Экономические науки/3.Финансовые отношения.
Ескендир Н.Н., Куттыбаева Н.Б.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ,
Қазақстан
ҚАЗАҚСТАНДА ЕҢБЕК
КӨШ-ҚОНЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
БОЛАШАҒЫ
АННОТАЦИЯ
В статье рассматриваются
экономические характеристики трудовой миграции в Казахстане и исследуются
текущие тенденции внутренней трудовой миграции в Казахстане и исследуются их
проблемы и перспективы. Результаты исследования обобщены с использованием
сравнительного анализа, графического, аналитического, экономико-математического
и прогнозирования методов, а международная практика для Правительства
Республики Казахстан может служить хорошим примером формирования
квалифицированного рынка труда.
ABSTRACT
The article examines the economic characteristics of labor migration in
Kazakhstan and examines the current trends of internal labor migration in
Kazakhstan and explores their problems and prospects. The results of the study
are summarized using comparative analysis, graphical, analytical,
economic-mathematical and forecasting methods, and international practice for
the Government of the Republic of Kazakhstan can serve as a good example of the
formation of a qualified labor market.
Кеңес
Одағының ыдырауы мен жаңа құрылған
тәуелсіз мемлекеттердің нарықтық қатынасқа
ауысқан өтпелі кезеңі күрделі демографиялық
өзгерістермен көші-қон толқындарын туғызды. Бұл
жағдайды егемен еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан
кешіруге мәжбүр болды. Өтпелі кезеңдегі демографиялық
процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы саны
азаюы, өлім-жітімнің көбеюі, бала туудың кемуі,
осының салдарынан табиғи өсімнің құлдырауы.
Мұндай белең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан
алыс және жақын жерлерге бағыт алған
көші-қон толқындарының кең өрістеуі де
халық санын күрт төмендетіп жіберді.
Қазақстан Республикасының Президенті
- Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында
«Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы
нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың
жаңа міндеттерін айқындап кеткен болатын. Қазақстан
үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді
қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік
маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық
жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу
онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты.
Мен ел халқына өзімнің жаңа Жолдауымды осы
көкейкесті тақырыпқа арнаймын. Біз он бағыт бойынша
міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиістіміз.Бірінші. Қазақстандықтардың
жұмысқа тартылуы.Менің тапсырмам бойынша Үкімет
қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды
қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті. Онда үш
маңызды міндет қойылған.
Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға
септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі
кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының
жинақылығы, Қазақстанның экономикалық
тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға
басымдық беруді» атап кеткен
болатын [1].
Ішкі
көші-қон мәселесін зерттеу экономикалық даму саясаты
мен стратегиясын әзірлеу үшін қажет. Миграциялық
ағымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізбей
және ілеспе факторларға баға бермей жұмысқа орналасу
мәселесінен бастап қоныстану орындарындағы тұрғын
үйлердің жетіспеушілігі мәселесіне дейін бірқатар
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік алуының және оны әлемдік
қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде
пайда болған жаңа экономикалық және саяси
жағдайлар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы
көші-қондық үдерістердің түрі мен
бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді.
Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы
эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық
және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген
жабық ел болды. Ол негізінен,
социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен
басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті
жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты.
Экономикалық реформалардың тереңдей
түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда,
бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының
аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің
сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер
енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір
бөлігі босап шығуда. Халықтың миграциялық
жылжымалылығының қарқындылығы да сөзсіз
өсіп келеді.
Жан-жақты әлеуметтік-экономикалық,
аймақтық даму, өмір сүрудің, халықты
жұмыспен қамтудың, оның табысының және
экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол
жеткізу мәселелері маңызды болып табылады. Дамудың объективті
факторларынан туындаған Қазақстанның аймақтарының
дамуының әркелкілігі мәселесі жұмыспен
қамтудың құрылымын жетілдіруді талап етіп отыр.
