Ауыл шаруашылығындағы Кластерлік дамудың ерекшеліктері
Тойшибекова Н.М.
М.Х. Дулати
атындағы ТарМУ
Ауыл
шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негізгі аспектілерінің
бірі азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолайлы климат туындату.
Міне осы мақсатта ауыл шаруашылығын дамытудың, біз үшін
дәстүрлі емес жолдарының (кластерлі дамыту) қажеттілігі
туындады.
Қазір бұл экономикасы жоғары
дамыған елдерде ғана емес, өтпелі және өспелі
экномикасы бар елдерде де қарапайым оқиға. Кластерлік
бастамалар өңір шегінде кластерлердің бәсекеге
қабілеттілігінің өсуін күшейту және
арттырудың ұйымдасқан қадамдарын білдіреді,
оларға кластерлерге кіретін компаниялар, үкімет және/немесе
ғылыми топтар қатысады.
Қазақстанда
кластерлердің туындауы олар еңбек өнімділігін
арттыратындығына байланысты, бұл, өз кезегінде,
компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Кластерлік
даму саласындағы бастамалар макроэкономикалық
тұрақтандыру, жекешелендіру, нарық ашу және
коммерциялық шығынды төмендету үшін бұрын
салынған күш-жігердің нәтижесінде мүмкін
болған Қазақстанның экономикалық саясатының
жаңа маңызды бағыты болып табылады. Кластерлік зерттеулер
нәтижелері бойынша туризм, жүк тасымалы, мұнай-газ
машиналарын жасау, тігін өнеркәсібі, тамақ
өнеркәсібі, металлугия және құрылыс материалдарын
шығару сияқты салалар мен кіші салаларда 7 пилоттық кластер
қалыптастыру перспективалы болып айқындалды. [2]
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2004
жылғы 19 наурыздағы Қазақстанхалқына Жолдауында
Республика Үкіметінің алдына келеcі міндет қойып былай деді:
«Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік
халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет. Соның
бір мысалы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола
алады.
Үкімет басшысы Даму
Банкінің жүйелі технологиялық тізбектермен байланысты жобаларды
кезең-кезеңімен қаржыландыру арқылы тоқыма
өнеркәсібінің дамуына кластерлік тұрғыдан
қарауын қолдайтынын білдірді.
Мемлекет
даму институттары арқылы қосылған құнның
технологиялық және экономикалық тізбегін (ҚҚТ)
дәйекті түрде дамыта отырып, бәсекеге қабілетті
өнімдерді жасайтын өндірістердің тұтас жүйесін
құруға бағдарланған жобаларға
қатысатын болады. Бұл бәсекеге қабілетті
өнімнің барлық параметріне жауап беретін түпкі
өнімге жүмыс істейтін көп салалы кәсіпорындарды
құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі
заманғы әлемдік практикада ҚҚТ ретінде
экономиканың салаларын қарауға негізделген даму стратегиясын
талдау мен пысықтау әдісі әзірленіп, кеңінен
қолданылуда.
Бұл
әдістің мәні әрбір саланы түпкі
өнімнің құнын дәйекті түрде қосатын
өндірістер тізбегі ретінде қарастыруға болатынында.
ҚҚТ
арқылы салаларды талдау әдістемесі ҚҚТ-да
қозғалыста болатын немесе басым болатын күштерге қарай
екі негізгі түрге бөлінеді. Осыған байланысты ҚҚТ
құрылымдық тұрғыдан тігінен-тік және
көлденең болып бөлінеді.
ҚҚТ-ның
тігінен-тік құрылымдарындағы экономикалық белсенділік,
әдетте, бір компнаия шеңберінде шоғырландырылған.
Мысалы, бір ғана компания шикізат шыарады, оны қайта
өңдейді, өздігінен қосалқы бөлшектер
шығарады және өнімдерді жинақтауды жүргізеді.
ҚҚТ-ның
көлденең құрылымдарында белсенділік көптеген
шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлінген: бір
компания өнімнің дизайнымен айналысады, басқалары
жинақтаушыларын жасайды, үшіншілері жинақтауды
жүргізеді.
Тұтастай
алғанда ҚҚТ-ға кім барынша ықпал ететін болса,
сол неғұрлым жоғары қосылған құн
алады.
Қазақстан жағдайында ҚҚТ тігінен-тік
құрылымының жарқын мысалы өзінің құрамында
руда өндірумен, оны байытумен, бастапқы және қайталама
металл, ілеспе элементтер (алтын, күміс, сирек жер металдары) жасаумен
айналысатын өндірістер бар «Қазақмыс» ААҚ және
«Қазмырыш» ААҚ болып табылады. Алайда ҚҚТ осымен
үзіліп қалады. Өнімді одан әрі өңдеу
аталған кәсіпорындар ресми түрде қатыспайтын
басқа елдердің компанияларында жүргізіледі, бұл олар
алатын қосылған құнды едәуір қысқартады.
Қазақстан Үкіметі салалық ҚҚТ-да
өз орнын табу мақсатында әлемдік және
өңірлік нарықтардағы зерттеулерді күшейтуі
қажет. Бұл міндет шикізат секторын да қоса алғанда,
әлемдік экономикаға кіруді нөлден бастауға тура
келетінімен қиындайды.
Бүкіл ҚҚТ өндірісін көтермелеудің
қажеті жоқ, неғұрлым жоғары қосылған
құны бар элементтерді ғана немесе әлемдік
нарықтарға шығуға және болашақта
неғұрлым жоғары қосылған құны бар
экономикалық белсенділікке қарай жылжуға мүмкіндік
беретін элементтерді ғана көтермелеу керек.
