э.ғ.к.
Оразова Б.Б., магистр Оңгарова Г.
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қолайлы кәсіпкерлік
климатты жасау бойынша мемлекеттік саясат, барлық шаруашылық етуші
субьектілер үшін бәсекенің тең шарттарын
қалыптастыру мәселесін шешуге жүйелік тәсілдемені
қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің даму
жолындағы ақталмаған әкімшілік бөгеулерді жоюы
қажет, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің бір
реттік күшейтілуінде, тұрақты және айқын «ойын
ережелерін» (жалпықұқықтық, жалпы
экономикалық, мүліктік, жер) құру бөлігінде,
шаруашылық қызметке мемлекеттің тікеле араласуының
жалпы шектеуі, бұл жұмыс күшінің жұмысспен
қамтылуына және облыстың шаруашылық кешенінің
қайта құрылымдық құрылуына, шағын
кәсіпкерлік әсерінің артуына алып келеді.
Саясаттың
қалыптасуының негізін қалаушы болып, саяси және
экономикалық факторлар болып табылады. Саяси өзгерістер шағын
кәсіпорын қажеттілігіне, нарықтағы жағдайларда
сұраныс пен ұсыныс бойынша заңнаманың өзгерісі
(салық режимі, әлеуметтік сақтандыру жүйесі)
аймақта және елдегі белгілі бір саяси климатты орнатуды
құру, макроэкономикалық параметрлерді реттеу арқылы
әсер етеді. Биліктің
іс-әрекеттердің келіспеушілігінің қолайлы
нұсқасын таба алмауы, әртүрлі билік тараулары арасында
саяси және экономикалық күйзеліске немесе әскери
дағдарысқа алып келеді. Бұл елде болып жатқан
экономикалық процестерге теріс әсер етеді және
нарықтың қалыптасуында өзімен негативті зардабын алып
келеді. Конституциялық жағдайға байланысты: «Әрбір адам
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өзінің мүлігін
кез-келген заңды кәсіпкерлік қызметке еркін пайдалану
құқығы бар» делінген.
Сондықтан, мемлекет кәсіпкерлік қызметтің
еркіндігіне кепіл береді және оның қорғауы мен
қолдауын қамтамасыз етеді.
ШОБ дамуы мен қолдауындағы
тым әрекетшіл шараларды, макроэкономикалық саясаттағы
мемлекетпен жүргізілетін шаралар арасында, 2003-2015 жылдарға
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық
Стратегиясына негізделген, бұл соңында ҚР 2010-2015
жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық
дамуының Стратегиясы және 2030 жылдарға дейінгі кезеңде
ҚР даму Стратегиясына алмастырылып, бұл соңында 2012 жылы
2050 стратегиясына ауыстырылды. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР
Заңы жарыққа шығып, ол шағын, орта, ірі
кәсіпкерліктің қызметтерін шектейді және сондай
ақ, кәсіпкерлердің құқықтары мен
міндеттерін анықтайды.
«Даму» Қоры –
Қазақстанның кәсіпкерлігін қолдау
іс-шараларының интеграторы
және негізгі операторы ретіндегі ұлттық институт, бұл
қаржылық және қаржылық емес қолдау
құралдары бойынша, шағын және орта бизнестің
субьектілеріне ауқымды спектрін ұсына алады.
Шағын және орта
кәсіпкерлік бизнес субьектілерінің жеңілдікті несиелік
ресурстарға мүмкіндігін кеңейту үшін «Даму»
Қорымен шағын және орта бизнесті қолдаудың келесі
қаржылық құралдар әзірленді:
ü Франчайзингтің
дамуы. Бағдарламаның мақсаты –ұлттық және
шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың табысты моделін
қайталау жолымен өзінің қызметін жүзеге асыратын,
шағын және орта кәсіпкерлікті инвестициялық
қолдау;
ü Шағын және
орта бизнес несиелерін кепілдендіру бағдарламасы. Бағдарлама
мақсаты – несие ресурстарына тең мүмкіндікті қамтамасыз
ету және олардың кеңейту мақсатымен екінші
деңгейлі банкттер алдында міндеттемелерді орындау бойынша, дара
кепілдікті ұсыну жолымен шағын және орта бизнес субьектілерін
қолдау;
ü Аймақтардағы
қаржыландырудың нүктелі бағдарламалары. Бағдарлама мақсаты – жеке
аумақтық бірліктерде немесе аймақ үшін салаларда басымдықты, жобаны қаржыландыру
жолымен шағын және орта бизнесті дамыту және
қолдаудың аймақтық бағдарламаларын жүзеге
асырудың тиімділігін арттыру.
