Нуржанова Айна
Мардановна т.ғ.к., доцент
К.И.Сәтпаев
атындағы ҚМҒТУ
Әлем елдерінің заңнамалдарындағы қылмыс
санаттарының теориялық мәселелері
Қылмыстық құқық
бұзушылықтарды топтастырудың негізі ретінде олардың
қоғамдық қауіптілік деңгейі негіз болады.
Әлемнің көптеген елдерінің заңнамаларында осы
негіздер бойынша қылмыстық құқық
бұзушылықтар 2-3 категорияға бөлінеді, ең
қауіпті қылмыстық құқық
бұзушылықтар қылмыстық тәртіпсіздіктер деп
аталады.
Көптеген елдердің Қылмыстық
кодексінде қоғамдық қауіптіліктің мінезін
және деңгейін, кінәнің нысанын және санкциямен
көзделген жазаның ең жоғарғы мөлшерімен
тәуелді түрде анықталады. Мысалы, Францияның 1992-ші
жалғы Қылмыстық кодексінің 111 бабының 1-ші
бөлігінде барлық қылмыстық әрекеттер олар
қасақана немесе абайсыздықта жасалғандығымен
бөлінеді (тәртіп бұзушылық дегеніміз - заңмен
айып салуымен, құқықтарды шектеуімен немесе айыруымен жазаланатын қасақана
немесе абайсыздықта жасалатын әрекеттер, ал қылмыстық
құқық бұзушылықтар - өмір бойы немесе
мерзімді тұтқындау түрінде жазаланатын қасақана
әрекеттер).
Испанияда және ФРГ-да әрекеттер қылмыстық
құқық бұзушылықтарға және
тәртіп бұзушылықтарға бөлінеді.
АҚШ-тың 1948-ші жылғы Федералды Қылмыстық
кодексі қылмыстық құқық
бұзушылықтардың үш түрге бөлінуін көздейді:
«қолсұғушылықтарды жіктелінуі» деген 1-ші
тараудың 1-ші тармағы: «Конгресстің қандай да бір
актімен басқа норманың орнатылғанына, қарамастан:
өлім жазасымен немесе бір жылдан асатын мерзіміне
бостандықтан айырумен жазаланатын, әрбір
құқық бұзушылығы фелония болып табылады;
6 айдан аспайтын
мерзімге бостандықтан айырумен немесе 500 доллар айыппұл сомасы
көлеміне айып салумен жазаланатын «әрбір мисдиминор
ұсақ қолсұғушылық деп түсіндіріледі».
Американың федералды заңдары қылмыс
үшін жазалардың ең қатаң түрлерін
таңдаған.
Жіктелудің осындай тәсілі көбіне Анғылшын
заңдарына сәйкес барлық қылмыстық әрекеттер
жалпы құқық бойынша және статустық қылмыстарға
бөлінеді. Осы жіктелінуі анғылшын құқықтық
дәстүрлерінен, кодификацияланған нормаларға
қарағанда, соттық прецеденттерге және көбіне әдет-ғұрыптар
негізге алынған. Англияның қылмыстық
құқықтың ерекшелігі басым бөлігі
кодификацияланған болғанында және көптеген
құқық бұзушылықтар үшін,
құқықтық жауапкершіліктің, адам
өлтіру сияқты ауыр қылмыстардың басым үлесі,
өздерінің бейнелеуін, жазылған заңнамасы ішінде
әлі таппаған және әліде жалпы (преценденттік)
құқығы бойынша қылмыстар ретінде қала
берген, кәзіргі кездегі Англияның
қылмыстық-құқықтық
тәжірбиесінде, қылмыстық жауапкершіліктің жаңа
түрлері өздерінің бейнелеуін кодификацияланған
статуттарда табу бойымен, статуттік қылмыстардың үлесін
көбейу тенденциясы байқалады.
Объектінің маңыздылығынан тәуелді
түрде, Англияның
қылмыстық-құқықтық доктрина ішінде қылмыстық
құқық бұзушылықтар жіктелінеді,
өйткені, осы белгі бойынша, заңшығарушы деңгейінде, қылмыстық
құқық бұзушылықтардың жіктелінуі
өткізілмейді. Англияның әртүрлі
құқықтанушылары, олардың объектілердің
маңыздылығынан тәуелді түрде, келесі қылмыстық
құқық бұзушылықтардың типтерін
ұсынады: жеке басына қарсы қылмыстық
құқық бұзушылықтар, саяси қылмыстық
құқық бұзушылықтар, жыныстық қылмыстық
құқық бұзушылықтар, жариялы моральға
қарсы қылмыстық құқық
бұзушылықтар, автокөлік қылмыстық
құқық бұзушылықтар, сот әділдігіне
қарсы қылмыстық құқық
бұзушылықтар, компьютерлік қылмыстық
құқық бұзушылықтар және т.б.
