САЛЫҚ ЖҮЙЕСlНдегі  көлеңкелі мәселелер
және онымен күресудің жолдары

 

Еркебалаева В.З. – э.ғ.к., доцент

Алишева А. – 2 курс магистранты, ҚИПХДУ, Шымкент қ., ҚР

 

Қазақстан Республикасының салық жүйесі өкiнiшке орай экономиксы дамыған өркениеттi елдерде қалыптасқан салық жүйесінен әлi де қашықтау. Мүмкiн ол отандық салық жүйесінiң жылдар бойы қалыптасып, даму тапқан дамыған мемлекеттердiң салық жүйесімен салыстырмалы түрде алғандағы жастығымен байланысты болар. Қалай болғанда да салық жүйесі қызметiнде әлi де шешiмiн табуды қажет ететiн проблемалардың бар болуы толғандырады. Солардың iшiнде күрделi және қиын шешiлетiн проблемалардың бiрi салық төлеуден жалтару болып отыр.

Салықты төлеуден жалтару, оның проблемалары мен шешiмдерi: салықтан қашу, салықтан жалтару, салықтан жасырыну, салықты айналып өту, салықтық оңтайлану, салықтық жоспарлау - дәл осы түсiнiктер бұрынғы экономика жүйесінiң бұзылып, жаңа салық жүйесінiң қалыптасуын бiлдiретiн құбылыс. 

Табыстарға салық салу бойынша жалтарудың неғұрлым сипатты әдiсi өндiрiс немесе айналыс шығындарын арттыру арқылы табыстардың мөлшерiн азайту болып табылады; материалдық шығындарды жалған баға бойынша сатып алынғанына сiлтеме жасау немесе тiкелей жалған есеп-қисап құжаттарын жасау жолымен өнiмнiң өзiндiк құнына жазады. Осылайша амортизациялық аударымдардың сомасын жоғарылату мақсатымен жабдықтың және басқа негiзгi құралдардың құны көтерiлуi мүмкiн.

Табысқа салық салудан жалтарудың тараған әдiсi кәсiпкерлiк қызметтен түскен түсiм ақшаны кемiтiп көрсету және жасырып қалу болып табылады. Бұл құқықбұзушылық қиын анықталады, өйткенi нағыз түсiм-ақшаны анықтау үшiн тексерiлiп отырған төлеушiнiң тауарының қозғалысымен байланыстырылатын шоттары мүмкiн көптеген баспа-бас айырбас пен өзге де шаруашылық – қаржы операцияларын толық компьютерлендiрiлмеуi бұзушылықты айқындауға көп уақытты қажет етедi.

Сонымен, салық төлеуден жалтару (қашу) дегенiмiз - салық, жинақтар және басқада төлемдер түрiндегi бюджетке мiндеттi төлемдердiң мөлшерiн төмендетуге немесе мүлдем жоюға бағытталған салық төлеушiлердiң мақсатты бағытталған iс-әрекеттерi.

Салықтық жоспарлау дегенiмiз - кәсiпорынның салықтық мiндеттемесiн төмендетуге бағытталған iс-әрекеттердiң бiрыңғай жүйесін құрайтын операциялардың жиынтығы. Олар әдетте ұзақ мерзiмге жасалады (бiрнеше есептi кезеңдер). Салықтық жоспарлаудан гөрi салықтан айналып өту көп жағдайда салықты минимумдауды бiр мезетте, бiр уақытта орындалуын қамтиды.

Қай мемлекетте болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Үкiметiмiздiң алдында тұрған мiндет ол тұрақты қабылданған заңдардың негiзiнде қаржы жүйесін тез арада қалпына келтiрiп, ондағы салық арқылы  түсетiн түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс бөлiнуiн қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тұжырымға келемiз. Олар кәсiпкерлiкке деген ынтаны тежеу механизмi болып келмей, керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етудiң  қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесін жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принциптерді естен шығармауымыз қажет.

Әрине, мемлекет бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады. Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әртүрлi болып келедi.

Мемлекеттiң экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралды тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Себебi нарық қатынастары жағдайындағы барлық басқару тетiгi қаржыға тәуелдi. Бюджет толық болса, әлеуметтiк инфрақұрылымдарды да дамыту мүмкiндiгi туады. Бюджеттiк мекемелер жалақысы мен әлеуметтiк жәрдемақы уақтылы берiледi, денсаулық, бiлiм беру мәдениет салалары қаржыландырылып, тағы басқа құралдар арқылы дами бастайды. Мемлекеттiң салықтық бақылау қызметiнiң өзектi мәселелерi экономикадағы құрылымдық өзгерiстерге, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру мәселелерiне осыған сәйкес құқық жүйесіндегi реформаларға тәуелдiлiк жағдайында туындап отырады.

Экономикадағы, әлеуметтiк саладағы екпiндi процестер, қаржы-несие жүйесінiң, бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру қызметтерiнiң дамуы, билiк деңгейлерiнiң арасындағы құқықтық және бюджеттiк қатынастардың өзгеруi, Қазақстан экономикасын әлемдiк экономикаға енуi - осылардың барлығы бара-бар салық саясатын жүргiзудi, салық жүйесіне және оның заңдық негiзiне елеулi өзгерiстердi енгiзудi талап етедi.

         

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl

 

1.     Қазақстан Республикасынық Салық Кодексi. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы. 2014ж. Алматы;

2.     Қаржы оқу құралы. Қулпыбаев. Алматы – 2000ж.

3.     Еркебалаева В.З. Салық және салық салу. – Шымкент. 2008ж.

4.     Оңтүстiк Қазақстан облысының 2000-2012жж. статистикалық мәлiметтерi