Муталхан Куланда, Дадиева Гүлжан Қайридиновна
С. Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицейі,
Қарағанды
қаласы
МАТЕМАТИКА
САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Қазіргі уақытта әрбір
жаңа заманғы адам копьютерді біледі, оны жұмыста да,
үйде де қолданады. Компьютер құрамдастардың даму
жылдамдығы тек математикалық, графикалық есептерді шешіп қана
қоймайды. Бүгінгі күні видео және аудио ақпаратты
өңдеу және бейнероликтерді құру аса
қиындыққа соқпайды.
Қазіргі заман мұғалімі
тек өз пәнінін терең білгірі болу емес,
тарихи-танымдық, педагогиколық-психологиялық сауатты,
саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық
технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық
құзырлы маман болу керек. Әр оқытушы интерактивті
тақтамен жұмыс жүргізуді толығымен меңгеруі
қажет. Біз өз сабақтарымызда интерактивті тақтаны
пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі
идеяларын тартымды етіп көрсететініндігін аңғардық.
Жаңа материалдарды бірігіп талдауда маңызы зор. Бұл
тақта арқылы оқушы жаңа ақпараттарды жеңіл
түрлендіреді , жаңа нысандарды жасауға және
жылжыту тиімділігіне жеткізеді. Кейбір идеяларды түсіну үшін
қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп
оқушылардың материалдарды жақсы түсінулеріне жетелейді.
Сонымен қоса талдау жүргізуді басқара отырып пән
мұғалімі оқушылардың шағын топтарда жұмыс
жасауына жол сілтейді. Осыны басшылыққа ала отырып мен барлық
оқушылардың интерактивтік тақтаға назарын аударып,
алдын ала дайындалған материалдарды жеңіл түсінулеріне, кей
қиындығы жоғары есептердің шығарылу жолдарын
тақтадан көрсету арқылы уақытты үнемдеуге
ықпал жасай аламыз.
Ақпараттық технологияларды
пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі
бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер
көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта
орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып, қол
жеткізуге болады. Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ
даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалануға
болады.
3. Оқытудың жүйесінің
көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын
арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып
бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп,
өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Сабақ беру барысында компьютерлік желілер технологияларын
қолдана отырып, бұл материалдарды түсіндіру кезінде
оқушылардың компьютердің негізгі құрамымен бірге
интернет желісінен ақпарат іздеуді меңгеру
машықтығы көрінеді. Интернеттен кез келген аудиовизуалды
ақпарат алуға және оны оңайлықпен
қолдануға, сонымен қатар мұғалім мен
оқушының арасында ақпаратты қарым –қатынас
орнатуға кең мүмкіндік береді.
Ақпараттық
технологияның мұғалімдерге берер мынадай
мүмкіндіктері байқалды:
·
мұғалім
үздіксіз ізденіс үстінде жүреді;
·
жеке
тұлғаны қалыптастырудаға жауапкершілігі артады;
·
инновациялық
технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады, жас
мамандардың қызығушылығын туындатады;
·
мектептегі
басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру
арқылы ұжымның ұйымшылдығының
ұйтқысы бола алады;
·
интернетке кіру
жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе
алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі
әдіс тәсілдерін игеруге қол жеткізеді;
·
мұғалім
сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп
өткізуге машықтанады .
Ақпараттық
технологияның оқушыларға берер мүмкіндігі :
·
түрлі
ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы
білімін жан-жақты жетілдіреді, дамытады;
·
өз
бетінше онлайн тест тапсырмаларын орындайды;
·
тақырыптан
қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыптарды
қосымша қайталап алуға мүмкіндік беріледі;
·
пәнге
қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
·
ойлау, есте
сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;
·
өз ойын
сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;
·
түрлі
бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
·
түрлі
деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған
білімін тексереді.
Ақпараттық
технологияның мүмкіндіктерін айта келе, осы технологияны
меңгерудегі мұғалімнің кәсиби шеберлігі,
ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды
қолдана алуы басты мәселе. Әрбір
ұстаздың мақсаты –оқытудың барлық
компоненттерін пайдалана отырып оқушыға жалпы орта білім
деңгейінде терең білім беру, әрбір оқушыны
жан-жақты құзыретті етіп тәрбиелеу. Математика-ерекше
құдіретті ғылым, ал математика пәнінің мұғалімі
баланың бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық,
шығармашылық қасиеттерін бойынан аша білетін
тұлға. Қазіргі уақытта математика
ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан математиканы
оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін
жаңа ақпараттық технология құралдары ауадай
қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның
озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы
танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра
отырып,оқушылардың құзіреттілігін дамытуға
болады.Солардың ішінде өзіміздің тәжірибеміздегі
қолданып жүрген әдіс-тәсіліміз мынадай:
күнделікті сабақтарымызда электронды
оқулықтарды, флипчарттарды, түрлі призентацияларда
анимацияларды, интернет желілерін, ұялы телефонның өзінен
интернетке кіріп, түрлі ақпараттарды алып, оқушылардың
қызығушылығын арттырып отыратынымызға сенімдіміз.
Математика сабағында
компьютерді, мультимедиялық және электронды оқулықтарды
және интерактивті тақтамен презентацияны бірге
қолданған сабақтарымыз өте нәтижелі өтуде.
Оқушыларды сырттай мемлекеттік
бақылауларға, ұлттық бірыңғай тестілеуге
дайындауда пән мұғалімі математика пәніне деген
өзінің көз қарасын түсіндіріп жеткізуі және
математиканы санақ жүйесі немесе қандайда-бір
өлшеуші құрал ретінде ғана қарастырмай,
біріншіден ғылым екендігін түсіндіріп, ал екіншіден кез келген
оқушы жігерлік танытып, бар күш-қайратын салып талаптанса
ғана меңгеретіңдігі туралы бойларына сезім тудыру
қазіргі кезеңдегі мектептің ең күрделі
психологиялық мақсаты деп білу өте орынды. Математика
арқылы оқушыға мұғалім
күнделікті іс-әрекетін ғылыми стильмен жеткізу,
оларды адамгершілікке, өз-өзіне сын көзімен
қарауға, сонымен қатар, жауапкершілік пен
адалдыққа бейімдейді. Бұл қасиеттерді бойына
сіңірген оқушы келешекте қиындыққа және
уақытша психологиялық қолайсыздыққа төзімді
болады.
Мұғалімнің
алдындағы ең басты мақсат - бұл оқушыға
сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Мұғалімдер
жұмысының нәтежелі етіп, әрі оқушының
білім сапасын көтеру үшін ұстаздар қауымына
жаңа ақпараттық технология құралдарын
сабақтарда қолданудың тиімділігіне көз
жеткіземіз.Ұстаз үшін нәтижеге жету
шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен
алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып
табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі
күні ақпараттар ағымы өте көп.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог
өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті
және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік
тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына
сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар
беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа
тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай
дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына
зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. А.Ғабитқызы. Кәсіби
құзыреттілік және жаңа ақпараттық
технологиялар.// Қазақстанмектебі, 2012.
2. Ә.М.Нұрмағамбетова.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу
үрдісіндепайдалану.// Педагогикалық альманах, 2015.
3. Қабдықайырұлы Қ.,
Нұрғалиева Д.Қ. Хабаршы. «Физика математика ғылымдар»
сериясы. «Болашақ математика пәні мұғалімдерін
жаңа талапқа сай даярлау». –Алматы. 2006.