Технические
науки/12.Автоматизированные системы
управления на производстве.
Магистрант:
Ілесбай Қ.І.
Ғылыми
жетекші: Келесова У.С. э.ғ.к., доцент м.а.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Киім жобалауында қолданылатын көлем-кеңістік
пішін қалыптастыру әдістерін талдау
«Болашаққа бағдар: рухани
жанғыру» атты Елбасымыз, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың бағдарламалық
мақаласында қоғамдық сананы өзгерте отырып,
әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру
үшін басымдықтар мен нақты шешімдерді атап көрсетті.
Бұл мақсатқа жетудің ең бірінші бағыты
ретінде Елбасы қазақстандықтардың ұлттық
рухын көтеру деп қарастырады. Бұл өз кезегінде
түпнұсқалық ұлттық мәдениеттің
жандануынан, халықтың әдет-ғұрыпының,
салттарының, дәстүрлері мен мейрамдарының
сақталуынан тұрады. Отандық мәдениеттің
туындауының, өз халқының өткен тарихын білу -
ұлттық-генетикалық кодтың негізі болып табылады [1].
Киім жобалау барысында, стильдерді араластыруға, материалдарды
біріктіруге, киім дайындаудың және пішудің
дәстүрлі емес әдістерін қолдануға мүмкіндік
бере отырып, қазіргі заманғы сән дизайнерлердің
шығармашылық ойлары мен батыл идеяларын еш шектемейді.
Соңғы жылдардағы ең жарқын сән
бағыттарының бірі - ерекше мүсіндік нысан, жалпы бұйымдағы
және жеке элементтердегі бірегей көлемді құру (сурет 1).
Адам денесі бұл жағдайда көбінесе тек
«қаңқа» болып табылады.
Күрделі кеңістік формалы бұйымдарды жобалау барысында
бірқатар конструкторлық және технологиялық
қиындықтармен бетпе-бет келуге тура келеді -
қызықтыратын элементтерді дұрыс әзірлеу арқылы
эскизді жобалау, көлемді элементтің және бұйым
бетінің тіректі нүктелерін іздеу, ең көлемді
элементтің жаймасы.

Сурет . Заманауи киімдегі күрделі кеңістік пішін элементтері
Қиындықтардың осындай ауқымды тізбектерінің
бар болуына байланысты, жаңа әдістерді жасап шығару,
бұған дейінгі әдістерді жетілдіру және киім дайындау
барысына әртүрлі инновацияларды кірістіру ерекше өзекті болып
табылады. Осыған байланысты дизайнерлерге дайын бұйымға
қолданатын идеяларының жүзеге асуына
мүмкіншіліктердің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік
бере отырып, өндіріс процессін оңтайландыру жүреді [2].
Сән сипаттамаларын көре білу – киім жобалау саласындағы
әрбір маманның міндетті қасиеті. Белгілі бір
бұйымның сәнді бағытқа сәйкестігі
көзбен көру сезімі негізінде бағаланады. Көзбен
көру сезімі, өз кезегінде, бұйымның пішінін
қабылдаудан туындайды.
Осылайша, пішін – киімнің ең маңызды
қасиеттерінің бірі болып табылады. Киім пішінін, адамның
немесе манекеннің үстінде пайда болатын (тұтыну барысында),
көлем кеңістік жазықтығы ретінде түсіндіреді.
Пішіннің қасиеті оның құрамдас
бөліктерінің қасиеттерінен тұрады. Сондықтан
форманың қасиеттері мен оның элементтерінің
қасиеттері туралы айтылады. Киім пішіні функционалды (негізгі,
қосымша) және сәнді бөлшектерден тұрады [2].
Киімнің түрін сипаттауда, бұйымның
көлем-кеңістіктік композициясының қасиеттері және
оның бетінің сәндік дизайн ерекшеліктері ескеріледі
(түс, фактура, материалдардың суреті). Киімнің
көлем-кеңістік композициясы конструкторлық тірек ретінде адам
денесіне бағынышты. Пішін бетінің сәндік дизайны
адамның сыртқы түрінің түсіне сәйкес келуі
керек. Бұдан басқа, киім нысанына: киімнің тағайындалуы
мен түрі, оған сәйкес тұтыну және
технико-экономикалық талаптар, материалдың физикалық
және механикалық қасиеттері, сән және басқа
да факторлар әсер етеді.
Заманауи сән тұтынушыларға әр түрлі
тоқыма материалдардан сан алуан силуэттік және конструктивті
шешімдердің кең таңдауын ұсынады. Киім дизайн
теориясында көлемнің сәнді құрылымдық
параметрлері, сондай-ақ материалдардың икемділігін анықтайтын
пішін қалыптастыру жолдары субъективті түрде беріледі, бұл
сәнге қойылатын талаптарға сай жобаланған
өнімдерде бірқатар сәйкессіздіктерді тудырады. Сән
индустриясын шамадан тыс қанықтыру жағдайында және
сән өнімдерінің өмірлік циклын қысқартуына
орай, тұтынушылық пен өндірістік талаптарды ескере отырып
киім дизайны процесіндегі көркем-конструктивті және технологиялық
міндеттердің комплексті шешімдері мен жаңа тәсілдерін жасау
мәселесі ерекше өткір болды [3].
