Право/7.Экологическое, земельное и аграрное право.
Копбулов Р.А.,
құқық магистрі
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер пайдалану құқығы
- тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі
және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі - бір мерзім
ішінде иелену және пайдалану құқығы. Жер
пайдалану құқығы заттық
құқық болып табылады.
Қызметтік
жер телімі ұзақ мерзімді уақытша өтеусіз жер
пайдаланудың ерекше бір түрі болып табылады. Қызметтік жер
теліміне құқығы бар қызметкерлер
санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді. Қызметтік жер телімі осы телімге
құқығы бар адамдар жұмыс істейтін мемлекеттік
заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден
бөлінеді. Қызметтік жер телімі кейінгі уақытша өтеусіз
жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлінген
кезеңге беріледі.Қызметтік жер теліміне ауылшаруашылығы
дақылдары егілген жағдайда, жұмыстан босатылған
қызметкердің қызметтік жер телімін пайдалану
құқығы өнім жинап алынғаннан кейін
тоқтатылады. Қызметтік жер телімі:
-жасы немесе мүгедектігі бойынша
зейнеткерлікке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан
қызметкерлерде;
-қарулы күштер қатарына
мерзімді қызметке шақырылған немесе оқуға
түскен қызметкерлердің отбасында - бұл
қызметкерлердің міндетті қызметте немесе оқу орнында
болған бүкіл мерзіміне;
-қызметтік міндеттерін орындауға
байланысты қаза тапқан қызметкерлердің отбасында:
жұмысқа жарамсыз жұбайы мен ата-аналары үшін -
өмір бойы балалары үшін-олар кәмелетке толғанға
дейін сақталады[1].
Қазақстан Республикасының тұрғын үй
заңдарына сәйкес қызметтік тұрғын үй-жайда
тұру құқығы сақталатындығына
қарай, қызметтік тұрғын үйді күтіп
ұстауға арналған учаске түріндегі қызметтік жер
теліміне құқық та сақталады.
Қызметтік жер телімі тәртібімен
жер учаскесін беру қызметкер мен заңды тұлға
әкімшілігінің арасында жасалатын қызметтік жер телімін беру
туралы шарт негізінде жүзеге асырылады. Қызметтік жер телімін
пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын
мәміле жасасуға жол берілмейді.
Иммиграциялық жер қоры –
оралмандарға беру үшін резервке қалдырған және
арнайы жер қоры құрамына кіретін жер учаскілері.
Мемлекеттік жер
пайдаланушылардың
өз ерекшеліктері болады. Мемлекеттік жер пайдаланушылар жер
учаскісінде шаруашылық жүргізуді жүзеге асырады,
сондай-ақ осы учаскенің нысаналы мақсаты мен пайдаланушы
қызметінің жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып,
жер пайдаланушының басқа да құқықтарын іске
асырады.Мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану
құқығын иелігінен шығаруға, сондай-ақ
кепілге беруге құқығы жоқ,бұған жер
учаскісінде орналасқан жылжымайтын мүлікті не оның кепілін
белгіленген тәртіппен иеліктен шығаруға байланысты бір
жағдайлар қосылмайды.- Уақытша жер пайдаланушылар - жер
пайдалану құқығы белгілі мемлекеттік жер
пайдаланушыларға тиесілі үйлерден кредиторлардың талап етуі
бойынша өндіріп алуға байланысты жер пайдалану
құқығынан өндіріліп алынатын жағдайларды
қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесілі жер
пайдалану құқығы кредиторлардың талап етуі
бойынша өндіріп алу нысанасы бола алмайды.Жер учаскесі қызметтік
жер телімі тәртібімен берілетін жағдайларды қоспағанда,
мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін
уақытша өтеусіз жер пайдалануға беруіне жол берілмейді.
