экономика магистрі Абжанова Жауказын

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы

Жаһандану жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытуда агробизнестің экономикадағы ролі

 

Аграрлық саланының негізгі буыны – агробизнесті дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру нарықтық механизмді игерумен тікелей байланысты. Рыноктық қатынастың іске асуы ауылшаруашылығындағы меншік иелеріне негізделеді. Ауылшаруашылық мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінде өндірістік ресурстардан пайдалары бар шаруалар шаруашылықты өз беттерінше жүргізіп, еңбек нәтижесінің жемісін өздері көруге талпынады. Еліміздің аграрлық секторы дәл осы сатының бел ортасымен жылжуда. Негізінде, рыноктық жағдай ауылшаруашылығында жұмыс жасайтын агробизнестің өндірісін тиімді жүргізе отырып, дамуы рыноктағы баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, мемлекеттік қолдау, реттеу заңдылықтарын меңгеруге тікелей байланысты. Агробизнестің бір артықшылығы - өндіріске мамандануы, осыған сай алдыңғы қатарлы техника-технологияларды қолдануы, рынок коньюктурасының өзгерісіне тез бейімделе алуы. Сол себептен де, қазіргі кезде агробизнесті дамыту үшін олардың рынок механизмін игеруге барынша мүмкіндік жасалуы қажет.

Жер реформасын жүргізуде рыноктың экономика қағидаларының бірі ескерілмеді, атап айтқанда: жер құны бар маңызды өндіріс факторы ретінде қарастырылмады. Оны тиімді пайдаланудың экономикалық және құқықтық негіздері жасалмады. Ауылшаруашылық саласының басқа материалдық өндіріс саласынан негізгі айырмашылығы – жер басты өндіріс құралы, еңбек заты, еңбек құралы болып табылады, өндірістік күштердің даму деңгейі бірдей емес ауыл шаруашылық кәсіпорындарының типтері, тиімділігі де әртүрлі.

Экономикалық тұрақтандыру агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйесіндегі негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.

Шетелдердегі ауыл шаруашылығын қолдау шараларын неғұрлым толық талдай отырып, төмендегіше топтастырады:

1.          Өндірушілер табысын қорғау, келесідей тікелей мемлекеттік төлемдерді қамтиды:

       компенсациялық;

       стихиялы зардаптарға байланысты шығындар бойынша төлемдер;

       өндірісті қайта ұйымдастыру шығындары бойынша төлемдер;

2.          Мақсатты араласу, азық-түлік рыногына бірқатар әсер ету шараларын қарастырады:

-         ауыл шаруашылық өнімдеріне ішкі бағаны қолдау;

-         квоталар және тарифтерді белгілеу;

-         азық-түлік экспорты және импортыа салық белгілеу;

3.          Шығындарды компенсациялау. Бұл топ өндіріс құралдарын сатып алушы өндірушілерді субсидиялау бойынша шараларды қамтиды:

-         тыңайтқыштарды, улы химикаттар және жемдерді сатып алуға;

-         алынған несие бойынша транспорттық төлемге

-         мүлікті қауіпсізденіру бойынша төлемдер.

4.          Рыноктың дамуына ықпал ету. Бұл бөлімде топтастырылыған шаралар мемлекеттік қаржылардың мына мақсаттарға бөлінуін көрсетеді:

-         рыноктық бағдарламалары жасау және жүзеге асыру;

-         өнімді сақтауды, агроөнеркәсіптік кешеннің барлық түйіндеріне өнімді тасымылдау бойынша транспорттық жұмыстарды субсидиялау.

5.          Азық-түлік инфрақұрылымындамытуға ықпал ету мемлекеттік қаржылардың өндіріс тиімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, ұзақ мерзімді сипаттағы шараларды жүргізуге бөлінуін, соның ішінде мына субсидияларды қамтиды:

-         өндіріс орындарының құрылысы;

-         ирригационды жобаларды жүзеге асыру;

-         жерлерді рекультивациялау;

-         фермерлік бірлестіктердің дамуына ықпал ету.

Қабылданған жіктемеге сәйкес, бірінші топ АӨК-ді тікелей мемлекеттік субсидиялау шараларын, қалған топтар жанама субсидиялау шараларын қамтиды.

     Аграрлық өндірісті дамытуды әсіресе, өтпелі кезеңде реттеу, ауыл шаруашылық саласының бірқатар өзіндік ерекшеліктерін ескерусіз жүзеге аспайтындығын атап өту қажет.Олар:

-         табиғи-климаттық жағдайлардың күрделілігі және әркелкілігі, аграрлық өндірістің ерекше тәуелділігі;

-         ауылдың тауар өндірушілер табыстарының метео жағдайлар және рынок коньюктурасының ауытқуларына тәуелді тұрақсыздығы;

-         ауылшаруашылығы өндірісінің ресурспен жабдықтау және өңдеуші салалармен салыстырғанда монополиялануы;

-         табыстардың төмендігі және тұрақсыздығы, АӨК-ң инвесмтициялық тартымдылығын төмендетеді;

-         ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымның артта қалушылығы;

-         тез бұзылатын өнімдердің үлкен көлемі, арнайы сақтау орындарының қажеттілігін тудырады

-         аграрлық өнім рыногының үнемі қызмет етуі, азық-түлікті үнемі тұтынумен байланысты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Ковалев А.Е. и др. Научные основы формирования агрорынка Казахстана. Алматы. КазГОСИНТИ, 2009, С.21.

2 Сулейменов Ж.Ж. Управление аграрным сектором Казахстана в условиях рыночных отношений. А., 2011. - 219 б.

3 Әбділдин С. Агробизнесті ұйымдастыру. А.: ҚазҰАУ, 2011.-456 б.