Технические
науки/12.Автоматизированные системы
управления на производстве.
Магистрант: Оразбаева А.О.
Ғылыми жетекші: Жаппарова А.К.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Тараз
Өндірістік арнайы
киімнің өзіндік стильдік ерекшелігі
Қазіргі
заманғы өнеркәсіптік кәсіпорындарда
ғылыми-техникалық прогресті дамыту, өндіріс саласындағы
қайта құру, жұмыс орындарындағы адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде адамның
жұмыс ортасының зиянды әсерінен қорғау үшін
арнайы киім дайындау және басқа да мәселелерді оңтайлы
шешу міндеті қойылды. Адамдарға зиянды және қауіпті
өндірістік факторлардың әсерін азайтудың қажетті
шарттарының бірі - арнайы киімдерді пайдалану болып табылады.
Өнеркәсіп немесе өндіріс орындарында қауіпті және
зиянды өндірістік факторлардың әсерін төмендету
және оның жоғары тиімділігі мен жұмысшылардың
денсаулығын сақтау үшін арнайы киімді әзірлеу
қажетті жағдайлардың бірі.
Елдегі гипс өнеркәсібінің дамуына байланысты арнайы киімді әзірлеу және дайындау маңызды рөл атқарады. Гипс өнеркәсібінде қызметкерлердің қауіпсіздігі мен олардың денсаулығының маңызы зор, себебі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі жоғары, сондықтан арнайы киімге қойылатын талаптарды әзірлеу және техникалық көрсеткіштерді ұтымды пайдалану, арнайы киімдерді ыңғайлы жасауға мүмкіндік береді және қорғаудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады.
Соңғы жылдары тұтынушылардың өндірістік арнайы киімнің қорғау, эксплутациялық және эстетикалық қасиеттеріне, сонымен қатар, кәсіпорындардың имиджіне деген қажеттілігі мен шарттары едәуір өсті[1],[2].
Өндірістік арнайы киім стилінің пайда болуының ең көп тараған себебі - кез-келген өндірістің қызметін ұйымдастыруға ұмтылуы. Әр өндіріс өзіндік шығармашылық өнім "келбетін" қалыптастыру қажеттілігіне мұқтаж. Бұл жоғары көркемдік деңгейде өнімнің сапасымен, қызмет көрсету деңгейімен және жарнамалық қызметінің көмегімен жасалады.
Өндірістің арнайы тапсырысымен жасалатын арнайы киім дизайнерлік, технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерімен ерекшеленеді [3]. Өндірістік арнайы киім - бұл матаның түсі, сапасы, өнімнің дизайны, өндірістің логотипі, фурнитуралар жиынтығымен ерекшеленетін өзіндік үлгі. Бұл үрдістің ажырамас бөлігі өндірістік арнайы киім жасау болып табылады. Өндірістік арнайы киімді әзірлеу барысында әдетте өндірістің киімдеріндегі түсі, атрибуттары және эмблемасы қолданылады. Алайда, бұл жағдайда пішін мен түстің орташа параметрлерін ескеретін шешімдер қабылданады. Арнайы киімдегі түстің мағынасы келесідей сипатталады [4]:1) Түстің пішінге әсері: түс жазықты үлестіруге ықпал етеді, киімнің жеке бөліктеріне (иініш, тізеқап, шынтаққап және т.б.) және графикалық сызықтар (костюмнің конструктивті шешіміне түсті сәнді сызықтар ерекше назар береді); әр түрлі түсте және фактурада материалдарды үйлестіру қолдануға болады, түс арқылы түзету мүмкіндігі, пішіннің пропорциялық және техникалық шешімдері, пішіннің бір немесе басқа элементін нақтылау.
2) Түстің адамның психикалық және эмоционалдық жағдайына әсер етуі: түстердің байланысуының арқасында пішіннің жеңілдігін немесе ауырлығын, суық және жылыуын әсерін байқауға болады; түс - ақпарат құралы сияқты: арнайы киім коммуникативті қызметтерді жүзеге асыратын киім түріне жатады, түс және өнеркәсіптік графика (эмблема) арнайы киімнің ақпараттылығын арттыру құралы ретінде қызмет етеді; еңбек мамандандыруының бөлінуі бойынша киімдегі шартты код түстерін енгізу, үнемі бір мағынада түсті қолдану (бас киім түсі, таңбалау жолағының түсі, төстегі немесе жеңдегі белгісі) еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіреді.