Жер
пайдалану: жер пайдалану құқығын табыстау, жер
пайдалану құқығын беру, жер пайдалану
құқығының әмбебап құқықтық
мирасқорлық тәртібімен ауысуы (мұраға
қалдыру, заңды тұлғаның қайта
ұйымдастырылуы) арқылы туындайды.
Жер пайдалану құқығын
табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы
мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Жер пайдалану
құқығы мемлекеттік органдар актілерінің,
азаматтық - құқықтық
мәмілелердің негізінде,Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.
Жер
пайдалану құқығын беру тұлғаға жер
пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының
беретінін білдіреді. Жер пайдалану құқығын беру
азаматтық - құқықтық мәмілелер
негізінде жүргізіледі, яғни ол сатып алу-сату, сыйға тарту,
айырбастау және басқалар.Жер пайдалану құқығын
белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға беру жалдау немесе
жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалану шартының негізінде
жүргізіледі.Жер пайдалану құқығын беру мен оны
иеліктен шығаруды уақытша өтеулі жер пайдалану
құқығын сатып алған тұлғалар
ғана жүргізе алады.Жер пайдалану құқығын
иеліктен шығару және оны беру кезінде жер пайдаланушылардың
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өз бетінше өзгертуге
құқығы жоқ. Жер пайдаланушылардың:
ортақ пайдаланудағы, қорғаныс қажеттеріне
берілген, орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи -
мәдени мақсаттағы, қызметтік жер телімінің,
уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді
өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер
учаскілерінің, кепілге беруді қоспағанда, шаруа
қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін уақытша жер пайдалану
құқығымен берілген жер учаскілерінің, су
қорының жерінде жер пайдалану құқығын
иеліктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану
құқығына қатысты мәмілелер жасасуына жол
берілмейді [2].
Оралмандарға
өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу,
бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер
учаскілерін беру ауылдық елді мекендердің жерінен,
ауылшаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер
қорының, арнайы жер қорының жерінен және
босалқы жерден уақытша өтеусіз жер пайдалану
құқығымен жүзеге асырылады.
Оралмандарға тауарлы ауыл
шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскілерін беру
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер
қорының, иммиграциялық жер қорының жерінен
және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен
жүзеге асырылады.
Берілген жер учаскілері
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан
кейін кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда
олардың жеке меншігіне өтеді. Оралмандарға берілетін жер учаскілеріне Жер кодексінің 48-бабының
нормалары қолданылмайды[3, 31б].
Жер пайдалану құқығы
тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе
шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы
мүмкін. Жер кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген
негіздерден басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану
құқығынан айыруға болмайды.
Азаматтардың
бөтен жер учаскілерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның
ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті
коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы
және өзге де қажеттер үшін пайдалану
құқығы бар. Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген
жағдайларда меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе
жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін
мүдделі жеке және заңды тұлғаларға шектеулі
нысаналы пайдалану құқығымен беруге міндетті.
Бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы
пайдалану құқығы: тікелей нормативтік
құқықтық актіден, мүдделі
тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен
шартының негізінде, жергілікті атқарушы органның актісі
негізінде,сотшешімі негізінде, Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген өзге де жағдайларда туындауы
мүмкін.
Егер нормативтік
құқықтық актіде мүдделі
тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты
негізінде сервитут белгілеу көзделсе,олардың мұндай шарт
жасасудан немесе меншік иесі немесе жер пайдаланушы қоятын шарттың
талаптарынан бас тартуына мүдделі тартуына мүдделі
тұлға меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап – арыз
беруі арқылы сот тәртібімен дауласа алады.
Егер нормативтік
құқықтық актіде жергілікті атқарушы
органның актісі негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут
белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы
бұл актіге сот тәртібімен шағымдана алады.
