УДК 378.

 

БОЛАШАҚ ҰСТАЗДАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША МЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

 

Досбенбетова А.Ш., п.ғ.д.,  профессор

Есім Ұ.Ә., п.ғ.к., Саттар Ерубаев атындағы№24 мектеп-лицей директоры

Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

  

 Еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді назарда ұстай отыра, білім саласының жоғары деңгейін дамыту керек.

   Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан 2050» жолдауында ең өзекті мәселелердің бірі- білім саласын барлық тұстан дамыту болып табылады [1].

Мектеп пен  жоғарғы оқу орындары үнемі өзгеріске ұшырайтын білім ордасы. Оған себеп - үнемі ішкі өзгеріс. Бұл өзгерістердің ауыртпашылығын көтеретін – ол педагог.

    Бүгінгі таңда бітіруші түлектерге жаңаша талаптар қойылу керектігіне көзіміз жетті.   Себебі жас маман сөйлесу мәнерін білуге, жаңашыл болуға, терең ойлануға, дұрыс шешім қабылдауға, ақпаратты көзін өзі ізденуге, барлық өзгерістерге дайын болуы керек.

    Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығына дайындалған мемлекеттік стандартында, негізгі пәндер бойынша алынатын білім міндетті түрде керек, бірақ оның өзі аздық етеді деп көрсетілген. «Ең қиыны оқытылушыны өзі ізденуге және саралауға, ақпаратты дұрыс жүйелеп, оны қоғамның дамуына пайдалана білуді үйрету» [2].

    Біздің ойымызша, білікті ұстазға қойылатын міндетті қағидалар болуы тиісті. Олар: жоғарғы білім, ұтымды әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлай білу, кері байланыспен кәсіби ізденіс. Білікті ұстаз оқушының ойлау қабілетін дамыту жағынан өз пәнін жетік меңгерген, әдіскер, ізденімпаз, рухани-адамгершілігі жоғары, жүйелеуші, заманауи білімнің философиясын терең меңгерген және үнемі өзгеріп тұратын ақпаратқа дайын педагогикалық білімі бар тұлға[3].

   Мұғалімнен талап етілетін әлем сұранысы :

-         Академиялық жоғарғы білім (пәндік, тілдік,ақпараттық);

-         Жақсы дамыған коммуникативті дағдылар;

-         Өзін-өзі дамыту және өз білімін жетілдіруге деген қабілет;

-         Сыни тұрғыдан ойлау.

     Сондықтан мектеп пен жоғарғы оқу орындары мұғалімнің мектепте инновациялық қабілетін көрсете алу үшін, педагогикалық ортаның назарынан жас маманды шығармауы тиіс.

    Қоғам мен мемлекеттің талаптарын ескере отырып, дайындаған жоғары квалификациялы педагог кадрларды  дайындау мәселесі бойынша институт қызметкерлері жұмыс беретін білім ордаларымен жаңаша байланыс орнатуға міндеттелген.

    Кафедра  оқытушылары  ОҚО бойынша барлық жалпы білім беретін білім ордаларымен бір бүтін, жүйелі процессті, яғни білім, тәрбие, әдіскерлік, ғылыми-ізденімпаздық дағдыларды дамыту үшін тығыз байланыста.

Кесте-1. 

   Болашақ ұстаздарды дайындауға арналған мектеп пен жоғарғы оқу орындарының ұсынған моделі.

Оқу процессі

Әдістемелік процесс

Ғылыми-ізденіс процесі

Тәрбие процесі

- Жоғарғы кәсіби баклавр-білім;

-Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, қолдана білу;

-Оқытылушыларды комплексті емтихандарға дайындау;

-Кіріктірілген сабақтарды өткізу;

-Педагогикалық тәжірибе;

-Мектеп мұғалімдерінің мекмлекеттік аттестациялау комиссиясы болуға қатысуы.

-Қатаң тәртіптегі құжаттардың жүргізілуін білуі;

-Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету;

-элективті пәндердің сабақ жоспарын түзу;

-әдістемелік нұсқаулықтың үлгісін даярлау;

-бақылау жұмысының тапсырмаларын жүйелеу мен саралауға үйрету.

 

-ғылыми жобаларды өткізу;

-оқушылар мен студенттердің ғылыми жобамен айналысуға баулу;

-ғылыми конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру;

-ғылыми-педагогикалық әдебиетті даярлау;

-дипломдық жұмысты жазу;

-Мектеп базасында ғылыми жобаны жазу;

-Пәндік олимпиадаларды өткізу.

