Нуржумаев М.Т., Смагулова А.М.

 

Центрально-азиятский технико-экономический колледж, преподаватель Алматы г., Қазақстан

 Педагогический университет Центрального Китая, магистрант

Ухань г., КНР

e-mail: nur.max84@list.ru, anelya2727@mail.ru

 

ҚХР-ДЫҢ ӘСКЕРИ МОДЕРНИЗАЦИЯ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

         Аннотация: Мақалада Қытай Халық Республикасының әскери стратегиясының бірнеше кезеңдерден өту жолдары мен қытай әскерінің модернизациялану жүйесі қарастырылады. Сонымен қатар модернизация жетістіртері мен ұстанған стратегиялары арқылы көздеген мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктері талданады.

      Түйін сөздер: әскер, модернизация, стратегия, концепция, Цзянь Цзэминь.

 

 Елдің әскери қорғау жүйесін бағалау – қиын жұмыстардың бірі болып табылады, оның құрамында көптеген компоненттердің сараптамалары жинақталған. Біріншіден, қазіргі  уақытта деструктивтік күштің болмауы бағаланады, яғни, қорғаныс жүйесінің өмірлік маңызы бар басты объектілерінің қызығушылығына қауіп төнуі.

 Екіншіден, қорғаныс субъектілеріне байланысты әскери қауіптерден сақтану жүйесі. Бір жағынан шын мәнінде төнген қауіпті болжау және олардың алдын-алу  жұмыстарын іске асыру маңызды іс болып табылады. Ал екінші жағынан – қауіптің төнуін ең бастапқы кезеңінде болжау және оны қатерлі жағдайға дейін әкелуін болдырмау.

Үшіншіден, жалпы қарулы күштің жағдайы бағаланады. Яғни, олардың шын мәнінде әскери қауіп төндіру мүмкіндігін жою, басқаша айтқанда төтеп беруі.

Әскери стратегияны өзгерту туралы 1990 жылдардағы  Әскери кеңестің  ОҚ ҚКП төрағасы Дэн Сяопиннің Қытай қарулы күштері модернизациясының әскери доктринасы Мао Цзэдуннің «Ұлттық соғыс» концепциясына негізделген. Бұл концепцияның көздегені, үздіксіз әскердің іс-әрекеті міндетті түрде партизандық соғыспен толықтырылуы қажет. Осыдан, Қытайдың барлық халқы әскери дайындықтан өтіп, мобилизацияға дайын болуы тиіс. ҚХР-дің әрбір азаматы сарбаз ретінде, ал бүкіл ел  бірлескен әскер лагері болып қарастырылады.

Мао Цзэдунның ойынша, «Ұлттық соғысты» еңгізудің ең бір әсерлі әдістерінің бірі қарсыластарының жаулап алған территорияларында кең партизандық қозғалыс жүргізу, тіпті ҚХАӘ жеңіліс тапса да, ол «қарсыласты елдің ішкі түпкіріне алдап әкелу» атты стратегиялық принципін  ұсынды. Бұдан былай біртіндеп олардың әскерін бөлу, қоршауға алу, көзін жою немесе күшті партизандық төтеп беруді ұйымдастыруды қарастырды.       

Осыдан Мао Цзэдуннің екінші негізгі принципі шығады, яғни әскери әрекеттерде әскери күштерді көптеп қолдану. Қытай Мемлекеті сол жылдары қыруар көп әскерін асырау, үнемі әскери дайындықта болуын және халықты одан әрі қаруландыруға бағытталды. Басқаша айтқанда, Қытай әскерінен санмен соғысу талап етілді.    

Мао Цзэдун концепциясының үшінші ерекшелігі – Қытайға қарсы соғыстың болған жағдайында да, оның геополитикалық қарсыластарына қарсы ядролық қаруға ие болуы мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Мао Цзэдуннің ойынша, атом және сутегі бомбаларын, спутниктер мен баллистикалы континентаралық ракеталар мейлінше меңгерілсе, Қытай үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Осыдан біз, біріншіден қарулы күштерді модернизациялауды елемеуін және шын мәнісінде репрессиялық аппараттың құрылымды элементке айналдырғанын байқаймыз. Мао Цзэдун негізінде ядролық қауіп пен күдікті мақсаттарға миллиондаған ақша жұмсаудан қашқақтайтын.