Англияда, 1967-ші жылғы Қылмыстық
Құқығы туралы Заңын қабылдау алдында, қылмыстық
құқық бұзушылықтар,
қауіптіліктің деңгейі бойынша аса қауіптілерге
(сатқындық және фелони) және шамалы қауіпті
(мисдиминоры) қылмыстық құқық
бұзушылықтарға жіктелген.
Фелонийлер ең ауыр қылмыстық
құқық бұзушылықтар ретінде бөлініп
шығарылатын, олардың міндетті түрдегі жазасы – мүлікті
тәркелуі. Фелонийлерге ауыр және жай адам өлтіруі, тонау
және мүлікті ұрлауы, көп әйел алушылық
және зорлау жататын болған. Фелоний категориясына жататын, қылмыстың
ауырлығынан тәуелді түрде, жазаның мөлшері
өзгертіледі, ал бұрынғы кездерде осы қылмыстық
құқық бұзушылықтардың барлығы
өліммен жазаланатын болған.
Сатқындық, Анғылшын
құқығындағы ең ауыр қылмыстық
құқық бұзушылықтардың бір түрі
ретінде, мемлекеттік (high treason)
(корольға немесе оның жанұясының мүшелеріне
оқталу, жалған ақшаны жасау және корольдық
мөр таңбасын жалған ұқсатып жасау, канцлерді
немесе судьяларды өлтіру) және кішкентайға (petty treason)
(зайып жұбайымен өзінің жұбайын, малаймен иесін
өлтіру) бөлінетін болған. Қазіргі кезде,
сатқындық ретінде, тек қана мемлекеттік сатқындық
түсіндіріледі.
Шамалы ауыр қылмыстық
құқық бұзушылықтарға мисдиминорлар
жататын, олардың қатарына алаяқтық, ұрлық,
алдау және т.б. кіретін болған. Мисдиминорлар үшін сотталатын
тұлға еш қашан өлім жазасына жатпайтын болған
және оның мүлігі тәркелеуге жатпайтын.
1967-ші жылғы Қылмыстық құқығы
туралы Заңмен, фелонийлерге және мисдиминорларға қылмыстық
құқық бұзушылықтардың бөлінуі
жойылған. Қазіргі кезде, Англияда қылмыстық
құқық бұзушылықтар, ауырлығының
денгейі бойынша, мемлекеттік сатқындыққа және
басқа қылмыстық құқық
бұзушылықтарға бөлінеді.
Жоғарыда көрсетілген кауіптіліктің деңгейі
бойынша, қылмыстық құқық
бұзушылықтардың жіктелінуі
мүліктік-құқықтық көз қарасынан
пайда болған. Процессуалдық көз қарасы жағынан
(сот өндірістің тәсілі бойынша) Ағылшын
құқығында қылмыстық
құқық бұзушылықтар келесі түрде
бөлінетін: айып тағу акті бойынша құқыққа
түсетін әрекеттер (осы қылмыстық
құқық бұзушылықтар, судьядан және
алқа билерден тұратын, Корона сотымен қарастырылатын,
оның алдында іс дәлелдердің толығын және
айыптың негізделуін анықтайтын, магистраттық сотта
қарастырылған болған); сумарлық қылмыстық
құқық бұзушылықтар - магистраттық
сотпен, алқа билердің қатысуынсыз қарастырылатын қылмыстық
құқық бұзушылықтар. Осы инстанциямен іс
басынан аяғына дейін, алдын ала тергеусіз қарастырылған; тәртіптердің
– аралас немесе гибридтік қылмыстық құқық
бұзушылықтар – жоғарыда көрсетілінген біреумен,
таңдауы бойынша, қарастыра алатын қылмыстық
құқық бұзушылықтар. Осы қылмыстардың
құрамдары статуттармен орнатылады да, соңғылардың
ішінде, қылмысты, айып тағу акті бойынша, немесе жиынтық
тәртібінде қарастырудың мүмкіндіктері ескертіледі.
Аралас істер бойынша талқылау тәсілі магистраттық сотпен
анықталған.
Қалған қылмыстардың барлығы
тұтқынсыздар қатарына жатады. Осы жерде,
тұтқынға алуды іске асыру үшін, судьяның арнайы
шешімі қажет. Бірнеше жағдайларда, заң басқаша жасауына
рұқсат беретін, бірақ, кейбір шарттардың сақталуын
талап еткен.
