1Алдабергенов Ж.М, 1Ильдербаев
О.З, 2Нурмуканов Д.К, 2Ильдербаева Г.О.
1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті, Қазақстан
2Семей қ. мемлекеттік медицина
университеті, Қазақстан
РЕАКТИВТІЛІГІ
ӨЗГЕРГЕН АҒЗАДАҒЫ ТОТЫҒУҒА ҚАРСЫ ЖҮЙЕГЕ
КҮЙЗЕЛІСТІҢ ӘСЕРІ
Радиациялық фактордың
әсері таралған аймақтағы жүргізілген шаралар
қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерін,
радиоэкологиялық жағдайды, халықтың аурушаңдығын
зерттеуді талап етуі заман сұранысы [1].
Қоршаған ортадағы радиобелсенді
заттармен ластануы алуан экологиялық, медико-биологиялық,
әлеуметтік және экономикалық мәселелерді туғызады.
Бұл мәселелерді шешу арқылы, радиацияның факторларымен
ластанған көздері бар жерлерде
тұрып жатқан, және радиациялық ластанған
өндірісте жұмыс жасайтын адамдардың өміріне олардың
қанша дәрежеде қатерлі екендігін анықтауға болатыны
анық [2].
Ғалымдардың айтуынша
қолайсыз жайттардың ағзаға әсерлерін толық
бағалау үшін күнделікті өмірде олардың
синергиялық түрде әсер етуін ескерген жөн деп санайды [3,4].
Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының
(радиациялық, радиациялық емес және т.б.) қосарлы
әсер етуінің салдарларынан, олардың зиянды
әсерлерінің жинақталып, ағзада туындайтын
өзгерстердің тереңдей түсетіні, кей жағдайда
аддитивті әсері байқалатыны белгілі болды [5].
Зерттеу жұмысында
анықталған мәліметтер иондайтын радиация және эмоциялық
күйзелістің қосарлы әсерінен дамитын патологиялық
өзгерістерді, ағзаның адаптациясына кедергі келтіретін
факторларды ерте анықтап, өзгеріске түскен
көрсеткіштерді қалпына келтіру мүмкіншіліктерін қарастыруға
болады.
6 Гр дозалы гамма-сәуленің
залалымен және стрестің қосарлы әсерінен пайда
болған иммунокомпетентті ағзалардың тотығуға
қарсы жүйесіндегі (ТҚЖ) өзгерістерге ықпалын
зерттеу. Жұмыс 2 сериядан тұратын салмағы 250 грамды
аталық егеуқұйрықтарға эксперимент
жүргізілді: I – бақылау тобы (n=10), II – эмоциялық стресс пен
6 Гр гамма-сәулесінің қосарлы әсеріне
ұшыраған топ (n=10). Жануарларды сәулелеу Чехиялық
«Теragam» қондырғысымен 6 Гр γ-сәулесі берілді. Тәжірибелік егеуқұйрық
жануарларынан алынған бауыр, көкбауыр, айырша без, шажырқай
лимфатүйіндерінен гомогенаты даярланды. Алынған гомогенаттарда
және қан лимфоциттерінде глутатионредуктаза (ГлР),
глутатионпероксидаза (ГлП) және каталаза (КТ) белсенділіктері
анықталды. Зерттеудің нәтижелеріне
статистикалық өңдеу жүргізіліп, салыстыру t-Стьюдент
критерийі ретінде саналды.
Зерттеу
нәтижелері көрсеткендей стреспен мен 6 Гр гамма-сәуле
әсеріне ұшыраған жануарлардың көкбауырында
және айырша безінде ГлР ферментінің белсенділігі айқын
төмендегені анықталып, ал зерттеуге алынған бауыр,
жіңішке ішек лимфатүйіндерінде айқын өзгерістің
болмағаны тіркелді. Атап айтқанда, көкбауырда қалыптағы
көрсеткішпен салыстырғанда ГлР белсенділігі 29,76 %-ға (р<0,05), айырша безінде 24,77 %-ға (р<0,05) төмендегені тіркелді, ал қан
лимфоциттерінде керісінше 42,29 %-ға
артқан (р<0,05).
ГлП белсенділігіне келетін болсақ,
бауыр, көкбауыр, айырша безі, шажырқай лимфатүйіндері
және қан лимфоциттерінде фермент белсенділігі төмендегенін
анықтадық. Атап тайтқанда, бауырда ГлП белсенділігі 28,59 %-ға
(р<0,05),
көкбауырда - 44,16 %-ға (р<0,01), айырша
безінде - 30,43 %-ға (р<0,05), шажырқай
лимфатүйіндерінде - 21,87 %-ға (р<0,05) және
қан лимфоциттерінде - - 51,09 %-ға (р<0,05)
айқын төмендеген. Бүйрек үсті безінде қалыпты
топтағы көрсеткіштен айқын өзгеріске түспеген.
КТ белсенділігіне келсек, негізі алынған
нысаналардың барлығында фермент белсенділігі айқын тежеліске
ұшырағаны анықталды. Атап айтқанда, бауыр гомогенатында
қалыптағы көрсеткішпен салыстырғанда КТ мөлшері 44,27
%-ға (р<0,01), көкбауырында
- 38,57 %-ға (р<0,05), айырша
безінде – 43,62 %-ға (р<0,05), шажырқай
лимфатүйіндерінде - 34,64
%-ға (р<0,05) және
қан лимфоциттерінде - 26,21 %-ға (р<0,05)
артқаны мәлім болды.
Жоғарыда алынған
эксперименттің мәліметтерін тұжырымдай келе, жоғары
дозалы гамма-сәуле мен стрестің қосарлы әсері кезінде
метаболизмдік өзгерістер тереңдей түсіп, тотығуға
қарсы жүйенің ферменттеріне синергисті тежегіш күші
ретінде арта түскені жүрген. Тотығуға қарсы
жүйе ферменттерінің тежелуінен ағзада аутоиммундық
реакцияның қосылуы да мүмкін.
Әдебиет:
1. Қазымбет П.К., Имашева Б.С.,
Бахтин М.М., Калибекова А.Д., Исинеев К.К., Асылбеков М.А. Комплексное
исследование экологически неблагоприятных регионов Северного Казахстана //
Материалы международной конференции «Медико-социальная реабилитация населения
экологически неблагоприятных регионов». – Семипалатинск, 2006. – С. 58.
2. Сейсебаев А.Т. Қазақстан
Республикасы аумағындағы радиациялық ахуал // Астана
медициналық журналы. – 2007. – № 7 (43). – С. 32-33.
3. Рябова С.В., Петин В.Г. Возможность
прогнозирования синергических эффектов комбинированных воздействий на
организменном уровне //Радиационная биология. Радиоэкология. – 2000. – Т. 40, № 2. – С. 192-196.
4. Пругло Ю.В. Многолетние разработки
кафедры патологической анатомии СГМА связанные с проблемой Семипалатинского
ядерного полигона //Материалы III Международной конференции «Экология,
Радиация, Здоровье». – Семипалатинск, 2002. – С. 251.
5. Битанова Э.Ж., Бижигитова Б.Б.,
Лоторева Ю.А. Опыт и перспективы иммуноэкологических исследований //«Медико-социальная
реабилитация населения экологически неблагоприятных регионов»: материалы II
Международной конференции посвященные 55-летию СГМА: сб.тезисов. – Семей, 2008.
– 281 с.