3) Түс ұйымдастыру құралы ретінде: түстерді пайдалану өндірісте арнайы киімді ерекшеленуіне мүмкіндік береді, оған еріксіз назар аударылады; бұл сары, қызыл және қызғылт түсті түстерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Аз байқалатын түстерге суық түстерді (көк) айтуға болады. Осындай түстерді қоршаған ортаны алаңдатпайтын жағдайда ғана пайдаланады; бұл ұсыныстар сәнді сызықтарының түстеріне, эмблема түсін шешуге, материалдарды үйлестіруге және таңдауда ескеріледі.
4) Түс эстетикалық ықпалы негізінде: түс күшті эстетикалық әсері бар көркем құрал болып табылады және өндіріс орындарындағы жағымсыз аспектілерін өтейді. Белгілі бір салалар, кәсіптер, жұмыс жағдайлары үшін функционалдық және эстетикалық талаптарды есепке ала отырып, арнайы киімнің кейбір түрлері түстік гамма мен өнеркәсіптік графика элементтері бойынша стандартталуы мүмкін. Арнайы киімде қолданылатын эмблемаға және басқа да графикалық элементтеріне нақты шешімдерді әзірлеу кезінде келесі мәселелерді ескеру керек [4]:- киімнің ең көп қарастыралатын бөлшектеріне эмблемаларды, жазбаларды орналастыру (жең, төс, арқа);- эмблеманының байқалуы оның конфигурациясына, масштабына, өлшеміне, орналасуына, түстік контрастына, фонына байланысты;- эмблеманың байқалуы адам қозғалысының сипатына және оның жұмыс үрдісіндегі жылдамдығына байланысты. Эмблеманың нақты шешімі сурет бойынша шындыққа және шартқа, қаріп ерекшелігіне негізделеді. Таңба мен эмблема өндірістің бірыңғай белгісі жүйесінде шешілуі қажет, яғни, өндірістің өзіндік стиль ерекшелігін көрсетуі. Арнайы киімге түстерді таңдап, оңтайлы шешімге келу үшін төмендегі ережелерді ескеру керек:
- арнайы киім жиынтығы бір түсте толығымен боялмауы керек, бұл тұтынушылылардың теріс қатынасын тудырады;- арнайы киімде екі немесе үш әр түрлі түс қолданылатын болса, бір түстің басым болғаны жөн. Ал, қара түстерді арнайы киімнің төменгі бөлігінде орналастыру қажет, ол силуэттің тұрақтылығын арттырады;- арнайы киімде түстік гамма сән үрдісін көрсету керек, яғни, әдемі және заманауи болуы. Сонымен қатар, ол утилитарлы және пайдаланушыға ыңғайлы болуы қажет. Сондықтан арнайы киімнің түсі органикалық түрде интерьерге сəйкес болуы, айналадағы ортаға үйлесуі керек. Арнайы киімде қолданылатын барлық түстер ашық емес, жұмсақ, тыныштандыратын болуы керек, өйткені өткір, қарама-қайшы түстер көзді тез шаршатады және еңбек өнімділігін төмендетеді. Ашық түстер тек эмблемаларда қолданылады. Кейде, әрине, арнайы киім қашықтықтан көрінуі үшін, оны ашық түстермен ерекшелеу қажет. Арнайы киімде қолданылатын түстік гамма кең емес - оларға көбінесе көк, жасыл, қоңыр, қызыл және бейтарап емес түстер жатады[5]. Адам өмірінің маңызды бөлігін өндіріске жұмсайтынын есте сақтау қажет, сондықтан ыңғайлы жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы киім жұмысқа деген қызығушылықты арттыру үшін қосымша ынталандыру болып табылады, сонымен қатар, арнайы киім өнімділік пен тиімділікті арттырады, ауруды, шаршауды және жарақаттануды азайтады, нәтижесінде ол елеулі әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді. Әдебиеттер тізімі: 1. Третьей городской научно — практической конференции «Наука - сервису города», ТГИС, в 2002 году в г. Тольятти.
2. Международной научно — практической конференции «Швейное производство: от научно технических разработок до инновационных пр4. 3. Зак И.С., Сизова Р.И., Козлов Б.А. База данных и компьютерная система для подготовки производства фирменной рабочей одежды // Швейная промышленность, 1998, №1, с.37-39.
оектов», МГУС, 12 - 14 октября 2002 года в г. Москва.
4. Романов В.Е. Системный подход к проектированию специальной одежды. М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981, 127с.
5. Филиппова И.М. Фирменный знак в формировании стиля предприятия / Художественное проектирование костюма: Межвузовский сб. науч. тр. М., 1992, с.23-24.