Қазіргі заманғы
киімдердің пішіндері күрделі және әртүрлі, оларды
жасап шығару тек монолитті нысанды белгілі бір геометриялық пішінге
бөліп қана қоймай, сонымен қатар жеке бөліктерде
пішін қалыптастыруы болып табылады. Пішілген киімдердің пішін
қалыптастыруы - оның материалының иілу деформациясының
әсерінен, созылу және кеңістіктік пішінді жасау үшін
ұнтақтау әсерінен көлемді формаларды құру
процесі. Бөлшектердің пішін қалыптастыру тәсілдері
бетінің конфигурациясына (ойыстық немесе дөңестік),
материалдар қасиеттеріне, сән бағытына және т.б.
байланысты болады. Бөлшектердің пішін қалыптастыруының
негізгі үш әдісі бар: конструкторлық (механикалық);
материалдардың пішін қалыптастыру қасиеттерін қолдану
арқылы (физико-механикалық) және аралас.
Конструкторлық әдіс кең таралған
және әмбебап тәсілдердің бірі болып табылады. Бұл
әдіс конструкциялық, материалдардың конструктивті
сәндік сызықтарға және бүкпелерге толық
немесе ішінара бөлінуіне байланысты бөліктердің көлемді
формасын қамтамасыз етеді [3].
Материалдардың пішін қалыптастыру
қасиеттерін (физико-механикалық) қолдана отырып пішін
қалыптастыру – бұл әдіс текстильді материалдардың
желілік құрылымына, бүрмелеуіне және жіптердің
иілуіне (түзулеу) байланысты көлемді пішін алуды қамтамасыз
етеді. Осы бұйымдарды өндіру үшін ұтымды материалдар
мен еңбек шығындарымен қатар, тұтыну барысында
төзімді шынайы, үйлесімді формаларын құру үшін
материалдар қасиеттерін дұрыс пайдалану қажет.
Материалдың желілік құрылымының
қозғалғыштығына байланысты пішін қалыптастыру
тоқылған материалдарымен бетінің иілуіне негізделген.
Олардың сыртқы күштердің әсерінен негіз
және арқау жіптерінен пайда болатын тікбұрышты
ұяшықтары, көлемді пішін алуға мүмкіндік беретін
параллелограммның пішініне енеді. Алынған көлемді
сақтап қалу үшін, бұйымның шеттеріне жиектер,
төсемдер несесе тігістер салу қажет, сондай-ақ тігістің
құрамына кіретін бөлшектердің бірі,
қондырылмаған болу керек.
Материалдардың түйрелу қасиетіне
байланысты көлемді пішін қалыптастыру, яғни, белгілі бір
кеңістік пішінді қабылдай отыра, матераилдардың
бүрмелерге, бүкпелерге иілу қасиеті. Берілген тәсілді
қолданудың шектеулері материалдардың қасиеттеріне
және сәндік бетіне байланысты болып келеді. Геометриялық
модельдердегі пішін қалыптастыру принциптері киімнің нақты
бөліктеріне де тән.
Жоғарыда көрсетілген факторлардан
басқа, пішін қалыптастыруға қабілетін анықтайтын
нақты материалдың қаттылығы, түйреуге
қабілеттілігі, сетінеуі және басқа да қасиеттері есепке
алыну қажет. Бұл әдісті тігістердегі ысыру және
жоғары бөліну қабілетін сипаттайтын материалдарда
қолдануға болмайды. Бұйым дайындау барысында бұл
әдіс еңбек қарқындылығын арттырады [4].
Талшықтардың пластикалық қасиетін
қолданып пішін қалыптастыру (физико-механикалық)
талшықтардың термопластикалық қасиеттеріне негізделген,
яғни, жылудың әсерінен, ылғалдың және
талшықтардың молекулалық құрылымына қысымы
арқылы талшықтардың көлемінің өзгеруі.
Пішін қалыптастырудың техникалық
құралдары:
– бөлшектердің бөліктері бойынша
деформацияларды жобалау және оларды ЫЖӨ көмегімен бекіту (жия
үтіктеу, созу);
– ЫЖӨ көбінесе жүн маталардан тігілетін
сырт киімдердің пішін қалыптастыру жұмыстары барысында
қолданылады, белгілі бөліктерге бөлінгенін (бүкпелер)
көрсетпес үшін қолданылады.
– негіз және арқау жіптерінің
арасындағы бұрыштың өзгеруі (мата бөлшектерін
және қолданыстағы күштерді жіптердің
бағытын ескере отырып, матаны кесу);
– қаңқалы элементтерді пайдалану
(иық төсеуіштері, пішінге
тұрақты төсемдер, жиектер және т.б.) [4].
Қазргі заманғы киімдердің пішін қалыптастыруында
барлық үш қарастырылған әдістердің тіркесі
болып табылатын аралас әдіс басым болып келеді. Бұл жағдайда
пішінді көбейтудің және тұтыну барысында оның
тұрақтылығының жоғары дәлдігіне қол
жеткізуге болады. Пішін қалыптастырудыі аралас әдісі бірнеше
әдістерді бір уақытта қолдануға негізделген.
Әдебиет
1.«Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы. «Егемен Қазақстан»
республикалық газеті. 2017ж.
2. Коблякова Е. Б..
Основы проектирования рациональных размеров и формы одежды. Москва. Легкая и
пищевая промышленность. 1984. С.33–34
3. Коблякова Е. Б., Ивлева
Г. С., Романов В. Е. и другие. Конструирование одежды с элементами САПР.
Учебник для вузов. Москва. Легпромбытиздат. 1988. С.84–85
4. Сайитова У. С., Нутфуллаева
Ш. Н., Нутфуллаева Л. Н., Алимов С. Р. Основные методы формообразования при
разработке моделей швейных изделий. Научный журнал «Молодой
ученый». — 2016. — №10. — С. 296-298.