Нуржанова Айна Мардановна т.ғ.к., доцент

К.И.Сәтпаев атындағы ҚМҒТУ

Каныбеков А.Ш.

М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ

 

жазаларды орындау тәртібіне байланысты Сотталған адамдардың еңбек қызметінің ерекшеліктері

 

Соталған адамдардың еңбек қызметімен байланысты емес жазаларға төмендегілер жатады:

-                     Айыппұл;

-                     Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

-                     Арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру жазасы.

Қарастырып отырған мәселемізді толық түсініу үшін жазалардың әр біріне жеке тоқталып көрелік.

Айыппұл түріндегі жазаны атқару. Айыппұл ҚР қылмыстық Кодексте көзделген шекте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір санына сәйкес көрсеткіштің белгілі бір санына с»йкес келетін мөлшерде не пара сомасына немесе құнына еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндіріп алу.

Айыппұл қылмыстық теріс қылықтар үшін-айлық есептік көрсеткіштің 25-тен 500 дейінгі шегінде, қылмыстар үшін-айлық есептік көрсеткіштің 500 ден он мыңға дейінгі шегінде, ал ҚР ҚК-нің 366, 367 және 368 баптарында көзделген қылмыстар үшін ҚР ҚК-нің ерекше бөлімінің тиісті бабының сакциясында белгіленген мөлшерде белгіленеді. Айыппұл мөлшерін жасалған қылмыстық құүқық бұзушылықтың ауырлығын және сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, сот айқындайды [1].

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, ҚР ҚК-нің 43, 45 баптарының ережелері ескеріле отырып, ол бір айлық есептік көрсеткіш үшін қоғамдық жұмыстардың бір сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бір тәулікке қамаққа алуға ауыстырылады.

Сот айыппұлмен жазалау туралы үкімді жариялағаннан кейін сотталушы адамға 1 айдан кешіктірмей айыппұлды төлеуге міндет екені және айыппұлды ерікті түрде төлемеген жағдайда, ол мәжбүрлі түрде өндірілетіні жөнінде ескерту жасайды.

Сотталушы адам өз еркімен айыппұлды соттың шығарған үкімі заңды күшіне енгенге дейін де, заңды күшіне енгеннен кейін де төлей алады.

Сотталушы айыппұлды өз еркімен бір ай ішінде төлемеген жағдайда, сот атқару қағазының негізінде мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Айыппұл сотталушының мүлкінен, соның ішінде оның сотта анықталған ортақ меншіктегі үлесінен өндіріліп алынады.

Айыппұлды өндіріп алу кезінде, қылмыстық-атқару кодексінің қосымшасында белгіленген тәркілеуге жатпайтын мүлікті алуға болмайды.

Сотталған адамның айыппұлды бірден төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, сотталушының өтініші бойынша, сот төлем мерзімін ұзартады немесе алты айға дейін бөліп-бөліп төлеуге мүмкіншілік береді.

Ұзарту - бұл сот белгіленген белгілі - бір айдан аспайтын уақыт ішінде айыппұлды толық төлеуге мүмкіндік беру. Ал бөліп төлеуайыппұлды белгілі бір уақыт ішінде бөліп-бөліп телеу болып табылады. Бөліп-бөліп төлеуде, сот әрбір айыппұл бөлігін төлеудің нақты уақытын белгілейді. Сотталушы адам айыппұлдың ең соңғы бөлігін соттың белгілеген уақытының ішінде төлеуі керек [2].

Сотталушының айыппұлды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтініші, мынандай жағдайларда қанағаттандырылуға жатады: егер мүліктік жағдайы ауыр болса, не өзі қатты сырқат болса, жүкті болса, асырауында жасөспірім балалары бар болса, өрт немесе басқа да бақытсыздық жағдайға ұшыраса. Сотталған адам айыппұлды жедел төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайын жақын туысының қайтыс болуымен, ауру болуымен және тағы басқа жағдайлармен байланыстыра алады.

Сот орындаушысының үкімді орындауды немесе бөліп-бөліп төлеу туралы мәселені өз бетімен шешуге құқы жоқ.

Айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе, үкім шығарушы сот үкім қағазының негізінде мәжбүрлі орындау шарасы жүргізілетінің хабарлайды.

Сот орындаушысы айыппұлды өндіріп алу үшін қажет мүліктердің тізімін жасайды, оған арест салып мүліктердің тізімін сотқа береді. Сот орындаушысы сотталған адамның ақшасына, қымбат бағалы заттарына, банктегі және басқа да несиелік мекемелердегі тауда жатқан салымдарына, мүлкіне айыппұл сомасының мөлшерінде арест салуға құқылы. Сотталған адамның еңбек ақысынан немесе зейнетақысынан, басқа да табыс көзінен өндіру, оның мүлкі болмаған жағдайда немесе айыппұлды толық өндіріп алуға бұл мүлік жеткіліксіз болғанда жүргізіледі.

