Утегенова К.А.
э.ғ.к., Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ
Бүркіт А.
Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ-нің студенті
Темір жол тасымалдау саласына логистикалық
орталықтар құру қажеттілігі
Көлік-логистикасы
кластерінің жетістіктерін темір жол көлігінде пайдалану өтпек
көлік әлеуетінінің тиімділігін арттырудың кепілі,
әрі әлемдік көлік жүйесіне белсенді
интеграцияланудың формасы болып табылады. Соңғы жылдары стратегиялық мүмкіндіктері мол
көлік саласының ағындық экономикалық процестерде
негізгі қызмет атқарып отырғандығын атап айту
қажет. Бүгінгі күні тасымалдау көлемін
ұлғайту, көптеген отандық жүк және жолаушы
тасымалдаушылар мен экспедиторлардың іс-әрекетінің
экономикалық тиімділігін арттыру міндеттері өзектене түсті.
Логистика принциптерін енгізу және Қазақстан территориясындағы
транзиттік жүк тасымалын басқарудың логистикалық
принциптерін дамыту арқылы тасымалдау процесін қазіргі
талаптарға және халықаралық стандарттарға сай
қамтамасыз ететін жаңа технологияларды пайдалану көлік
саласының сапалы өрлеуіне мүмкіндік беретіндігін шетел
тәжірибесі растап отыр.
Көлік-логистикасы кластері
мамандандырылған логистикалық орталықтар арқылы
жүк ағындарын оңтайландыру мен ұйымдастырудың
жаңа әдістемесі ретінде көлік ағындарының тиімділігін
арттыруға, көлік қызметін ұсынатын өндірушілер мен
тұтынушылар шығындарын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Логистиканың
мүмкіндіктерінің көлік саласындағы маңызы ерекше.
Көлік – адаммен жүкті таситын материалдық өндіріс
саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында
көлік материалдық қызмет өндіру аясына жатады.
Материалдық ағымның шикізаттың алғашқы
кезінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі
аралығында орындалатын логистикалық операциялардың көп
бөлігі түрлі көлік құралын қолдану
арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға кететін
шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50
пайызға дейінгі шамасын құрайды.
Қазір
Қазақстандық экономикадағы тауарлар мен қызметтер
нарығында нақты ортақ және жеке мақсаттарға
жету үшін бірінші жолға нарық субьектілерінің тиімді
ынтымақтастық және интеграциялану принциптері шықты.
Бүгіде логистикалық бизнестің ерекшелігі жүк
әкелуші жүйе тауар әкелуші жүйенің негізі болып
жатқандығында және олардың бірыңғай
технологиялық режимде қызмет етуінде.
Логистикалық
орталық негізінде
халықаралық деңгейдің стандарттарын
қанағаттандыра алатын – телекоммуникациялық және
жүк өңдеуші құрал – жабдықтары бар,
сондай-ақ, қызмет көрсетулердің ауқымды тізімін
ұсына отырып, жүктерді «есіктен есікке дейін» тасымалдау
үдерісін ақпараттық – технологиялық
тұрғыдан қамтамасыз ететін жүк ауласын
ұғынады.
Сонымен, көлік
логистикасының негізгі міндеттеріне төменгілерді
жатқызуға болады:
– көлік жүйесін
құру, соның ішінде көлік коридорларын және
көлік тізбектерін құру. Мұндағы көлік
коридоры дегеніміз бұл ұлттық немесе халықаралық көлік
жүйесінің бір бөлігі, ол жеке географиялық аудандар
арасындағы жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. Мысалы,
оған кіретіндер: қозғалмалы көлік құралдары
және осы бағытта жұмыс істейтін барлық көлік
түрлері мен стационарлық құрылғылары,
сондай-ақ осы тасымалды жүргізудің барлық
құқықтық шарттарының жиынтығы. Ал,
көлік тізбегі дегеніміз бұл көліктің бір немесе бірнеше
түрін қолдана отырып, белгілі бір уақыт мерзіміндегі
жүкті белгілі бір қашықтыққа тасымалдау сатылары;
– тасымалдау-қоймалау
үрдісінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;
– тасымалдау үрдісін
қоймалауды және өндірістікті бірігіп жоспарлау;
– көлік құралының
түрін және типін таңдау және т.б.
Сондықтан да,
Қазақстанда тасымалдау-қоймалау үрдістерін
оңтайландыру мақсатында көлік-логистикалық
орталықтарды құру қолға алынып жатыр.
Қазақстандағы
логистикалық орталықтар қызметінің стратегиялық
басымдықтары келесі суретте берілген.
Көліктік-логистикалық
орталықтарды енгізудің стратегиялық басымдылықтары

Сурет
1- Көлік логистикасы кластерінің орталықтар қызметінің
стратегиялық басымдықтары
Логистикалық қуатты оптимальды орналастыру міндеті
көптен бері негіздеп есептелуде. Ондағы мақсатты функция -
бөлуші орталықтарды немесе қоймаларды орналастыруда
минимальды шығындар орын алуы керек.
Бөлуші
орталықтардың немесе қоймалардың оптимальды орналасуына
көптеген факторлар әсер етеді. Тасымалдау
қашықтығынан, тасымалданатын жүк көлемінен,
көлік тарифтерінен басқа оптимальды орналасуға жетілдірілген
жол желілерінің болуы, аймақтағы жаңа жол
құрылысының перспективалары және құны,
жаңа қоймаларды салудың мақсаттылығы,
экологиялық және құқықтық шектеулер,
салық түрлері және т.б. көптеген факторларға
назар аудару қажет. Сондықтан, кешенді есепке алу арқылы
бөлуші орталықты немесе қойманы салу туралы дұрыс шешім
қабылдауға болады.
Көлік-логистикасы кластерін
ұтымды пайдалану үшін заңнамалық және
нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
қажет. Логистиканың отандық нарықта дамуына
мүмкіндік жасап, шекарадан өту кезінде жүкті көліктік -
кедендік рәсімдеуге, сонымен қатар тиімді тасымалдау
мөлшерлемесін қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажет.
Қазіргі халықаралық көлік ағындарына қызмет
көрсетуде пайдаланатын техникалық базалар мен терминал
технологиялары түбегейлі өзгерістерді қажет етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1
Исингарин
Н.К. Реструктуризация железнодорожного транспорта: требуется продолжение.
–Алматы, 2007. –256с
2 Железнодорожный транспорт Казахстана:
обеспечивающая деятельность / под общей ред. Б.К. Адиярова.
–Алматы, 2004. – Т.3. – С.109-110; том 4