 

-          Мектептің тәрбие процесімен студенттерді таныстыру;

-          Шығармашылық және дене тәрбиесіне байланысты іс-шаралар өткізу;

-          Бірлескен шығармашылық жұмыстар;

-          Педагогтар арасында пән олимпиадасын өткізу;

-          Отбасы мен қоғамның ара-қатынасын мектеп өмірімен байланыстыру;

-          Кәсіби-насихаттау жұмыстары;

-          «Ашық күндер» іс-шарасын мектепте өткізу.

  

 Бір сөзбен айтқанда, білім саласында бәсекелес маманды дайындап шығаруға міндеттіміз.

    Этно-мәдени орталықтар, мектеп және басқа білім беретін ордаларымен бірге кафедра оқытушылары ұлтаралық ара-қатынасты жақсартуға көзделген түрлі іс-шаралар өткізіп жатыр (семинарлар, тренингтер, тілге байланысты сайыстар, мәдениет пен қазақ халқының салт-дәстүрін танытуға байланысты сайыстар).  

    Бұл іс –шаралардың мақсаты мұғалімнің инновациялық дағдыларын шыңдау.

   Сондықтан кафедра оқытушылары білім ордаларына арнайы барып, тәжірибе алмасуда.

    Болашақ мұғалімді дайындау жұмысы бойынша мектеп пен жоғары оқу орындарының жүргізетін жұмыс жоспары:

-         Ғылыми-практикалық конференция;

-         Семинар, тренингтер;

-         Педагогикалық практика;

-         Мастер-класс;

-         Кіріктірілген сабақтар;

-         Элективті сабақ жоспарын дайындау;

-         Тәрбие прцессіне инновациялық технологияларды ендіру;

-         Олимпиадалар;

-         Жоғарғы оқу орындарына түсу үшін өтілетін курстар;

-         Консалтиндік қызмет;

-         Кәсіби жұыс;

-         Бірлескен әдістемелік-оқу  әдебиеті;

-         Оқулықтарды презентациялау.

    Мектеп пен жоғарғы оқу орындарының инновациялық тұрғыдан  болашақ маманды дайындау жұмыстарының мысалы ретінде  алуға болатын тәсілдер:

    «Жаңа дәуір педагогтарын дайындау мәселелері: жоғарғы оқу орындарының жұмыс берушілерімен байланысы» тақырыбында «Жалпы педагогика» кафедрасымен өткізілген дөңгелек үстел.

   Жоғарыда аталған форумның қатысушылары жас маманның жұмысқа орналасуы өзекті мәселе екенін талқылады. Ал мектеп жұмысшылары педагог кадрлардың білімінің сапасын институт қабырғасында жақсарту керектігін ескертті. Айтылған ой-пікірлерді қорытындылай келе, математика-жаратылыстану бағыты бойынша маман жетіспеушілігі бар екенін аңғардық. Атап айтсақ, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог.

   «Инфрокоммуникациялық  технологиялар мен электрондық оқыту негізінде оқу процесін модернизациялау» тақырыбында №80 мектеп-лицейде онлайн режимінде республикалық ғылыми-практикалық семинар өтілді.

   «Жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында кафедра оқытушыларымен №72 жалпы орта мектепте ғылыми-практикалық семинар өтті. Аталмыш  білім ордасы «мектеп-лицей» статусын алуға байланысты, экспериментальді алаңда тұрған мектеп.

   «12 жылдық білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын арттыру» тақырыбында ОҚМПИ-да «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен  ғылыми-әдістемелік семинар өтілді. Онда жаңа бағдарлама бойынша педагог мамандарды дайындау мәселесі қарастырылды.

   Жуық арада облыстық ғылыми-практикалық конференция болды. Конференция белгілі ақын, публицист және журналист Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінде өтілді. Мектеп мұғалімдерімен 15 инновациялық сабақтар өтілді(ойын сабағы, турнир сабағы, панорамдық сабақтар, кірме сабақтар). Сабақ жоспарына Саттар Ерубаевтың өмірі туралы ақпараттар кіріктірілген.

