналды.
Зерттеу нәтижелері
көрсеткендей тәжірибелік II топта
бақылау тобына қарағанда лейкоциттердің саны нақты
болмаса да төмендегені анықталды. Тәжірибелік топта жалпы
лимфоциттердің саны 45,66 %-ға (р<0,05) артқаны
анықталды. Лимфоциттердің пайыздық көрсеткіші
бақылау тобындағы жануарлардың көрсеткішімен
салыстырғанда 13,58 %-ға артқаны тіркелді (р>0,05).
В-лимфоциттердің абсолюттік саны 14,70 %-ға арту үрдісі
байқалды. Ал пайыздық көрсеткішін алатын болсақ қос
фактордың әсеріне ұшыраған жануарларда бақылау
тобымен салыстырғанда айқынды өзгеріске түскені белгілі
болды: 33,26 %-ға (р<0,0) артқан. В-лимфоциттердің артуы
аясында АИК мөлшерінің нақты болмаса да арту үрдісі
тіркелді: шамамен 4 %-ға тең болды. Ал, енді стресс пен 0,2 Гр
гамма-сәуленің қос әсерін алған тәжірибелік
жануарлардың қанындағы фагоцитарлық белсенділігіне
келсек, фагоцитоздың пайызы 8%-ға төмендегені тіркелді, ал
бір фагоциттің фагоцитарлық саны II топтағы тәжірибелік
жануарларда бақылау тобымен салыстырғанда 25 %-ға
төмендегені анықталды (р>0,05). Зерттеу мәліметі бойынша эмоциялы
стресс пен 0,2 Гр гамма-сәуленің қос әсерін алған
жануарларда НКТ көрсеткіші 36,75 %-ға (р<0,05)
артқандығы анықталды. Бұл мәлімет нейтрофилдер
функциялық белсенділігінің арта түскенін көрсетіп отыр,
ағзаның бейспецификалық қорғанысының шамалы
жоғарлай түскенін көрсетті. Эмоциялық стресс пен 0,2 Гр
гамма-сәуленің қос әсерінің иммуноглобулиндерге
ықпалын зерттеу үшін тәжірибелік жануарлардың қан
сарысуы алынып анықталды. Иммуноглобулин A және M мөлшерлері
тәжірибелі топтан өзгеріссіз
қалғаны анықталды (р>0,05). Ал Ig G концентрациясы 21,36
%-ға (р<0,05) төмендей түскені жүрген. Зерттеу
мәліметтері бойынша қос фактордың әсерінен гуморалды
иммундық жүйені ынталандыру үдерісі жүрген. В-лимфоциттердің
шамасын айқын арттырып, нейтрофилдер функциялық
белсенділігінің арттыра түскен. IgG төмендеуі стресс пен
гамма-сәуленің қосарлы әсерінде радиациялық
фактордың үстемділігін белгіледі.
Әдебиет:
1. Howland, M;
Armeli, S; Feinn, R; Tennen, H. Daily emotional stress reactivity
in emerging adulthood: temporal stability and its predictors. Anxiety stress and coping. 2017, Vol: 30,
N: 2, P.: 121-132).
2. Bonner
R.L., Rich A.R. Psychosocial vulnerability, life stress, and suicide ideation
in a jail population: a cross-validation study. // Suicide Life-Threat. Be-hav.
1999. - Vol. 20, № 3. p. 213-424.
3. Kanas N.
Psychosocial support for cosmonauts. // Aviat. Space Environ. Med. 2000. -
Vol.62., №.4. - P. 353-355.
4. Baker
J. Stress appraisals and coping with everyday hassles // Progr. Reversal Theory. Amsterdam, 1988. Р.117-128.
5. Корыстов Ю. Н. Эмоции, стресс, курение, потребление
алкоголя и рак – корреляционные и причинные связи //Журнал ВНД им. Павлова.
1997.№4, с. 627-657.
6. Жетписбаева Х.С., Алимбаев А.А., Адрисова К.С., Жетписбаев
Б.А., Куанышева А.Г., Уразалина Н.М. Влияние отдаленных последствий острого
гамма-излучения и эмоционального стресса на функциональное состояние костного
мозга и тимуса //Наука
и здравоохранение. – 2014. - № 4. – С. 62-66.