ü Лизингтік компанияларда
айтулы орналастыру Бағдарламасы. Бағдарлама мақсаты- лизингтік келісімдерді жеңілдікпен
қаржыландыру жолымен экономиканың
басымдықты салаларында шағын және орта бизнестің
негізгі құралдарын модернизациялау және ұлғайту
мүмкіндігін қамтамасыз ету;
ü Пайыздық
мөлшерді субсидиялау бағдарламасы. Бағдарлама мақсаты –
байнктік қарыздар бойынша пайыздарды төлеуде, экономиканың
басымды салаларында олардың шығындарын төмендету жолымен
жобаларды жүзеге асыратын, шағын және орта
кәсіпкерліктің субьектілерін қолдау;
ü Жергілікті атқарушы
органдардың қаражаттарының қатысуымен
аймақтардағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау.
Бағдарлама мақсаты –банктік қарыздар бойынша есептелінген,
пайыздарды төлеу бойынша олардың шығындарын төмендету жолымен шағын
және орта бизнес субьектілерін дамыту және қолдаудың аймақтық
бағдарламаларын жүзеге асыру тиімділігін арттыру;
ü Қордың
кепілдігіне шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің
несие портфелінің секьюриттеу. Бағдарлама мақсаты –
шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеудің келесі
көлемдерін арттыру мақсатымен, активтермен қамтылған,
бағалы қағаздардың шығарылу жолымен
қаржыландыруды тарту.
ҚР –да микронесиелеу
секторының институционалды дамуы бойынша мемлекеттік саясатты
жүзеге асыру сақсатында, «Даму» Қорымен
минроқаржылық сектордың дамуы бойынша бірқатар
іс-шаралар әзірленді:
ü Микрокредитті
ұйымдардың атауды
қаржыландырылуы (ары қарай МКҰ). Бағдарлама
мақсаты - екінші деңгейлі
банктің ұйымдастырушылық-техникалық
мүмкіндіктерін тарту жолымен МКҰ үшін жеңілдікті
құралдарға жеткізудің оперативтілігі және
тиімділігін арттыру;
ü Ссудалық портфелді
қамтамасыз етудегі МКҰ тікелей қаржыландырылуы.
Бағдарлама, кепілдік қамтамасыз етуді ұсынумен байланысты
мәселелері бар, МКҰ-на бағытталған;
ü Кезекті МКҰ
қорландыруында АПЕКС-тік қорда қаражаттарды орналастыру.
АПЕКС-ті құру мақсаты болып несиелік ресурстар және
басқа да ресурстар есебінен қатысушылардың жеке қаражаттарын
шоғырландыру, МКҰ үшін мемлекеттің бөлген
қаржылық құралдарын алу, кезекті МКҰ арасында
шетелдік инвесторлардан қаржыландыруды қабылдауда, МКҰ
қажеттілігін қамтамасыз ету;
ü МКҰ-ның
қаржылық емес қолдауы келесі бағыттар бойынша
жүргізіледі: МКҰ қызметінің әлемдік стандарттар
көрсеткішін ендіру; МКҰ қызметімен берілгендер талдауы
және жинақтауды қалыптастыру; МКҰ үшін бағдарламалық қамтамасыз
етуді ендіру және әзірлеу; микрокредиттеу мүмкіндіктері
туралы тұрғындардың ақпараттандыруын жоғарлату
және микронесиелеу жүйесіне қатысушылардың біліктілігін
жоғарлату және оқыту; МКҰ үшін ұлттық
блокты құру.
Жоғарыда
айтылған барлық бағдарламалар кешенді сипатқа ие,
өзара толықтырылып, бір-бірін күшейтіп отырады.
ü Бұл саладағы
өкілетті мемелкеттік орган болып Қазақстан
Республикасының, Табиғи монополияларды реттеу және
шағын бәсекені қорғау, бизнесті қолдау
жөніндегі агенттік болып табылады, ол:
ü шағын
кәсіпкерліктің дамуы мен қолдауын қамтамасыз ететін,
нормативті – құқықтық актілерді Үкіметке
ұсынып, әзірлейді;
ü шағын
кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аясында
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
ü республика
аймақтарында шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының
дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайды;
ü шағын
кәсіпкерлік аясында кадрлардың біліктілігін жоғарлату
және даярлау, қайта даярлау жүйесінің дамуын
қамтамасыз етеді;
ü кәсіпкерлердің
құқығын қорғауға
бағытталған, заңнаманы сақтауға бақылау
жүргізеді;
ü шағын
кәсіпкерліктің дамуына қатысты, берілген органдардың
сұрақтары бойынша қызметтік тұлғаларды
тыңдаумен мемлекеттік органдарды тексеруді жүзеге асырады;
ü шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау
сұрақтары бойынша, заңнаманы бұзуға
мүмкіндік беретін, шарттар мен себептерді жоюға жасалған
іс-шаралар жөнінде Президентті және ҚР Үкіметін
ақпараттандырады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Большие заботы малого бизнеса // Человек и труд.-2007.-№9.-с.84-91
2.
Брагина Е. Малый бизнес. Состояние и перспективы // Свободная мысль.-2011.-№2.-89
с.
3.
Организация малого предприятия // Человек и труд. 2007.-№2.-с.71