   Кафедра оқытушыларымен  әлеуметтік-педагогтарды даярлау жұмыстары қолға алынған. Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерін даярлау жұмысы өзекті мәселе. Себебі мектеп – ол қоғамның айнасы. Мектеп біздің қоғамдағы бар қиын мәселелерді көрсетеді. Мысалы, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы мен өзекті қоғам сұрақтары мектеп қабырғасында анықталады. Мектеп отбасымен тығыз байланысты. Ал әрбір отбасы қоғам бөлшегі.

   Сондықтан Саттар Ерубаев атныдағы №24 мектеп-лицейінің ұжымымен  бірлескен        «Қайырымдылық – жылы жүректен» тақырыбында ата-аналармен заманауи бала тәрбиесіне қатысты түсіндіру жұмыстары бойынша семинар өтті.

   Мұндай іс-шараларды өткізу арқылы бірлесіп шығарылған оқулықтарды  педагогикалық қауымдастыққа кеңінен таныстырып, мектептің тәрбие ісіне кіріктіруге болады.

   «Елбасы сүйген Оңтүстік» тақырыбында ОҚМПИ ректоры, д.п.н., профессоры Аяшев О.А. мырзаның кітабы үлкен сұранысқа ие болды. Бұл кітап оқу процесінің ажырамас бөлігі - тәрбие ісінің жақсаруына септігін тигізеді. Патриотизм, рухани-адамгершілік, ұлтаралық бейбітшілік пен бейтараптылық, рухани және дене тәрбиесін дамыту, заң аясында өмір сүру сияқты құндылықтар, тұлға болып қалыптасу сатысында көрініс табады.

   №9,24,80 мектептерінде профессор А.Ш.Досбенбетованың «Экономика әлемінде» кітабының презентациясы кітаптар көрмесімен бірге қоғамға таныстырылды. Сондай-ақ «Ұлы Жібек Жолы» тақырыбында театрланған жәрмеңке өтті.

   Мектеп базаларында біздің студенттеріміз ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуде.  Үздік мұғалімдердің сабақтарына еніп, ғылыми жобалар қорғап, студенттерді дуальді оқытудың элементтері туралы семинарларға қатысты.

  Педагогоикалық институт оқытушылары мен жалпы білім беретін мектеп ұжымымен өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде болашақ педагог кадрларға қойылатын төмендегідей талаптар мен ұсыныстар анықталды:

-         Педагог кадрларды дайындау ісін жаңа деңгейге көтеру үшін мектеп пен жоғарғы оқу орындарының даярлық жұмыстарын жақсарту;

-         Мектеп пен жоғарғы оқу орындары өзара тығыз байланыс орнатып, инновациялық білім бағдарламаларын күшейтіп, еңбек нарығының талабына сәйкестендіру керек.

-         «Мектеп күні» тақырыбында дуальді оқыту бойынша жоғарғы оқу орындарының оқу процесіне енгізу керек;

-         Жоғарғы оқу орындарына эксперимент алаңын жасау үшін академиялық еркіндік беру керек;

-         Эксперименттік жұмыстардың мониторинг қорытындыларының нәтижесі бойынша жүйелеу жұмыстары;

-          Жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына практикалық тәжірибе бойынша сағат жүктемесін көбейту;

-         Студенттерді дуальді оқыту жүйесі бойынша бағдарламалар түзу.

 

 

 

 

Пайдалынған әдебиеттер

 

1.              Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» //  Казахстанская правда. – 18 қаңтар 2014 ж.

2.              ҚР 2011-2020 жылдар аралығындағы мемлекеттік бағдарлама бойынша білім саласын дамыту. – Астана, 2010 ж.

3.              Досбенбетова А.Ш.., Байдибекова Е.И., Тлеуова С.С. «Концептуальные положения по совершенствованию системы подготовки будущего учителя».

4.              Кожамжарова Д.П.  «Модернизация педагогического образования: опыт и реализация / Материалы республиканской научно-практической конференции». – Тараз: ТарГПИ, 2014.- С.4-8.

 

Аннотация

     Мақалада кафедра  оқытушыларының  ОҚО бойынша барлық жалпы білім беретін білім ордаларымен бір бүтін, жүйелі процессті, яғни білім және тәрбие процестерімен қатар әдіскерлік, ғылыми-ізденімпаздық дағдыларды дамыту үшін тығыз байланыс орнатылғаны туралы айтылады.

 

Annotation

     In the article department teachers SKO  by all  single-tier educational institutions, 
a systematic process,  education and upbringing, in order to develop methodological, scientific and research skills.