Жаңа жұмыс орындарының экстенсивті
жолмен пайда болуы және қол еңбегі мен механикаландырылмаған
жұмыстың үлес салмағының сақталуы
кәсіпорындарға білікті емес еңбек ресурстарының
жаңа ағынын үнемі әкеліп отыруды қажет етуде.
Сонымен бір мезетте әлеуметтік инфрақұрылыммен нашар
қамтамасыз етілуі жоғары білікті кадрлардың тұрақтамауының
жоғары деңгейіне әкеліп соғуда және негізінен
беделі төмен жұмыс орындары ғана толығып отырады.
Халықтың
миграциясы – латын тілінен аударғанда көшу, орын ауыстыру деген
мағына береді. Ғылымда миграцияға байланысты 30-ға
жуық анықтама бар.
Миграцияға деген
қызығушылық тек жиырмасыншы ғасырда ғылыми
түрде зерттеле бастағанымен, миграцияның тарихы
адамзаттың пайда болуымен басталады. Миграцияның негізгі себептері ретінде
табиғи апаттардан қашу, өмір сүруге
ыңғайсыз климаттық жағдайлардың болуы, өмір
сүру территориясына өзге қарсы топтардың қысымынан
болатын көшулер, жауланған құлдарды еріксіз өзге
жерге эксплуатациялау секілді миграцияға түрткі факторларды
атауға болады. Әлем тарихындағы миграция басым жағдайда
мәжбүрлі түрде немесе империялардың «саяси амбициясы»
әсерінен жүрген. Оның дәлелі, ХІХ-XX ғасырлардағы
Еуропалық империялардың колониялды саясатын айтуға болады.
Соның ішінде қазақтардың арғы тегі
Ғұндардың (Қыпшақтардың) Еуропаға
қоныс аударғандығы, Аттиланың Еуропаны жаулаған
сәтте өзге еуропалық халықтардың қазіргі Ресей
мен Шығыс Еуропа жеріне миграция жасағандығы тарих
беттерінде жазылған. Бұл көш – «Ұлы көш» деген
атпен белгілі.
Еңбек көші-қоны
социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр.
Миграциялық үдерістердің заңдылықтарын
меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды зерттейтін
орта деңгейлі теория – миграция социологиясы қалыптасып, одан
әрі дамып келеді.
Халықтың көші-қоны
экономикалық құрылымның өзгеруімен және
өндірістік күштердің орналасуымен, халықтың
әлеуметтік және еңбек жұмылдырылғыштығының
өсуімен тығыз байланысты. Көші-қон республикадағы
әлеуметтік, демографиялық және этникалық ахуалдарына
елеулі ықпалын тигізіп отыр.
Халықтың жоғарғы
көші-қондық жұмылдырылғыштығы
әлеуметтік-экономикалық кешенді тұрақты дамытудың
қажетті шарты болып табылады. Еңбек ресурстары құрамын реттеудегі
көші-қонды құрамдауышының өсіп келе
жатқан рөлі халықтың табиғи
қозғалысының инерциялық үрдісіне қарағанда
басқарушы ықпалына барынша жедел әсер етуімен түсіндіріледі.
Көші-қон процестеріндегі маңызды рөлді
оның құрылымы мен аумақтық бөлінісі
атқарады. Ішкі көші-қонның негізгі
қозғалтқышы өңірлік дамудағы
үйлеспеушілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында әр жыл сайын
ел ішінде халықтың көші-қон жылжымалылығы
қарқын алып келеді. Халықтың өңіраралық
және өңірішілік көші-қон көлемі
ұлғаюда.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика
комитетінің мәліметтері бойынша 2015 жылы еліміздегі халық саны 17145,7 мың адамды
құрады. 2014 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда
ол 248,8 мың адамға немесе 1,5% артты. 2013 жылдың басымен
салыстырғанда ағымдағы жылдың 11 айында халық
саны 236 мың адамға өсті (1 кесте) [2].