Ең соңғы, Мао Цзэдун стратегиясының төртінші ерекшелігі екі постулаттар негізінде болды: «Винтовка билік тудырады» және «Партия винтовканы басқарады; винтовка партияны басқаруы мүмкін емес». Бұл стратагемалар бүгінгі күнге дейін қолданыста.

Жалпы әскери доктрина дегеніміз – мемлекетте қабылданған, өмірге деген көзқарастардың жүйесі, мақсаттары, әскери әрекеттердің болашақтағы орны, халықты және қарулы күшті оған дайындауы. Жалпы, әскери доктрина қарулы дауды шеше алмаған жағдайда нені және қалай істеу керек екендігін реттейді. Әскери доктрина үнемі болашаққа ұмтылады. Ол мәңгі болатын ереже емес, ол үнемі өзгерісте болтын үрдіс.

Әскери доктринада: әлемдегі жалпы жағдай, мемлекеттін әлемдегі орны; мемлекетке төнер  шынайы және потенциалды қауіптің көрінуі, сонымен қатар болашақ соғыстың жалпы жағдайымен оны қамтамасыз етуі жолдары анықталады. Сондай-ақ әскери доктрина мемлекет көздеген политикалық мақсаттарға жетуде әскери күшті қолданатындығын әлемдік қоғамға ашық, нақты жариялаған. Әскери доктрина елдегі әскери ұйымдарға кіретін, күнделікті басқару мен құрылымдардың ресми-құқықтық қисыны болып табылады.

ҚХР-дың әскери стратегиясы өз тарихында бірнеше кезеңдерден өтті: алғашқы кезде ол ядролық әлемдік соғысқа бағытталды (Мао Цзэдуннің кезінде), содан соң – әдеттегі қаруды қолданатын  жергілікті соғыстар (1980 жылдың басы -  1990 жыл) аралығында. Бүгінгі таңда ақпараттандыру мен жоғарғы сапалы технологияларды қолдана отырып жергілікті соғыстарға дайындалу болып табылады ( 1990 жылдан қазіргі уақытқа дейін).

Осы ұстанымдарға байланысты ҚХР-дың әскери доктринасы өзгеріп отырды, ол «Ақ кітаптар» атты  Қытайдың ұлттық қорғаныс туралы кітабында толық жазылған. Бірінші үш басылымында (1998, 2000 және 2002 ж.ж.) Цзян Цзэминнің басқарған ұлттық қорғаныс пен әскери құрылым мәселелерінің тұжырымдамасын көруге болады. Төртінші басылымда ( 2004 ж.) ОӘС ҚКП–да төрағалықтан кеткен, алайда сол уақытта ОӘС ҚХР-да басшылық еткен Цзян Цзэмин мен «төртінші тұқым» басшысы арасындағы ымыра көрініс табады. Соңғы баслымы ( 2006 ж.) – Ху Цзиньтаоның ұлттық қорғаныс пен әскери құрылымның мәселелеріне деген көзқарасынан тұрады.

Осы басылымдарды салыстыру XXI ғ. ҚХР әскери доктринасының эволюциясын ғана емес, «төртінші тұқымды» басқарушылардың арасындағы концептуалды айырмашылығын, сонымен қатар қарулы күшті модернизацияландырудағы жолын байқай аламыз.

Ең басты мәселе – Қытай  қандай мақсаттарға қол жеткізу үшін өзінің қарулы күшін модернизациялайды және қандай бағытта «басты соққыны» қолдануы мүмкіндігі туралы сұрағы бұрынғыдай ашық қалды.

