Экономические науки/10.Экономика предприятия.

 

Райханова Г.А., Жумашева А.Б.

 

Карагандинский государственный университет имени академика Е.А. Букетова, Казахстан

 

ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРУ

 

Аннотация

В этой статье проведен опрос, с целью  увеличиния субъектов малого бизнеса в Казахстане. Сегодня возрасла роль регионов в успешной реализации крупных государственных программ, поэтому социально-экономическое развитие Казахстана, его дальнейшее развитие характеризуется управлением развития его регионов и областей.

Summary

In this article survey is conducted, for the purpose of increase in subjects of small business in Kazakhstan. Today the role of regions has increased in successful implementation of large state programs, therefore social and economic development of Kazakhstan, it's further development is characterized by management of development of his regions and areas.

 

«Жаңа экономика кең тұрғыда – бұл жоғары технологиялар ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен қаныққан экономика Шикізаттық және индустриялық экономикадан санаткерлік ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылық барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды», - деп атап өткен өз еңбегінде ел Президенті Н.Назарбаев.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін анықтау үшін сауалнама жүргізуден бастадық.

Сауалнаманың мақсаты – шағын кәсіпкерлік субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің беделін арттыру және олардың Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен молықтыруға бағытталған қызметін ынталандыру.

Сауалнамаға Қарағанды облысының 35 кәсіпкері қатыстырылды.

Бірінші «Сіз өз ісіңізді бастау себептеріңіз неде?» сауалнамасының нәтижесі 1-кестеде көрсетілген: Кестеден көріп отырғанымыздай, кәсіпкерлік белсенділіктің қалыптасуының негізгі себептеріне жұмыссыз қалғандар (36%), жалақының қолайлы өмір сүруге жеткіліксіздігі (20%) мен тез баюға ұмтылғандар (17%) құрап, ал ешкімге тәуелді болмай еркін өмір сүруді қалағандар (13%) мен өз идеяларын жүзеге асырғысы келген адамдардың (9%) үлесі аз деңгейді иеленіп отыр.

Кәсіпкерлердің іскерлік белсіндігін анықтау сауалнамасы мына ерекшеліктеріне қарай жүргізілді: жынысы; жасы

Кесте Қарағанды облысында кәсіпкерлік белсенділіктің қалыптасуының негізгі себептері

Өз ісін бастаудың себептері

%

 

Барлығы:

100

1

Жұмыссыз қалғандықтан кәсіпкерлікпен айналысуға мәжбүр болу

36

2

Алатын жалақымен қолайлы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін мүмкіншіліктің болмауы

20

3

Ағымдағы жағдайдың ретсіздігін пайдаланып, тез баюға ұмтылу

17

4

Мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік қызметкерлерге тәуелді болудан құтылып іс-әрекет бостандығын алып, еркін өмір сүруді, қызықтыратын іспен ешкімге тәуелді болмай айналысуды қалау

13

5

Мемлекеттік, бюрократтық ережелер мен процедуралардың әсерінен жүзеге асыруға мүмкін болмаған әлеуетті, идеяларды жүзеге асыруға ұмтылу

9

6

Қоршаған адамдар арасында беделінді, әлеуметтік статусыңды жоғарылатуға ұмтылу

4

7

Өзінді төзімділікке тексеру

1

Е с к е р т у: Жүргізген сауалнама автормен  құрастырылған

Сұраушылардың жалпы портреті. Сауалнамаға қатысушылардың екі портреті берілген:

1. Жынысы - «ер адам», «әйел»;

2. Жасы - «23 жасқа дейін», «23-тен 30 жасқа дейін», «30 жастан 45-ке дейін» және «45 жастан жоғары»

Сұралғандардьң жалпы портреті – 35 адамнан:

- 53,5% - әйелдер, 46,5% - еркектер;

- жасына қарай топқа бөлсек: 23 жасқа дейн - 29,6%, 23-тен 30 жасқа дейін -23,6%, 30-дан 45 жасқа дейін - 23,9%, 45 жастан жоғары- 22,9%

Төменде сұралғандардың жалпы портретін сипаттайтын диаграмма беріліп отыр. (Сурет 1) Нарықтық шаруашылықтың дамуының жоғарғы икемділікпен өзгеруінің негізгі факторы, нарықтың міндетті құрамдас бөлігі кәсіпкерлік екенін бірнеше жыл ішінде жүргізілген қайта құрулардың нәтижесі көрсетіп отыр. Қоғамның тепе-теңдікте дамуы барлық аймақтардың үйлесімді дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда ірі мемлекеттік бағдарламалардың ойдағыдай жүзеге асырылуында аймақтардың рөлі артқанын байқаймыз. Сол себепті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының дамуын басқарумен сипатталады