1 кесте
Халық
санының өсімі, мың адам
|
|
Барлықхалық |
Қалахалқы |
Ауылхалқы |
|
2014жылғы |
17 160,8 |
9 433,5 |
7 727,3 |
|
2015жылғы |
17 417,7 |
9 868,7 |
7 549,0 |
2015 жылғы
Қазақстанға келгендер саны 2014 жылмен салыстырғанда
16,6%, ал Қазақстаннан кеткендер саны 19,2% көбейген (2 кесте).
2 кесте
2013 - 2015 жж көші
– қонның негізгі көрсеткіштері
|
|
2013 |
2014 |
2015 |
|
Келгендер |
366137 |
361372 |
422400 |
|
кеткендер |
367563 |
361651 |
434562 |
|
Көші-қон
айырмасы |
-1426 |
-279 |
-12162 |
Еліміздегі негізгі
көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің
және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 84,3%
және 93% құрады.
Қазақстандағы ішкі көші-қон
қабылдайтын өңірлерге еңбекке қабілетті
халықтың үлесін ұлғайта отырып, ауылдардан
және экологиялық жағдайлары тұруға аса
қолайсыз өңірлерден аса қолайлы экономикалық
жағдайы бар өңірлерге қарқынды қоныс аударумен
сипатталады. Ішкі көші-қонда аумақтық орналастырудың
басым түрі ауылдық өңірлерден қалаларға
көші-қоны болып қалып отыр. ауылдық жерлерден
қалаға орналасуға халықты оятатын негізгі себеп
ауылдық өңірлердің төмен
әлеуметтік-экономикалық дамуы, жұмыстың
жоқтығы, ауылдық жерлерде әлеуметтік сала объектілерінің
төмен қамтамасыз етілуі болып отыр.
Еңбек көші-қонын реттеу жөніндегі
көші-қон саясаты мемлекет стратегиялық басымдық деп
айқындаған салаларда (нанотехнология, биотехнология, ақпараттық
жүйелер, көлік пен коммуникация және қызметтің
басқа да индустриалдық-инновациялық салалары) жұмыс
істеу үшін шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуды
көздейді. Келісімшарт негізінде жұмыс істеу үшін елдің
даму мүддесі мен мақсаты үшін қатер төндірместен
көптеген қазақстандық мамандардың шетелге
шығуы көзделеді. Сонымен қатар халықаралық
еңбек нарығына кіру жағдайында республикада қайталама
еңбек нарығына және жұмыспен қамту саласына
біліктілігі жоқ еңбек көшіп-қонушылары тартылатын
болады.
Аталған бағытты іске асырудың негізгі мақсаты
еңбек көшіп-қонушыларының көмегімен
Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын
күшейту, атап айтқанда:
- ғылымның, экономиканың жоғары технологиялық
және инновациялық секторларының зияткерлік еңбек ресурстарына
ұзақ мерзімдік сандық және сапалық
қажеттіліктерін бағалау және оларға жүйелік
мониторинг жүргізу;
- өңірлік еңбек нарықтарының
мүмкіндіктерін ескере отырып, халықтың көші-қон
ұтқырлығын арттыру тетіктерін жетілдіру;
- жергілікті кадрларды даярлауды және жұмысқа орналастыруды
жүзеге асыратын шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындар
үшін экономикалық ынталандыру шараларын жасау;
-Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін
заңды және тіркеу жүргізіп әкетудің тетіктерін
жетілдіру болып табылады.
Еңбек ресурстарының
ішкі миграциясының жағдайын талдай отырып біз, үрдістің оң және теріс
жақтарын анықтап, ішкі мигранттар арасындағы туындайтын
мәселелердің шешімін табудың негізгі жолдарын
анықтадық.
Қазақстанда
болашақта ішкі миграция тек қана жоғарылай беруіне байланысты
бұл процесті зерттеу және олардың зардаптарын бірнеше
көзқарас тұрғысынан карастыру қажет [3].