Бірнеше атқару істері болғанда, ең алдымен алимент өндіріп алушының, денсаулыққа зиян және басқа да келтірілген зақымды өтеу талабы, сонымен қатар асыраушысының өліміне байлайысты еңбек құқық қатынасынан туындайтын талаптар қанағаттандырылады. Егер сотталушы адамның мүлкі айыппұлдың сомасын өндіріп алуға жеткіліксіз болса, онда сотталған адамның ортақ мүлкі өндірілетін мүмкіндіктердің қатарына қосылады. Сот орындаушысы мұндай жағдайда, сотталушы адамның үлесіндегі мүлікті анықтап беру туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді. Тізімдегі заттар сүргіштеледі, мөр басылады және сақталуға беріледі. Сотталған адамның мүліктік жағдайы немесе басқа да табыс көздері айыппұл сомасын өтеуге толық жетпесе, айлық табысынан немесе соған теңестірілген табыстарынан 50 пайызға дейін ұсталым жүргізіледі. Мұндай жағдайда сотталушы адам, айыппұлдан басқа да міндетті төлемдер (мысалы: алимент, келтірілген зардаптың орнын толтыруға міндеттелуі, т.б.) төлеуге міндеттеген болса, айыппұл осы 50 пайыздан аспайтын алымның ішінде өндіріледі [3].

Айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алу мақсатында, сотталған адамның немесе басқа да адамдардың (туыстары, достары, көршілерінің үйлері) тұратын үйіне тексеру жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда сот орындаушысымен бірге айғақтар болуы керек.

Сотталған адам үйінде болмаған жағдайда, кәмелеттік жасқа толған жанұя мүшесінің, заңды өкілінің, ал олар болмағанда айғақтардың қатысуымен үй-жай тексеріледі. Сотталушы адамның және асырауындағы адамдардың күнделікті қажетті заттары, мүліктері алынуға жатпайды. Айыппұл түріндегі жазаны атқару сотталған адамның тұрып жатқан жерінде жүргізіледі. Сотталушының тұратын жері өзгерсе, сот орындаушысы атқару қағазын сотталған адамның тұрып жатқан жеріндегі немесе мүлік тұрған жердегі сот орындаушысына жібереді.

Қосымша жазаның мерзімі, негізгі жазаның мерзімінен аз болып тағайындалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда, сотталушы бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру тәрізді жаза мерзімдерін өтеп болғанша, қосымша жазаның мерзімін де өтеп болған болып есептеледі.

Негізгі жаза шартты түрде тағайындалған жағдайда, қосымша аза да тағайындаса, онда қосымша жазаның мерзімі есептеле береді. Егер негізгі жазаға шартты түрде сотталған адам сол мерзім ішінде қайтадан қылмыс жасаса, онда сот шартты соттаудың күшін жойып, ол адамды жазаны өтеуге міндеттейді, бірақ қосымша жазаның мерзімі өтіп кетсе, онда қосымша жаза есептелмейді.       

Қосымша жазаларды атқару. Арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру жазасын атқару.

Арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру жазасы, тек ауыр немесе аса ауыр қылмыстар бойынша тағайындалады.

Бұл жаза қосымша жаза ретінде тағайындалады және қылмыстық заң нормаларының санкцияларында көрсетілмейді. Аталған жазаны тағайындағанда, қылмыстың ауыр немесе аса ауыр санатқа сай келуінен ғана емес, негізінен осы атақты алып жүру, иелену шектен шыққандық, ол адамға мұндай атақты қалдыруға болмайды деген тұжырым сотта пайда болғанда ғана тағайындалады. Демек, бұл жазаны тағайындау үшін сотталушы жасаған қылмыстың түрі, ниеті, қылмыс жасау жағдайлары ауырлататын жағдайға жат керек. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер, дипломатиялық дәрежелер, біліктілік сыныптар мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін және осындай атақтар, шендер берілетін мемлекеттік қызметшілерде болады. Бұл атақтар мемлекеттік органдарда жоғарғы қызмет жасауды немесе ерекше өкілеттілікті білдіреді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Астана: Елорда, 2010. – 56 б.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексі – Алматы: ЮРИСТ, 2014. – 64 б.

3. «Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы  30.03.1999 ж.

4. «Атқару өндірісі мен сот орындаушылар мәртебесі туралы » от 02.04.2010 г.// Казахстанская правда 3.04.2010 ж.

5. Инструкция по исполнению наказаний не связанных с изоляцией осужденного от общества, иных мер уголовно правового воздейсвия  и контроля за лицами, осужденными условно. Утв. Приказом Министра юстиции РК № 172 от 29.12.2009 г.