Бұл сұраққа жауапты әскери-саяси тұрақтылықтар да, ҚХАӘ-ны модернизациялауға бағытталған сараптамалар да бермейді. ҚХР-дың әскери-политикалық басшылығының  жаңа шешімі алға тартарлықтай бағытталған жақын арада жаугерлік қозғалыстар жоспарда жоқ, ал оның  «жаңа жүзжылдықтағы жаңа кезеңде» атты тапсырмасы «...егемендікті нық қорғау, елдің қауіпсіздігі мен аумағының тұтастығын сақтау, бар күшін елді қорғауға жұмсауды» көздейді.

Ол туралы ресми әскери-саяси құжаттарда да ашық жазылған: «ХАӘ жаңа ғасырдағы жаңа кезеңде  өзінің тарихи тапсырмасын орындауы тиіс. Ол тапсырысының мәні ХАӘ өте маңызды күш ретінде шығуы, ҚКП басшылығының позициясын нығайту, ұлттық дамудың стратегиялық мүмкіндігіне сенімді кепіл беру, ұлттық қызығушылықтар мен жалпы дамуға стратегиялық қолдау көрсету».

Қаруландырылған күштің алдына қойған екі мақсаты бар екендігін анықтай аламыз. Біріншіден, биліктің тірек рөлін атқару, ішкі саяси тұрақтылықты қолдау. Екіншіден, әлеуетті қарсыластың айқынсыздығымен, ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы қауіптерден сақтауына кепіл беруі.

Бірінші мақсат нақты көрсетілген. ҚХР-да әскер әрқашан да өзара ішкі міндеттерді орындады, биліктің тірек рөлін ғана атқара қоймай, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың құралы ретінде болды. Мүмкін, әлеуметтік даулардың өсуін, сонымен қатар әлеуметтік-саяси және экономикалық мәселелердің белгісіздігін ескере отырсақ, ҚХАӘ-нің бұл қызметі  болашақта одан әрі маңызды болуы мүмкін.

Осыдан, Қытайдың қазіргі басшылығындағы, ҚХАӘ-нің кадрлық құрам жағдайына үлкен көңіл бөлінуін байқаймыз. Бұл институт ҚКП-ның қадағалауында. ҚХАӘ-ні  қорғаныс күшімен бірге елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа кепіл беретін ең күшті институт болып есептелінеді.

Екінші мақсаттың жағдайы қиынырақ. Әскери-саяси құжаттарға сүйене келетін болсақ, Қытай ешбір елмен соғыс жағдайын туғызатын ойы жоқ, керісінше, ҚХАӘ-нің өсіп келе жатқан күшін «дүниежүзілік тыныштыққа» қолдануға дайын екендігін байқаймыз. Осы оймен бәсекелесу мүмкін емес. ҚХР-дың әскери доктринасының негізі болып келмейтін «белсенді қорғаныс» концепциясы, ҚХАӘ-нің басты мақсаты соғыс қауіпін алдын алу немесе жергілікті соғыста жеңіске ие болуға, ҚХР-дың басшылығымен өткізілетін сыртқы саясаты да басқа шешім қабылдауға негіз болмайды.

Алайда, бір жағынан бұл Қытайдың әскери доктринасының өзгеруін де, ҚХАӘ-нің модернизациялануын да түсіндірмейді. 15-20 жыл бұрын ҚХАӘ-нің жаугерлік дайындығының дәрежесі мен заманауи қарулардың түрімен жабдықтау дәрежесі сол кездегі елдерден төмен болған. Қытай соңғы жылдары аймақтағы ең күшті әскер екендігін ғана емес,  құрылымы мен құрамы жағынан да ең күшті екендігін айқын көрсетуде.

1990 жылдардағы басталған ҚХАӘ-нің модернизациясының процесі жай кездейсоқтық болған жоқ, ҚХР-дың билігі әскери стратегияға байланысты позициясын қайта қарауға алатындай, әлемде бір жағдай болды. Цзян Цзэминнің пікірі бойынша «Шөл даладағы дауыл» атты операциясы, ҚХАӘ-нің билігі ҚХР-дың әскері басқа ілгерілтілген әскерлермен салыстырғанда 20 жылға артта қалған, егер ұзақ мерзімдік реформаларды іске асырмаса, одан да көп жылға артта қалуы мүмкін деген деректі растаған.