Белгілі американдық
ғалым Майкл Портер өзінің «Халықаралық
бәсекелестік» атты кітабында компьютер ғасырының белгісін
білдіретін «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген
түсінік енгізді. Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ)
ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да
ойдағыдай бәсекелесуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда
бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсас
нұсқадағы құрамалар пайда болады.
Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі
ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді,
тереңдейді, бірақ, олардың сондай-ақ, тарылуы да,
жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.
М. Портер ұлттық деңгейде
бәсекелестік түрлерін қоғамның экономикалық
дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік
жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық факторлар
және сол сияқтылар айқындаса, онда іс басқа, ал
инвестициялық мүдделер шешуші жағдайға айналса – ол бір
басқа, ал енді қозғаушы күш ретінде
жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталылық болса, онда іс тіпті
бір басқа. Кластерлер бәсекелік қабілеттіліктіартырудың
құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі
бәсеке жағдайларын анықтаудыңәдістемелік амалы
ретінде пайдалану керек екенін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда
және қандай кластерлер құруымыз керек екенін
анықтауға тиіспіз.
Кластерлердің пайда болу себептері
ұлттық артықшылықтардың себешілерімен тікелей
байланысты және олардың жүйелік сипатының
көрінісі болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара
нығайтушы қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге
қабілеттілігін жасауға көмектеседі. Мұндай сала
көбінесе өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып
алушы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы
саланың бәсекеге қабілеттілігінің өсуін
анықтаушы маңызды факторлар болып табылады. Бәсекеге
қабілетті жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті
тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік туғызады. Олар
екіншілерін технологиялармен қамтамасыз етеді, ортақ
өндірістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа
өндірушілерді туындатады. Кластер қалыптасқан кезде
оның құрамындағы барлық өндірістер
бір-біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік, пайда
байланысының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді
бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның
арқасында қосылған құн тізбесін өсіре
түседі. [1]
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені
ұлттық агроөнеркәсіп кешенінің ақырғы
дайын өнімдеріне жататындар: азық-түлік өнімдері, киім,
темекі бұйымдары.
Қазақстанның
агроөнеркәсіп кешенінде келесідей кластерлер дамуы мүмкін:
астық өңдеу жөніндегі, сүт өңдеу
жөніндегі, ет өңдеу жөніндегі кластерлер.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі
болып саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны
өңдейтінжәне жүнді өндейтін кластерлер
өркендеуі мүмкін. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені
шеңберінде тігін бұйымдарының кластері және тері мен
аяқкиім өндіру жөніндегі кластер құрудың
мүмкіндігін қарастыруға болады.
Аграрлық рынокты кластерлі
реттеудің басты элементтері болып табылатындар:
-
ауыл
шаруашылық тауар өндірушілердің табыстарын қолдау
рыноктық бағаларды қалыпты шаруашылық қызметте
жалғастырудың мүмкін болмай қалуы деңгейіне дейін
төмендеп кететін жағдайларда болады;
-
рыноктық
инфроқұрылымның дамуына әрекет ету;
-
салалық
және салаішілік айырбастардың негізгі қатынастарын реттеу;
-
азық-
түлік рыногында қалыпты бәсеке ортасының болуына
жағдай жасау, ауыл шаруашылық өніміне бағаларды
және аграрлық өндірістің салыстырмалы
тұрақты деңгейін ұстап тұру;
-
отандық
товар өндірушілерге қатысты протекционистік саясатты жүргізу
және экспортты қолдау.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық
өндірушілерін мемлекеттік қолдау қабылданатын
шешімдердің деңгейіне сай мемлекеттік бюджет, аймақтық
бюджет және жергілікті бюджет қорының есебінен
жүргізіледі. Мұндай қолдау көрсету механизмінің
өмірге енуі әлі алда.
Тікелей мемлекеттік қолдау ең
алдымен ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін
ынталандыруға бағытталуы керек және оның
механизмдерінің ауыл шаруашылық өндірушілері үшін
түсінікті ұйымдастырылуы қажет. [3]
Мұның бәрі сайып
келгенде, Қазақстан Республикасының азық-
түліктік қауіпсіздігін және отандық АӨК
жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету
үшін бағытталған мемлекеттік протекционизмнің екі
бағыты туралы айтуға итермелейді:
1)
жағдайды
тұрақтандыру, отандық ауыл шаруашылық
өнімінің санын және сапасын арттыру мақсатында
АӨК мемлекеттік көмек көрсету, рыноктың
тұрақты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;
2)
қазақстандық
товар өндірушілерді, сыртқы рынок жағынан болатын берегейсіз
бәсекеден қорғау.
Жергілікті атқарушы органдардың
кластерлік бастамаларды іске асырудағы рөлі өңірлерде
мыналарға жәрдем көрсету және жағдай жасау болып
табылады:
жеке меншік сектор тарапынан бастамалар
болмаған жағдайда кластерді дамытуға бастамашылық жасау
(маркетингтік зерттеулер жүргізу, кластерлерге әлеуетті
қатысушылар арасында диалог орнату және т.б.);
кластерге әлеуетті қатысушылар: өндірушілер, берушілер, сервистік
компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу
орындары, реттеуші органдар және қаржы институттары) арасында
өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді үйлестіруші
тетіктерді құру (мысалы, үйлестіруші кеңестер);
кластерлік даму үшін қамтамасыз ететін
инфрақұрылым қалыптастыру және дамыту: өндірістік
және қома үй-жайларын, кіреберіс жолдары,
көлік-логистикалық тораптар қалыптастыру, кластерлерді
дамытуды қамтамасыз ететін инженерлік желілер мен басқа да объектілері
бар жер учаскелерін беру.
Әдебиеттер