Қазақстанға
шетелден жұмыс күші ағылып жатқанда мемлекет азаматтары
әлеуметтік жағдайын дұрыстау мақсатында ішкі миграциялық
ағымдарға белсене қатысуда. Яғни, халықаралық
миграция қатысушылары бір дамымаған аймақтан екінші
дамыған аймаққа қоныстанса, мемлекет ішілік миграция
сол секілді экономикалық әлсіз аймақтан экономикалық
қуатты аймаққа көшуді білдіреді. Мемлекет егемендігін
жариялағаннан бергі уақытта ішкі миграциялық ағымдар
белсенді жүріп жатыр. Орта есеппен мемлекет ішілік миграцияға
жылына 350.000 адам қатысса, жалпы ел азаматтарының 5-6
миллионға жуығы миграциялық үдерістердің
қатысушысы болған. Ішкі миграцияның басты және негізгі
бағыты ауыл-қала, қала-қала бағытында жүріп
отыр. Оның негізгі себептері ауыл әлеуетінің
әлсізденуінде жатыр.
Көші-қон үдерістері тұтастай
алғанда Қазақстан Республикасының экономикасының
дамуына жақсы да, жаман да әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен,
жаман әсерлері басымырақ болады. Айталық,
көші-қонның нәтижесінде Қазақстан
экономикасына келген жалпы шығын ондаған миллиард АҚШ долларын
құрап отыр. Көші-қонның нәтижесінде
едәуір қаржылық шығындар, білікті жұмысшы
күшінің азаюы және соның салдарынан еңбек ресурстары
сапасының төмендеуі, зияткерлік әлеуеттің шетелге кетуі,
жаңа мамандарды дайындауға орасан зор шығынның
кететіндігі Қазақстанның экономикалық
қауіпсіздігіне шынайы қатер төндіріп тұр. Дегенмен,
экономиканың өркендеуі және елдің еңбек нарығындағы
жағдайдың жақсаруы, жалпы алғанда, көші-қон
үдерістерінің теріс салдарларын едәуір азайтады.
Қазақстан Республикасында ішкі
көші-қонды реттеу бойынша белгілі бір мемлекеттік саясат
қалыптасты, бұл саясатты жүзеге асыру көші-қон
саясатын құқықтық қамтамасыз ету — біріншіден,
жалпы алғанда, елдің және оның азамат-тарының
қауіпсіздігі, сондай-ақ салық төлеушілердің
жағдайының жақсаруының, экономиканың өркендеуінің маңызды факторларының бірі;
екіншіден, сапалы иммиграцияның қолайлы шарттарын жасау екендігін
дәлелдеп отыр.
Қазіргі кездері әлсін-әлсін
дайындалып-жасалып жатқан халықты республикалық және
облыстық деңгейде жұмыспен қамту бағдарламалары
еңбек нарығындағы жағдайды реттеудің және
халықтың республика ішіндегі қозғалысын тұрақтандырудың
басты факторы экономикалық дамудың нарықтық перспективаларының
бар болуы екендігін көрсетіп отыр. Еңбек ресурстарын қайта
қалпына келтірумен және еңбекке қабілетті
халықтың жұмыс орындарына сұранысымен теңгермеленген
еңбекті пайдалану саласын кеңейту міндеттері, сондай-ақ оларды
жүзеге асыруға қажетті материалдық ресурстардың
қалыптастырылуы осы негізде шешілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін халықаралық іс-тәжірибе
өзінің білікті мамандарының еңбек нарығын
қалыптастыруында жақсы үлгі бола алады. Бүкіл
әлемдегі жоғары білікті қазақ қызметкерлерінің
қоғамдастығын қалыптастыруға және
дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды дайындап
шығу қажет.
Әдебиеттер тізімі:
1
Қазақстан
Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың
«Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы Жолдауы.- //http://www.akoрda.kz.
2
Қазақстан
PеспубликасыҰлттық экономика министрлігі Статистика
комитетінің материалдары.- //http://www.stat.gov.kz
3
Мұхамедов
А.У.Еңбек ресурсы - әлеуметтік – экономикалық категория. - Алматы:
Жаршы №6, 2013 ж. – 9 б.