Францияның қылмыстық
құқығында, қылмыстық
әрекеттердің жіктелуі: мінезі бойынша (жалпы қылмыстық,
саяси және әскери қылмыстар); ұзақтылығы
бойынша (шұғыл және ұзақ өтетін);
процессуалдық күрделілігінің деңгейі бойынша (жай
және күрделі) және т.б. Теоретикалық және
тәжірбиелік көз қарасы жағынан, жіктелудің
бүкіл спектрінен ең маңыздысы – қылмыстарды үш
категорияға бөлінуі – қылмыстар, тәртіпсіздіктер
және құқық бұзушылықтар.
Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексінің құрылымдық
сұрақтарына тоқталмас бұрын оның басқа
шетел мемлекеттерінің қылмыстық заңнамаларындағы
ерекшеліктеріне тоқтала кетсек.
Классикалық капитализм мемлекеттерінің
қылмыстық заңнамаларын
саралаудың қорытындысы бойынша нақты қылмыстық
құқық бұзушылық түрлерін
нормалаудың жүйелеудің қандайда бір критеридің
жоқтығы. Бұған көз жеткізу үшін
маңызды деген АҚШ-ы мен Еуропа мемлекеттеріне қысқаша шолу
жүргізейік.
Белгілі ағылшын ойшылы И.Бентаманың
идеялары мен факторларының негізінде, және де
XIX-ғасырдың өзінде-ақ американдық Э.Ливингстон
мен Э.Филданың тікелей қатысуымен көптеген штаттар Нью–Гемпширдің
(1801ж.), Луизинаның (1820ж.), Делавэрдің (1852ж.), Орегонның
(1864ж.), Калифорнияның (1872ж.), Небрасканың (1873ж.),
Ютаның (1876ж.), Айова мен Висконсиннің (1878ж.), Нью-Йорктің
(1881 ж.) қылмыстық кодекстерімен қамтамасыз етілген.
Қылмыстық кодексті кодификациялау үрдісі
XX-ғасырдың бірінші жартысына дейін созылған болатын. Алайда,
ол кодификациялауды тек ауызша ғана айтуға болатын еді.
Қолданыстағы американдық
қылмыстық құқық – өзіндік орыны бар
және ауыр құбылыс.
Біріншіден, Америка Құрама Штатында
Англиядағы сияқты жалпы мен статустық
құқықтың ұқсатығы орын
алған. Алайда, Англияның
жүйесі мен консервативті ескі нормаларды және институттарды
сақтап қалуға талпынудың айырмашылығы, АҚШ-ты «икемді
заң шығарушылық» жолын таңдаған. Сонымен қатар, жалпы
құқытың саласы онда тар мағынада ғана.
Екіншіден, федералды, 53 дербес жүйесі бар 50
штаттан, және де ел астанасы болып табылатын Колумбия округы,
сондай-ақ өз еркімен қосылған Пуэрто-Рико мемлекетінен
тұратын АҚШ-да ортақ
қылмыстық-құқытық жүйенің
жоқтығы америкалық феодализмнің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Бұл, әр штатта өзінің құқығы
жүретін, ал болмағанда федералдық
құқық қолданылатын
құқықтық дуализммен ерекшеленетін
американдық қылмыстық-құқытық
жүйені қалыптастырған.
Мұның
барлығы казуистиканың, бір жүйеліліктің
жоқтығы мен нақты қылмыстық
құқық бұзушылықтар туралы нормалардың
реттелмегендігінің қорытындысы.
Еліміздегі
қабылданған жаңа заңнамамыз елдегі саяси жүйедегі
реформалар өмірді барлық қырынан демократиялай отырып, жеке
адам мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыруға,
сондай-ақ адамды қоғамды дамытудың басты объектісі
ретінде санап, оның дұрыс өмір сүру және
еңбек ете алу жағдайын қамтамасыз етуге
бағытталғанын сезу қиын емес. Жалпы алғанда еліміздегі
қаңдай заң жобасы немесе белгілі бір бағытқа
арналған заңдар жинағы болсын әлеуметтік
әділеттілікті, саяси бостандықты орнатуға, адамның
жан-жақты дамуына және рухани байуына мүмкіндіктер
жасауға бағытталады.
Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексінің басқа мемлекеттердің
қылмыстық заңнамаларынан ерекшеліктерінің бірі – Ерекше
бөлімдегі тарауларды бөлу. Тараулар топтық объектілеріне
қарай, яғни қылмыстық заң қорғайтын
қоғамдық қарым-қатынастарға сай
бөлінуінде.
Қорыта келе айтарым, әр
мемлекеттің қылмыстық заңнамасының дамыған
әрі нақты жетілдірілген болуы қоғамға
құқық бұзушылардан төнетін
қауіп-қатермен күресуге және соттың әлеуметтік-әділеттілікті
қалпына келтіру мақсатында өз қызметтерін заң
талаптарына сай атқаруына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан
Республикасының Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2015. – 204 б.
3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық
процестік кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2014. – 344 б.