Сервитутты тіркеу - егер жылжымайтын
мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының заң актісінде өзгеше
белгіленбесе құқық иесіне бөтен жер учаскесін
шектеулі нысаналы пайдалану құқығын беретін
сервитуттардың туындауы, өзгертілуі және тоқтатылуы
құқық кадастрында мемлекеттік тіркелуі тиіс. Сервитутты
тіркеу кезінде, сервитуттың туындауына негіз болған
құжаттарға осы сервитутты беруші
тұлға куәландырған, сервитуттың қолданылу
аясының шекарасы бейнеленген жер учаскесінің жоспары қоса
беріледі.Егер сервитут барлық жер учаскісіне қатысты болса, жер
учаскесінің жоспарын беру талап етілмейді. Нормативтік
құқықтық актілер негізінде туындайтын
сервитуттар, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке
құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес
тіркеу объектілері болып табылмайтын өзге де сервитуттар мемлекеттік
тіркеуге жатпайды.
Жер заңына енгізілген
жаңалықтар жер меншігі құқығы туралы
бұрынғы дәстүрлі мемлекет меншігі деген
ұғым ескірген, бүгінгі нарық жағдайында
жарамайды. Бұнымен қоса, бүгінгі күні жер
иеленудің жеке түрі маңызды болуда.
Қазақстан Республикасының
Жер кодексінің 79- бап 4
бөлімінде 2 -тармақшасында былай белгіленген: ауылшаруашылық
саласының жерлері жеке үй (қосалқы) шаруашылығын,
бақша отырғызу мен саяжай құрылыстарын дамыту
үшін тек қана Қазақстан Республикасы азаматтарына жеке
меншікке беріледі. Шетел азаматтарына және азаматтылығы жоқ
тұлғаларға ауылшаруашылық саласындағы жерлер тек
қана уақытша пайдалануға 10 жылға дейінгі мерзімге
жалға береді [4].
Ауылшаруашылықтың
кәсіпорындарына ауылшаруашылық өндірісін жүргізу
үшін жер жергілікті атқарушы органдар (жергілікті әкімшілік
басшысымен) заңда бекітілген көлемде және шектілікте
беріледі.
Сонымен қатар, жергілікті
атқарушы органдарымен жергілікті өкілеттік орган депутаттарынан,
жер қорының басқармасының аумақтық
органдар, сәулет және
қала құрылысы мен жергілікті өзін - өзі
басқару органдарының өкілдерінен құрылған
комиссияның қорытындысы негізінде жер беру туралы шешім
шығарылады. Жерге сәйкес құқық беру шешімі
жерде құрылыс жүргізу жобасы негізінде қабылданады.
Өтініш берушіге жерді пайдалану құқығы берілгені
туралы шешім көшірмесі шешімді қабылдау мезгілінен кейінгі 7
күн ішінде беріледі [4].
Жерді жалдау институты ақылы
құқықтық келісім болып табылады,
бұның мәні жер иеленуші өз жерін жалға беру деп
аталатын төлемге басқа тұлғаға пайдалануға
беруде.
Мемлекеттің немесе мемелекеттік жер
иеленушінің жерді жалға беру кезіндегі төлемнің негізгі
мөлшерлемесі ҚР-ның Үкіметімен бекітіледі. Мемлекеттік
емес жер иеленушілер қайталама жер иеленушіге жерін жалға беру
кезінде жерге төленетін төлемнің мөлшері, түрі
азаматтық заңнамадағыға сәйкес жалға беру
келісім - шарты негізінде анықталады.
Уақытша жерді пайдалану туралы келісім - шарт жалға беру
келісім – шарты түрінде жасалады (жалға алушымен).
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. «Қызметтiк жер үлесiне
құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн
бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 8 қыркүйектегі N 908 қаулысы. //Юрист анықтама жүйесі.
2.
«Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер
учаскелеріне құқық беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726
Қаулысы. //Юрист
анықтама жүйесі.
3. Стамқұлов А.С.
Стамқұлова А.А. Жер құқығы. Жалпы
бөлім. Алматы 2004ж.
4. Қазақстан
Республикасының Жер кодексі. 2003ж. 20 наурыз.