Бүгінгі таңда ҚХАӘ жергілікті соғыстарда ақпараттандыру мен жоғарғы технологияларды қолдану арқылы жеңіске жетуге бағытталған бірнеше стратегияларды пайдаланады.

Осы жағдайларды есепке ала отырып ҚХАӘ-нің модернизациясының бағытын және жаңа оперативті доктриналардың пайда болуын анықтады.

Қолдағы бар мәліметтерге сүйене отырып, 2003 жылы ОК ҚКП және ОӘС ҚХР «соғыстың үш әдісін енгізу» (саньчжун чжань-фа) атты концепциясын мақұлдады, оның мақсаты жеңіске жетудің контактсіз әдісін қолдану. Оның құрамында үш әдіс бар. Олар:  психологиялық соғыс (насихатты, алдаушылық әрекетті, қоқан-лоқы көрсетуді, қарсыластың зейінің төмендету әрекеттерін қолдану); медия соғысы ( көпшіліктің пікіріне әсер ету, ҚХР-дың азаматтарынан және әлемдік одақтан қолдау алу); заңды соғыс (Қытайдың әскери әрекеттері саяси салдарын, ұлттық және халықаралық құқықтың қолдауын пайдалану). Сонымен қатар, Батыстан үнемі келетін кінәларды ескере отырып, Қытай көптеген жетістіктерге жетті, осыған  кибер аядағы соғысты жатқызуға болады.

«Ақ кітапта» Қытайдың ұлттық қорғанысы туралы сыртқы қауіпсіздіктің айбаты баяндалған. Соңғыларының арасында – Пентагонның барлық құжаттарында Қытай АҚШ-тың әскери құрамында  доминанттық орынды алғысы келеді, 2005 жылдың шілде айында «Қазақстанмен стратегиялық байланысты орнату мен дамыту туралы келісімшарт» декларациясына қол қойылып, ортаазиялық мұнайгаз «ойынына» түсіп, Қытай Орта Азияны өзінің стратегиялық қызығушылығы ретінде қарастыратындығын айтты. Тағы бір мазалайтын мәселе, АҚШ Орталық Азиямен қатынасын үзген кезде, Қытай өзін қалай көрсетеді, және сол кезде Ресеймен қарым-қатынасы аса маңызды болмауы мүмкін. Бүгінгі таңда Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынас пәк, таза болып көрінсе, шын мәнінде тиянақты мәселелер баршылық. Қазір Қытай АҚШ-пен тура конфортацияға түспей, Ресейге аймақтағы «бірінші скрипка» атты рөлді бөлді, алайда, баспасөз беттерінде Орталық Азияда Ресейлік мұнай компаниялары көп делінген. Осындай көзқарасты Қытайға қатысты ресейлік баспасөз беттерінен да байқауға болады.

Әдебиеттер:

1. Цзян Цзэминь. Лунь ю чжунго тэсэ шэхуйчжуи – б. 451.

2. Дэн Сяопин. Қазіргі Қытайдың басты мәселелері. – б. 100–101.

3. Қ.: Каменнов П. ҚХР саяси политикасы. – б. 10–11.

4. Қытайдың ұлттық қорғанысы 2004 жыл. – б. 1.

5. Қ.: Жэньминь жибао. – 2005, 25 қараша

6. Қытайдың ұлттық қорғанысы 2004 жыл. – б. 4.

 

References

1.Czyan Czemin. Lun u zhongguo tese shehuizheyi – p. 451

2. Den Syaopin. Kazirgi Kytaidyn maseleleri.- p. 100-101.

3. K.: Kamennov P. KHR sayasi politikasy.- p.10-11.

4. Kytaidyn ulttyk korganasy 2004 zhyl.- ,p.1.

5. K.: Zhenmin zhibao.- 2005, 25 karasha

6.Kytaidyn ulttyk korganysy 2004 zhyl. – p.4.