1 cурет. Жасы бойынша сұрыпталғандар сегментация

Қазіргі кезеңде аймақтардағы кәсіпкерлік белсенділіктің қалыптасуына әсер етуші басты фактор жұмыссыздық. Бүгінгі таңда жұмыссыздық деңгейінің өсуі ең күрделі мәселелердің бірі Ресми мәліметтер бойынша облыстағы экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты есептегенде оның деңгейі 7 пайыз шамасында болып отыр. Облыста заңды тұлға ретінде 2014 жылы 41708 кәсіпорын құрылып, 128330 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын және орта кәсіпкерлік секторының экономикалық салалар бойынша орналасу құрамына талдау жасайтын болсақ: аграрлық секторға 21%, сауда саласына - 30,1%, автокөліктер және жеке тұтыну бұйымдарын жөндеуге, құрылысқа - 14,0%, өңдеу өнеркәсіп өндірісіне – 14,1% келеді. (Сурет 8) Қарағанды облысындағы шағын және орта кәсіпорындардың 51,1%-ы ауыл шаруашылығы мен сауда саласында шоғырландырылып, шағын кәсіпкерліктің бір жақты дамып отырғаны айқындалып, өнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру қажеттілігі туындауда Мұны келесі сызбадан байқауға болады Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселесі облыста екі бағытта: облыстық бюджеттен қаржы бөлу мен екінші деңгейдегі банктердің несиесі арқылы жүзеге асырылды Жалпы Қарағанды облысының ШОБ «Даму» Қорының қолдау бағдарламаларының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады  Аймақ деңгейі жоғары (халықтың көптігімен, табыстың жоғарылығымен) өткізу нарығымен, бизнес үшін жоғары дамыған инфрақұрылымымен және жоғары кадр әлеуетімен ерекшеленеді Қарағанды облысында ШОБ көрсеткіші Қазақстан бойынша өте жоғары 2009 жылдың қорытындысы бойынша белсенді ШОБ субъектілерінің саны бойынша аймақ республикамызда 6-шы орында, ШОБ жұмыс істеп жүргендер саны бойынша 5-ші орында, өнім шығару бойынша 4- ші орында келеді.

2014 жылдың басынан шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 144685 млнтеңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндірген, бұл облыс көлемінде өндірілген өнімнің 39% құрайды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 пайызға өскен. (сурет 1) Сәйкесінше облыс екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке беретін кредиті бойынша 5- ші орында тұр. 

Бұдан бөлек, аймақта ШОБ өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы орта – ірі өндіріс ошақтары ( «АрселорМиттал Теміртау» АҚ , «Корпорация «Казахмыс» ЖШС , «Евразиан Фудс» АҚ , «Қарағанды кәмпиттері» АҚ , «Central Asia Cement» АҚ және тб) бар Осыған байланысты ірі кәсіпорындардың шағын бизнеспен ынтымақтастығын ретке келтіру аясында «Даму» Қоры ірі кәсіпорындардың кепілдігімен Қарағанды облысындағы ШОБ субъектілерін қаржыландырудың түрлі жолдарын қарастыруға дайын. Белгілі болғандай, 2012 жылдың соңынан бастап «Даму» Қоры ШОБ субъектілерін кейіннен қаржыландыру үшін қаражатты ЕДБ келісіп орналастыру бағдарламасының 3 траншын, сонымен қатар «Даму- Аймақтар» Бағдарламасын іске асырып келеді. Қор бағдарламалары аясында қаржыландыру сомасының басым бөлігі Қарағанды облысының еншісінде 01012009ж шаққанда нақты берілген кредиттің жалпы сомасы 33,5 млрд теңгені (жалпы соманың 9,1%) құрады. Нәтижесінде «Даму» Қорының Бағдарламалары бойынша қаражаттың аймақтағы ЕДБ-ң несие портфеліндегі үлесі 55% құрап отыр. Қарағанды облысы өндіріс аймағы ретінде «Даму- Өндіріс» бағдарламасы бойынша қайтақаржыландырылған жобалар саны бойынша 3 295 млн теңге сомаға 25 жобамен көшбасшы болып отыр. Қарағанды облысының ШОБ субъектілері «Даму-Қолдау» Бағдарламасына да қатысып отыр. Қазіргі күні Қор осы бағдарлама аясында 11 млн теңге сомаға 1 жобаны қаржыландырды.  Президент 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «2020 - бизнес жол картасы» Бағдарламасы бағыттарының бірі « Kадрларды қайта дайындау және кәсіпкерлердің біліктіліктерін арттыру және бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» болып табылатынын атап өтті. Сол себепті Қор ШОБ-қа бейқаржылау қолдау көрсету бағдарламасына басты назар аударады. Экономист ғалымдар ұсынған шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын аймақтық деңгейде көп өлшемді бағалау арқылы Қарағанды облысының аудандарындағы жағдайды анықтауға мүмкіндік туып отыр. Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуметік-экономикалық дамуының кешенді индексін анықтап, олардың қызметіне талдау жасау үшін, ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының келесідей даму үлгісін қарастырамыз.

 

Әдебиеттер:

1. Сәбден О. Шағын бизнес негіздері. Астана. 2008 ж. бет 125-145.

2. Сейдахметов А.С.Предпринимательство.Алматы.: Экономика, 2010.б. 165-248.